Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет14/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
МК-Лекция

Жедел жады. ДК-дің негізгі жады оперативті және тұрақты жадтан құрастырылған. Оперативті жад немесе жедел жад және тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс барысында мәлімет алмасып отырады. Өңдеуге тиісті мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан жедел жадқа көшіріледі. Осы мезетте компьютердің жедел жадында өңдеуге тиісті мәліметтер мен программалар сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылады. Ақпарат жедел жадта тек жұмыс сеансы кезінде ғана сақталады.
Компьютердің негізгі жадысы екі логикалық аймаққа бөлінеді: алғашқы 1024 Кбайт ұяшықта тікелей мекенжайы көрсетілген жад және кеңейтілген жад. Кеңейтілген жад ұяшықтарына жету үшін арнайы программалар қолданылады, олар кеңейтілген жад көлемін толық пайдалану мүмкіндігін береді, оларды драйверлер деп атаймыз.
Программалардың өте шапшаң істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны КЭШ-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік роль атқарып, жалпы жұмыс өнімділігін арттырады. Процессорға дерек керек болғанда, ол бірден кэш-жадқа ұсынады, егер одан табылмаса ол оперативтік жадтан ізделінеді. Сондықтан кэш-жад көлемі неғұрлым үлкен болса, процессор соғұрлым жылдам жұмыс жасайды.
Кэш-жадты бірнеше деңгейге бөледі. Бірінші деңгейдегі кэштің көлемі оншақты Кбайт, ол процессор кристалында орналасады. Екінші деңгейдегі кэшті процессор кристалында немесе сол торапта орналастырады. Бірінші, екінші деңгейдегі кэш процессор ядросының жиілігімен келіскен жиілікте жұмыс жасайды. Үшінші деңгейдегі кэш-жадын SRAM типті жедел орындалатын микросхемамен орындап аналық тақшасында процессор жанында орналастырады. Оның көлемі бірнеше Мбайт болуы мүмкін. Процессор арифметикалық құрылғы мен басқару қондырғыларынан тұрады. Арифметикалық құрылғы арифметикалық және логикалық амалдарды орындайтын регистрлерден құралады. ЭЕМ-нің жадында әр түрлі ақпарат нөмірленген ұяларда сақталады. Ұяда бір әріп, бір сан не бір таңба сақталады.
Дербес компьютер (ДК) құрамында деректерді өңдеу үрдісін қамтамасыз ететін арнайы функцияларды орындайтын түрлі бөліктері бар. Бұл бөліктерді орталық және шеткері (перифериялық) құрылғылар деп атайды.
Компьютердің перифериялық құрылғыларының қызметі өте күрделі, бірақ та соның ішінде екі негізгісін атап өтуге болады: ақпараттарды түрлі мәлімет жинақтауышта сақтау және сыртқы құрылғының атқаратын функциясына сәйкес өңдеу.Компьютердің перифериялық құрылғылары ретінде сыртқы жадты және енгізу-шығару құрылғыларын қабылдайды.
Ақпарат пен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғылар болып пернелік тақта, тышқан және сканер және т.б. есептеледі.
Ақпараттарды шығарушы құрылғылар: принтер, график сызғыштар, плоттерлер.
Визуалды ақпараттарды (текст, сандар, грфикалық ақпараттар және т.б.) бейнелейтін құрылғы: дисплей немесе монитор.
ДК-дің барлық функционалдық құрылғылары арасындағы байланыс интерфейс арқылы орнатылады. Интерфейс дегеніміз-осы құрылғыларды бір ережеге негіздеп байланыстыратын тәсілдер мен әрекетер жиыны. Процессорды шеткері құрылғылармен байланыстыру арнайы құрылғы адаптер арқылы жүзеге асады. Осы арналар арқылы ДК-дің жеке бөліктерінің арасында ақпарат алмасу үрдісі іске асады. ДК құрылғыларының өзара әсерлесу мүмкіндігін қамтамасыз етуші жалпы арна - жүйелік шина деп аталады.
IBM PC компьютерлері бүгінгі күні өте кең тараған (сонымен қатар басқа фирмалар компьютерлері де баршылық, мысалы APPLE фирмасының Macintosh).Бұл компьютердің негізгі ерекшелігі ретінде оның “ашық архитектура” принціпін айтуға болады, яғни компьютер бір тұтас монолит емес, жеке бөліктер мен түйіндерден тұрады. Компьютердің кез келген түйінін басқалармен алмастыруға, қосымша түйіндерді жалғастыруға болады.
Сонымен IBM PC компьютерлерін мынадай негізгі бөліктерден тұрады дейміз:
1. Жүйелік блок (тік немесе жатық қорапшада орналасады);
2. Енгізу құрылғысы (пернелік тақта);
3. Монитор;
Жүйелік блок-компьютердің негізгі құрылғысы, себебі оны ішінде ДК-дің басты құрылғылары орналасқан. Олар: микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы, енгізу –шығару порттары, дискідегі мәлімет жинақтауыш және қосымша құрылғылар: модем, CD дискісіне арналған дискқозғағыш, дыбыс, желілік платалар, стример және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет