Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, п.ғ. к., АйымМасимбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы



жүктеу 68.92 Kb.
Дата14.07.2016
өлшемі68.92 Kb.
Мариям Көккөзова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, п.ғ.к.,

АйымМасимбаева,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы.

Мемлекеттік тілдің ұлылығы
Егеменді алған уақыттан бері қазақ мемлекеттік тіл саясаты өзінің даму тарихында маңызды роль атқарып қана қоймады, ұлттық тілдің ішкі әлеуетіне үлкен өзгеріс әкелді, сондай-ақ сыртқы факторларда бұл үдерісті тез дамытты.

Қазақ тілі – қазақ мемлекетінің тілі. Бізге шетелден келген оралмандар Қазақстан жеріне аяқ басқан сәттен бастап, қарым-қатынас тілін «қазақ тілі» деп емес орыс тілі деп түсініп қалатын жағдайлар да кездеседі. Қазақ жеріне келгенін білсе де, қай елдің тілінде сөйлейтінін түсінбей қалады.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасына 1 млн-ға жуық этникалық топтар келген. Бұлардың 800 мыңы көші-қон комитетінің тізіміне енгендері болса, құжатсыз тіркелмегендері де кездесіп қалатынын айта кету керек. Қытай, Монғолиядан, Германиядан келген қазақтар орыс тілін білмейді.

Қазақ тілінің басқа да тілдер сияқты көкейтесті проблемалары баршылық. Қазақ тілінің табиғи нормасы мен ереже арқылы қалыптанған нормаларының арасында үлкен талас тудыратын өзгеріске түсіп жатқан тұстары аз емес. Қазақ ұлттық әдеби тілінің нормалары тарихи өзгермелі құбылыс. Қазақ ұлттық әдеби тілдің нормаларының өлшем шарттарын жетік біліп, оны тілдік заңдылық ұстанымдарына негіздеу бүгінгі қазақ сөз сөйлеу мәдениетінің межесін толық танып білуге мүмкіндік береді.

Қазақ сөз мәдениетін көтеру, функционалды стильдердің қоғамның әр аясындағы стилистикалық мүмкіндіктерін дұрыс жүзеге асыру – қазіргі қазақ еліне келген оралман қазақтардың еншісіне де тиесілі.

Қазақ тілінің бай сөздік қоры бар, синонимдік қатарлары мол, ұлттық тіл әлеуетінің күштілігі тілдік норма мен варианттылық мәселесін анықтауда қиындық тудырады. Тілдегі өзгерістер әсіресе, фонетика, лексика, грамматика саласына қатысты алып қарағанда тілдің сыртқы факторларына тікелей тәуелді болып келеді. Әсіресе, егемендік алған жылдардан бергі уақыттағы қоғамның әлеуметтік ахуалы, идеология, ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілінің дамуына үлкен ықпал етті. Басқа елден келген оралман қазақтар, шетел азаматтары да тілдің лексика саласына үлкен өзгеріс енгізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетінде шетелден келген қазақтарды алғашқы қазақ мемлекеттік тілінде оқытуға арналған дайындық курстары өтеді.

Егемендік алған жылдардан бергі кезеңдерде ұлттық әдеби тілдің нормалану үдерісінде әлеуетті сөздер нормативтік қордың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді. Ұлттық әдеби тілдің нормативтік қорына келіп жатқан сөздер тобын осы дайындық курсына келген оралман-студенттер де толықтыруға септігін тигізді. Атап айтқанда, қазақ ұлттық әдеби тілдің қорына жаңа сөздер бір тұлғамен мағыналары бөлек, екі-үш ұғымды білдіретін немесе бір ұғымды екі үш тұлғамен атау сияқты лексикалық варианттар көптеп кездеседі. Лексикалық варианттар болсын тілдегі сырттан келген қазақ жастарының сөздері қазақ ұлттық әдеби тілдің нормалануында жиі ұшырасатын ең әлеуетті факторларының бірі – қолдану жиілігіне тікелей байланысты болып келелді. Лексикалық фактор оның сапалық қасиеттері, тілдік айналым саласына ену үдерістері қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық өзгерістерге тікелей байланысты болатыны белгілі.

Таяу және алыс шетелдерде жүрген қазақ диаспоралары өз ұлт өкілінің дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, ұлттық тілін сақтаушылар. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, Қытайда 1.500.000 қазақ ұлтының өкілдері қоныстанған. Өз Отанынан алыста жүрген қазақтар этникалық сәйкестілікті сақтап қалған. Жанұя, неке, этникалық бірлестік, мәдениет-этникалық сәйкестілікті сақтауға тікелей ықпал ететін факторлардың бірі. Ұлттық ментальдылықты сақтау олардың елге оралғаннан кейінгі өмірінің қажеттілігін қамтамасыз ететін басты факторлар екенін шет елде жүрген қазақ өкілдерін айтуға болады. Кез келген қазақ диаспорасы өкілдерінің тілдік жағдайының ахуалы оңай емес. Олар шетелде 3 алфавитті оқып өседі: біріншісі – өздері өмір сүрген мемлекеттің алфавиті, екіншісі – сол мемлекетте басымдылық көрсететін тілдің алфавиті, үшіншісі – шет елдерде жүрген қазақ ұлтының өз тілінің алфавиті. Мысалы: Қытай мен Ирандағы қазақтар араб графикасын пайдаланады, Түркиядағы қазақтар латын, ал ТМД елдеріндегі қазақтар – кириллицияны қолданады. Бұл феномен шетелдегі қазақтардың жақындасу үдерісін қиындатады.

Қазақ диаспорасының елге оралғанннан кейінгі ең басты қажеттілік туған тілді сақтау және дамыту әрі толық ұлттық әдеби тіл нормасында қолдану қызметіне жағдай жасау. Оралмандарды қазақ тілінде бүгінгі мәдени коммуникацияда сөйлету үшін интенсивті оқыту әдісін жетілдіруді басшылыққа алу керек. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, жеделдете оқыту – оқытудың алғашқы ең қиын кезеңдері болып саналады. Оралман өзі білетін туған тіліндегі бірліктердің мағынасын қайта ойлау ағынында қайта өңдеп шығады. Бұл бірінші сөйлеу актісінде көрінеді. Бұл бірінші диалог – қарым-қатынасында көрінеді. Әрине, олар диалогтық қарым-қатынасы күнделікті тұрмыстағы ауызекі сөйлеу тілімен қалыптастырады. Өздері келген елдің тілінің тональдық, интонациялық ерекшеліктерін сақтай отырып, өздерінің отбасы қарым-қатынасындағы сөздерімен сөйлейді. Бірақ ұлттық тілден қол үзген олар әрбір сөздің мәнін, стильдік реңкін, стилистикалық баланстарын, мәдени құрылымын жоғалтып алады, осы қиыншылықтарды жеңу үшін интенсивті оқытудың көмегі көп тиеді.



Ауызекі сөйлеу тілінің базалық модельдерімен сөйлейтін оралмандар өздері өмір сүріп отырған халықтың тілінің доминанттық роль атқаратынын айта кету керек. Сондықтан оралман студенттерді туған тілдің мәнмәтіндік мәдени сабақтастығын қайталап оқытып, үйретуден бастау керек. Оралман студенттерді қазақ тілін таратушы ретінде қазақ тілді тілдік тұлға ретінде тану керек. Мысалы, оралман-студентпен диалог құруда оралманның сөйлеу интонациясындағы «жат жұрттық» элементті жою керек. Бұл біріншіден алғашқы сөйлеу қарым-қатынасында кездесетін орфоэпиялық нормаларды меңгерту, орфоэпияның қолданбалы сала екендігі жалпыға ортақ ережеге сүйену міндетін басшылыққа алу көзделінеді. Оралмандардың сөйлеу кезінде өздері өмір сүрген ортаның сөйлеу дағдысын сақтап сөйлейтіндіктен, жалпы ұлттық әдеби тілдің орфоэпиялық норма талабын үйрету керек. Қазақ сөздерін сөйлеу актісінде дұрыс дыбыстау, жазу түрінде дыбыстатпай, ұлттық тілдің табиғи тазалығын сақтап, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтап сөйлеуге дағдыландыру. Қазақ тілінің үндестік заңына бағындырып сөйлету керек. Жазу мен сөзді норма тұрғысынан дұрыс қалыптастыру сөз сөйлеу мәдениетінің негізгі алғышарттары болады. Орфоэпиялық нормаларды үйрену ерекшелігі оқу, жаттау, айтып жаттығу үлгілері арқылы үйретіледі. Оралман студенттерге көп қиыншылық келтіретін нәрсе – орыс кириллицияны білмеу. Бүгінгі қазақ тілінің мәдениетін көтеруде таңбалардың орфографиялық нормаға сай жазуға дағды, іскерлік іске үйрету басты міндет болып саналады. Жазу мәдениетінің өзіне тән қиыншылықтары мен қол жеткізген теориялық-тәжірибелік мәселелері баршылық. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады: бас әріптердің қолдануы, жеке дыбыстардың белгілі тәртіппен таңбалануы, тасымал тәртібі, сызықша, дефисті бірізділікпен қою, бөлек, бірге жазылатын сөздердің емлесін қатаң сақтау жазудың негізгі мәселелері болып табылады. Қазіргі қазақ тілінің мемлекет ішіндегі шешімін таппай келе жатқан көкейкесті мәселелердің бастылары да осылар. Сондықтан оралман студенттерге осы жазу мәселесінің күрделі болатыны белгілі. Мысалы, сарымай, қаракөже, бесқарағай сияқты сөздерді буын жазылуының мәнін анықтағыш сөздіктеріндегі реестр арқылы түсіндіруге болады. Кейбір біріккен сөздерді күрделі сөздерден ажырата отырып, жаздырып үйрету басшылыққа алынады. Мысалы, елтаңба, көкбауыр, ораманан сияқты сөздер терминдеу сипатынан бірге жазылатындығын біріккен, күрделі сөздердің бір жүйеге түскен ереже, анықтамалары арқылы түсіндіріледі. Оралмандар тілінде ұлттық тілдің әдеби нормаға сай келетін, нормаға үйлеспейтін қатарлар тобына жататын лексикалық варианттар көп кездеседі. Фонетикалық орфограммалық тұлғалар да көптеп кездеседі. Ұлттық тілде араб, парсы тілінен енген жарыспа варианттар ауызша және жазбаша тілде қатар қолданылатын түрліше фонетикалық варианттар кездесетін қатарларға жататын ғадет, әділ, хақиқат, әпкіш, жозы т.б. сөздер жиі ұшырасады. Бұндай сөздер оралманның сөздік қорында де кездесіп отырады. Оралмандар тіліндегі ауызекі, тұрмыстық, функционалдық жағынан қолданыста жиі ұшырасатын фразеологизмдер, мақал-мәтелдер мағынасы түсінікті, ұлттық тілде түпнұсқаның этимоны бар. Мысалы, көзайым болу, тура жол, алмай мойын т.б.

Қытай, Ираннан келген қазақ оралмандарының тілінде ежелгі мәдениетаралық, сауда, ғылым, дінге қатысты сөздер ұлттық тілдегі дәстүрлі стереотиппен ұқсас, тек дыбыстық өзгешеліктермен ғана ерекшеленеді. Оралман қазақтардың ата тегі өз ұлтының тілді таратушы өкілі болғандықтан әрі түпкі негізі ұлттық нәрімен сусындағандықтан олардың тілінде қазақ ұлттық тілінің лексикалық қоры сақталған. Түпкі тамырластық, мәдени кеңістіктегі ұқсастықтарды білдіретін сөздердің айырмашылықтары анық байқалмайды. Мысалы, дінге қатысты атауларды алайық: «егер Алла қаласа», «бәрекелді», «астапыралла», «алла жазса», «алла кешірім етсе» т.б. сөздер таза ұлттық тіл табиғатынан еш айырмашылығы жоқ, сондықтан олар ұлттық тілдің бүгінгі сөз мәдениетіне толық меңгеріліп отырады.

Оралман қазақтардың тілінде кейбір лексикалық бірліктер мүлдем басқаша айтылады. Мысалы: орамал-лүңгі, қасық-қалақ, дастархан-ас-жаулық, кіші той, тілеу, байпақ-ұйық, картошка-бәренкі, сумка-боқша, сарымсақ-сәрміз, балкон-саялық, таяқ-сақпы, шөкпі, жылан-абақай, сырға-салпыншақ т.б.

Кез келген ұлт тілінің көркем сөз бұлағының бастауы саналатын, даналық ұғымды білдіретін мақалдар мен мәтелдердің негізі барлық халықта ұқсас. Түркі елдеріне ортақ, аталар сөзінің асқақ ой, кемел тұжырым жасайтын мақал-мәтел – оралман қазақтардың тілінде кеңінен сақталған. Қазақ тілінде қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен даналық сөздерді өз дәстүрінің барша өміршең ассоциасиясы ретінде оралман қазақтар өз тілдік қолданысында толық сақтаған. Сирек қолданылатын, бірақ мәні мен мазмұны ата-бабаларымыздың өзекті идеясынан туындайтын, мағынасы терең мақалдар олардың үлкен байлығы. Мысалы, «қашпақ-қонбақ ерге сын, көшпек-қонбақ елге сын», «қарғаның қуанышына ортақ болғанша, бүркіттің қайғысына ортақ бол», «көз нұрдың ұясы, көңіл сырдың ұясы», «қара жер – қарайғаның бәрін жер», «айдан айдың райы басқа, адамнан адамның шырайы басқа», «өнерлі қол – бақытқа жол», «байлаулы арыстанды бала да, қоян да тебеді», «мысықтың аузында без жатпайды», «апат жылы – жау құтырар, жұт жылы – даулы құтырар» т.б. Ата-бабадан рухани мұра болып келе жатқан тілдің сөз асылдары оралман қазақтар тілінде көненің көзі, тарихтың өзі болып сақталған.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет