Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет49/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
МК-Лекция

Қолданылған әдебиеттер:
[1], [4], [7], [25], [34], [33].


Бақылау сұрақтары:
1. Бағдарламалау тілдерін атаңыз.
2. Обьектіге бағытталған тілдерге қандай тілдер жатады?
3.Қарапайым және құрылымды операторлары.
4.Деректерді енгізу-шығару.
5.Деректер түрлері және оларды өңдеу
6. Бағдарламалау этаптары
7. Бағдарламалау орталары


Глоссарий
Тіл - бұл таңбалар тізбегінен құрылатын бағдарламаны жазуға қажет ережелер жиыны.
Редактор- бұл бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламадан құрылған таңбалық файл болатын алғашқы файлды құру және өзгерту үшін қажет саймандық құрал.
Компилятор- алғашқы файлдағы таңбаларды нақты компьютер үшін машиналық кодтағы командалардан құрылған объектілік модульге аударады.
Кітапхана - кітапхана деп аталатын объектілік файлдар жиынтығын қолдайды.


Дәріс №25-26. Графикалық редакторлар


Дәріс мақсаты: Графика, графикалық редакторлар туралы, қарапайым түстік модельдер туралы мағлұмат беру.
Кілттік сөздер: графика, түстер, векторлық, расторлық, түстік модель, графикалық редактор.
Жоспары:
1 Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы
2 Қарапайым түс моделдері: rgb, hsb, cmyk
3 Видеоақпаратты шығару құрылғысы
4 Графикалық редакторлар


1 Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы

Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы. Компьютерлік графика – бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың кескіндерін құруға, сақтауға және өңдеуге арналған информатиканың бір бөлімі, яғни бұл бөлім компьютерде әртүрлі кескіндерді (суреттерді,сызбаларды, мультипликацияларды) жасау мәселелерімен айналысады.


Компьютерлік графикада келесі есептер қарастырылады:
 Компьютерлік графикада кескіндерді ұсыну;
 Кескінді көрсетуге дайындау;
 Кескіндерді құру;
 Кескіндермен әрекеттер жасау.
Компьютерлік графиканың үш түрі бар. Бұл растрлік графика, векторлық графика және фрактальдық графика. Олар кескіндерді экранда бейнелеуді құрастыру немесе баспаға басу принциптерімен ажыратылады.
Растрлік әдіс – кескін боялған нүктелер жиынтығы түрінде ұсынылады. Растрлік графиканы электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық баспаларды жасауда қолданады. Ол үшін көбінесе суретшілермен, фотографтармен дайындалған иллюстрациялардың сканирлері қолданылады. Соңғы кездері растрлік кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фото және видеокамералар кең қолданыс тапты.
Интернетте әзірше тек растрлік иллюстрациялар қолданылады.
Векторлық әдіс–бұл кескінді доғалар, кесінділер және т.б. түрінде бейнелейтін әдіс. Вектор – бұл белгілі бір обьектіні сипаттайтын деректер жиыны. Векторлық графикамен жұмыс істейтін бағдарламалық құралдар алдымен иллюстрацияларды құруға және оларды өңдеуге арналған. Мұндай құралдар жарнамалық агенттікте, дизайндық бюрода, редакцияда және баспаларда кең қолданылады. Шрифтерді және қарапайым геометриялық элементтерді қолдануға негізделген безендіру жұмыстарын векторлық графика құралдарымен жасау анағұрлым қарапайым.
Фрактальды графикамен жұмыс істеуге қажет бағдарламалық құралдар кескіндерді математикалық есептеулер арқылы автоматты түрде генерациялауға арналған. Фрактальды көркем композицияларды құру сурет салу немесе безендіруден емес, бағдарламалаудан тұрады. Фрактальды графика, векторлы сияқты – есептеуші, бірақ одан айырмашылығы, ешқандай обьектілер компьютер жадында сақталмайды. Кескіндер теңдеу бойынша (немесе теңдеулер жүйесі) бойынша жасалады, сондықтан формуладан басқа ештеңені сақтау қажет емес.
Теңдеудегі коэффициенттерді өзгерту арқылы мүлде басқа суретті алуға болады. Фрактальды графиканың тірі табиғат образдарын есептеу жолымен моделдеу мүмкіндігі ерекше суреттерді автоматы генерациялау үшін жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет