Жауабы: 7.Д 8.В.1.9.С.10.В 11.В
Лекция №6 «Абай жолы» роман-эпопеясы
«Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан
өткендей болады. 3. Қабдол.
«Абай жолы» роман-эпопеясы-қазақ халқының жарты ғасырлық өмірінің энциклопедиясы. Қ. Сәтпаев
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы ақынның ғажайып тұлғасын сомдап, қазақ халқының тұрмыс-салты мен бай дәстүрін әлемге паш етті. Жазушы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазардан бұрын Абайдың тұңғыш шығармалар жинағын құрастырып, текстологиялық жұмыстар атқаруы мен Абай өмірбаянының төрт нұсқасын жазу арқылы айтарлықтай қор жасап алған еді. Ұлылықтың үлгісін пайымдаған, ұзақ жылдарға созылған терең ізденістің арқасында қат-қабат шырғалаңдардан адаспай тура жол тауып, ұлы мақсаттан ауытқымаған зор шығармашылық қажыр-қайраттың нәтижесінде дүниеге келген төрт томдық эпопея дүние жүзі әдебиетінің көркін асырып, кемел төрінен орын алды. Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді. Жазушы әрбір роман құрылысын негізгі кейіпкерлерінің жан-дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін өзгертіп алып отырады. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді. Романда қазақтың ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі жарты ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өмірі, рухани мәдениеті, діни наным-сенімдері, әрқилы әдет-ғұрыптары, салт-саналары жан-жақты суреттеледі. Жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай өмір сүрген дәуірдің сипатын, халық тағдырын, оның күресі мен ілгері ұмтылысын зор көркемдікпен ашты. Сол кездегі қазақ өмірінің шындығына жазушы дана ақынның көзімен, ой-санасымен және қырағы болжампаздығымен қарады. Абай өміріне қатысты жазба деректердің жетімсіздігі де жазушыға қиындық туғызбай қойған жоқ. Абай заманының сан түрлі сырын, Абай төңірегіндегі тартыстарды, көшелі кісілердің сөздерін Мұхтарға жеткізген – даланың жезтаңдай қарттары еді. Бұл орайда Көкбайды, Қатпа, Баймағамбет, Әрхамды айтуға болады. Абай мінезін, сырларын жеткізген жары – Әйгерім. Романда сан алуан көркем ойлар, сарындар, кемел образдар бар. Қазақ өміріндегі толып жатқан әдет-ғұрыптың ішінде міндетті түрде орындалатыны адамның шаңырақ көтеруіне қатысты салттар: құда түсу, қыз айттыру, ұрын бару, қыз ұзату, келін түсіру тойлары екені даусыз. «Абай жолы» эпопеясында осындай дәстүрлі ғұрыптардың бәрі де шебер суреттеледі. Мәселен, Құнанбай Қарқаралы дуанына аға сұлтан болып сайланғаннан кейін, оның Алшынбаймен достығы құдалыққа ұласқан еді. Атақты Қаздауысты Қазыбек бидің шөбересі Алшынбайдың Түсібінің қызы Ділдәні Құнанбай Абайға он жыл бұрын айттырып, қалыңмалына қыруар жылқы, түйе айдатқан болатын. Енді қыз, күйеу оң-солын танысымен Құнанбай баласын қайындатып, Абайды Алшынбай ауылына «ұрын бару» сапарына аттандыруға кіріседі. Әрине, Алшынбай ауылына бала қайындату оңай дүние емес, ол ауылдың байлығы да, атақ-даңқы да, онда қалыптасқан үлгі, салт-дәстүр де өзгеше. Сондықтан да Абайдың ресми түрде алғашқы қайындау сапары сол жоғары деңгейге сай болуға тиіс. Бұл топта Абайдың анасы Ұлжан мен Ызғұтты бастаған, ішінде әнші, күйшілері де бар отыздай адам болды. Ал осы жолы ғана апарған малдың ұзын саны – жетпіс жылқы, отыз түйе, жыртыс, ілу сияқты толып жатқан ырым-жырымға деген дүние екі атанға жүк болған көрінеді. Қайындап барған күйеуге әдетте арнайы жаңа киім, әсіресе биік төбелі тымақ кигізетін болған. Осылайша көшкен елдей артынып-тартынып барғандарына қарай Алшынбай ауылы да оларды қарсы алуға ерекше дайындалады. Сөйтіп, құдалар жағы он шақты күндей, ал күйеу мен оның маңындағылар қалыңдық ауылында 15 күндей болады. Әрине, бұл күндердің бәрі де негізінен той-думанмен өтеді. Қазақтағы осылайша бала қайындату ғұрпының басты мақсаты жастай айттырылып, бірін-бірі көріп-білмеген жастарды 14-15-ке толып, ержеткен шақтарында ресми түрде кездестіріп, таныстыру арқылы олардың бір-біріне ынтықтығын арттырып, махаббат сезімін ояту болса керек. Міне, сол ізгі ғұрыпты Абай мен Ділдә да бастарынан өткергенін этнографиялық жағынан егжей-тегжейлі аса дәлдікпен суреттейді жазушы. (І т., 239-253-б). Романда жазушы әр рудың бас киім үлгілеріне баса назар аударады, оның ішінде тымақ үлгісі ерекше суреттеледі. Мәселен, Балқыбектегі сиязға жиналған арғын, найман, керей, уақ адамдарының басына киген тымақ үлгісінен олардың қай елдің адамдары екенін бірден тануға болатындығы айтылған: «Мырзаларынан бастап, қосшыларына шейін киім үлгілері бірінен бірі бөлек рулар байқалады. Бұнда төрт сай, аласа төбелі Тобықты тымағы, жіңішке, ұзын төбелі Керей тымағы, сырмаланған алты сай Найман тымағы, сегіз сай Уақ тымағы бар. Бірінен бірі бөлек, шапан-кемзал үлгілері, ер-тоқым, басқалары да Абай көзіне бадырайып, айқын байқалады» (1-т. 711-б.). Жазушының романда құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық еңбектерге пара-пар. Абай жолын оқығанда, араға ғасыр салған, күннен-күнге алыстап бара жатқан дәуірдің ащы зарын өз құлағыңызбен естисіз, ауыр арпалысын өз көзіңізбен көресіз, алуан адамдардың тұрмысы мен толғанысына ортақ боласыз. Заманның осындай күрделі тарихи-рухани болмысын бұлжытпай жеткізіп, мұқият кестелеген, көркемдігі үздік шығарманың басынан аяғына дейін көктеп өтетін алтын арқау бар, ол – ақын Абайдың өзіне тән шыншылдық пен сыншылдық рухы. Романда тек қана М.Әуезовтің шындығы ғана емес, көп ұрпақтың жан сырлары бар. «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Сәтбаев «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп атаған. М.Әуезовтің сүйікті шәкірттерінің бірі, жазушы Шыңғыс Айтматов «Абай жолы» романы туралы: «Бұл роман – бүкіл түркі тілдес халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан үлесі. «Абай» эпопеясы – біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл – біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен заманымыз тура келген бүкіл тауқыметіміз үшін өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік және адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді жасап, қол жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп... М.Әуезов бізді осы мағынада алғанда жалпы ұлт үшін маңызды көркемдік - тарихи ой-пікірдің дүниежүзілік деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болуы керек. Біз өзіміз жайында ұлы жазушымыз көтерілген биікте тұрып ой түйеміз және басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз», – дейді. Демек, бұл күндері тәуелсіз мемлекетке айналып, жеріміздің байлығы мен кеңдігі төрткүл дүниені таңдандыра бастаған біздің, қазақ елінің, тіпті қала берді бүкіл түркі жұртының бай қоғамдық ойы мен рухани-көркемдік дүниетанымын әлем жұртшылығына осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ М.Әуезов өзінің ұлы шығармасы арқылы танытып қойған. Абайтану арқылы М.Әуезов өз халқының тыныс-тіршілігін терең білді, қам-қарекеті мен шаттығын, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынды. Кемеңгер жазушыны әлемдік биіктерге жетелеген де, бағыт сілтеген де – Ұлы Абай! Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бір тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және асқан көркемдік шеберлікпен көрсету, сөз жоқ, М.Әуезовтің ұлы шығармашылық жеңісі болып табылады. Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/23816-alashty-lemge-pash-etken-abaj-zholy гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
Л. Арагон (француз жазушысы):Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман-«Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп талай терең толғаныстар тудырады.
Комерундық Бенжамен Матип:Шынында, бұл қазақтар-неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...
Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі «Абай жолы» – тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы, «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық берілді.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. «Бұл да аз, - деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын, бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». «Абай жолын» оқыған Камерун жазушысы Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Лев Толстойды оқымай орысты, Оноро де Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. «Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қаныш Сәтбаев: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі» - деп аса әдемі айтқан. Ғабит Мүсіреповтың өзі «Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім» деген екен. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Алғашқы кітаптың шыққанына биыл 72 жыл болады.
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолыроман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас.
Абай жолы — М.Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. “Абай жолы” — қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.
Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н.Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б.Матип) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ, бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш.Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.
“Абай жолы” роман-эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғылыми ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30-жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтақан жоқ. Л.Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.
“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін-ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы-қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды.
Алғашқы екі кітаптан тұратын “Абай” романы үшін жазушыға КСРО Мемл. сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық “А. ж.” роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бір халықтың ұлттық өмір-салтын, толып жатқан қым-қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Ұлы деген ұғымда шек жоқ. Әсіресе, Абай жөнінде. Неге десеңіз, Абай – қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үздік құбылыс.
М. Қаратаев Абай – атаның баласы емес, халық баласы. Адамзаттың Абайы. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңаң бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет етті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Балалар сендер осы күнге дейін Абайды ақын ретінде танып біліп келсеңдер, ал енді М. Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясын оқығалы оны тарихи тұлға екенін білдіңдер.
Балалар Н. Ә. Назарбаев «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды» деген. Абайды оқып, таныған сайын оның жаңа сырларына қанық боласыңдар. Бірақ Абайдың шешілмеген сырлары көп. Абай біз үшін мәңгілік жұмбақ құбылыс. Ал ол туралы ашылмаған сырларды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз. Мен жас кезімде Қазақстанның даласында тұрдым да, сол кездегі көшпенді қазақтарды көп көрдім, алайда тек М. Әуезов қана өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы білімімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самалы ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәріздімін» – деген екен К. Федрин
М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді.Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды.
Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей немесе жарым-жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдыры өмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұстасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман-эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән-мағынасы басқаша ашыла түседі. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға күш салады. Яғни жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай, типтік тұлға дәрежесіне көтеріліп суреттелуін ұтымды көрді. «Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногрофия секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын.
«Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.
Романның тарихи тақырыпта жазылуы, негізгі желі -ұлы ақын Абай. Аталмыш шығарманы жазуға жазушының жиырма жылдай өмірін арнауы. Әуезов-«Абай», «Абай жолы»-Әуезов. I кітап-1942, II кітап 1947 жылы жарыққа шықты. Ғ.Мүсірепов сөзінің мәні-«Романды неше рет қайталап оқысам,әрдайым бір көркемдік, тереңдік табам».1949 жылы диалогияға СССР мемлекеттік сыйлықтың берілуі.»Абай жолы» 4 томдығына (тетралогия) Лениндік сыйлықтың берілуі. Романның сюжеттік шеберлігі-сатылап өсіп келе жатқан Абай белесі-Қайтқанда, Қат-қабатта, Шытырманда, Бел-белесте, Өрде, Қияда...Романның көркемдік ерекшеліктері, жазушылық шеберлік сыры. Шыншылдықпен суреттелген ғасырлық туынды екендігі.
Романдағы ру, қарама-қарсы адамдар арасындағы тартыс, жаңа мен ескінің күресі-ғажайып картина.Құнанбай образының күрделілігі.Абай бейнесінің тереңдігі. Жатақ кедейлерінің типтік образы. Әуезов әйелдерінің галереясы.
Романдағы пейзаж көрінісі, «нағыз пейзаж-поэзия»(3. Қабдол). Пейзаждың образ сырын ашуы. Романдағы Жазушы-тілсіз сезім тілімен сөйлейді, ол-сыршыл ақын , суретші, терең психолог.
Романдағы дәуір шындығының көрінісі , жазушының Абайдың әлеуметтік бейнесін творчествосымен тығыз байланыста ашуы.
Романдағы жастар бейнесі. Орыс адамдарының бейнесі.
Романның «совет әдебиетіндегі зор көркемдік оқиға болып танылуы»(В.Ермилов). Роман-жазушылық шеберліктің биігіне жетті. Романның әлем мәдениетінің қазынасына айналуы. Роман туралы құнды бағалар, шетелдік қаламгерлердің аса бағалы пікірлері. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы ақынның ғажайып тұлғасын сомдап, қазақ халқының тұрмыс-салты мен бай дәстүрін әлемге паш етті. Жазушы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазардан бұрын Абайдың тұңғыш шығармалар жинағын құрастырып, текстологиялық жұмыстар атқаруы мен Абай өмірбаянының төрт нұсқасын жазу арқылы айтарлықтай қор жасап алған еді. Ұлылықтың үлгісін пайымдаған, ұзақ жылдарға созылған терең ізденістің арқасында қат-қабат шырғалаңдардан адаспай тура жол тауып, ұлы мақсаттан ауытқымаған зор шығармашылық қажыр-қайраттың нәтижесінде дүниеге келген төрт томдық эпопея дүние жүзі әдебиетінің көркін асырып, кемел төрінен орын алды. Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді. Жазушы әрбір роман құрылысын негізгі кейіпкерлерінің жан-дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін өзгертіп алып отырады. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді. Романда қазақтың ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі жарты ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өмірі, рухани мәдениеті, діни наным-сенімдері, әрқилы әдет-ғұрыптары, салт-саналары жан-жақты суреттеледі. Жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай өмір сүрген дәуірдің сипатын, халық тағдырын, оның күресі мен ілгері ұмтылысын зор көркемдікпен ашты. Сол кездегі қазақ өмірінің шындығына жазушы дана ақынның көзімен, ой-санасымен және қырағы болжампаздығымен қарады. Абай өміріне қатысты жазба деректердің жетімсіздігі де жазушыға қиындық туғызбай қойған жоқ. Абай заманының сан түрлі сырын, Абай төңірегіндегі тартыстарды, көшелі кісілердің сөздерін Мұхтарға жеткізген – даланың жезтаңдай қарттары еді. Бұл орайда Көкбайды, Қатпа, Баймағамбет, Әрхамды айтуға болады. Абай мінезін, сырларын жеткізген жары – Әйгерім. Романда сан алуан көркем ойлар, сарындар, кемел образдар бар. Қазақ өміріндегі толып жатқан әдет-ғұрыптың ішінде міндетті түрде орындалатыны адамның шаңырақ көтеруіне қатысты салттар: құда түсу, қыз айттыру, ұрын бару, қыз ұзату, келін түсіру тойлары екені даусыз. «Абай жолы» эпопеясында осындай дәстүрлі ғұрыптардың бәрі де шебер суреттеледі. Мәселен, Құнанбай Қарқаралы дуанына аға сұлтан болып сайланғаннан кейін, оның Алшынбаймен достығы құдалыққа ұласқан еді. Атақты Қаздауысты Қазыбек бидің шөбересі Алшынбайдың Түсібінің қызы Ділдәні Құнанбай Абайға он жыл бұрын айттырып, қалыңмалына қыруар жылқы, түйе айдатқан болатын. Енді қыз, күйеу оң-солын танысымен Құнанбай баласын қайындатып, Абайды Алшынбай ауылына «ұрын бару» сапарына аттандыруға кіріседі. Әрине, Алшынбай ауылына бала қайындату оңай дүние емес, ол ауылдың байлығы да, атақ-даңқы да, онда қалыптасқан үлгі, салт-дәстүр де өзгеше. Сондықтан да Абайдың ресми түрде алғашқы қайындау сапары сол жоғары деңгейге сай болуға тиіс. Бұл топта Абайдың анасы Ұлжан мен Ызғұтты бастаған, ішінде әнші, күйшілері де бар отыздай адам болды. Ал осы жолы ғана апарған малдың ұзын саны – жетпіс жылқы, отыз түйе, жыртыс, ілу сияқты толып жатқан ырым-жырымға деген дүние екі атанға жүк болған көрінеді. Қайындап барған күйеуге әдетте арнайы жаңа киім, әсіресе биік төбелі тымақ кигізетін болған. Осылайша көшкен елдей артынып-тартынып барғандарына қарай Алшынбай ауылы да оларды қарсы алуға ерекше дайындалады. Сөйтіп, құдалар жағы он шақты күндей, ал күйеу мен оның маңындағылар қалыңдық ауылында 15 күндей болады. Әрине, бұл күндердің бәрі де негізінен той-думанмен өтеді. Қазақтағы осылайша бала қайындату ғұрпының басты мақсаты жастай айттырылып, бірін-бірі көріп-білмеген жастарды 14-15-ке толып, ержеткен шақтарында ресми түрде кездестіріп, таныстыру арқылы олардың бір-біріне ынтықтығын арттырып, махаббат сезімін ояту болса керек. Міне, сол ізгі ғұрыпты Абай мен Ділдә да бастарынан өткергенін этнографиялық жағынан егжей-тегжейлі аса дәлдікпен суреттейді жазушы. (І т., 239-253-б). Романда жазушы әр рудың бас киім үлгілеріне баса назар аударады, оның ішінде тымақ үлгісі ерекше суреттеледі. Мәселен, Балқыбектегі сиязға жиналған арғын, найман, керей, уақ адамдарының басына киген тымақ үлгісінен олардың қай елдің адамдары екенін бірден тануға болатындығы айтылған: «Мырзаларынан бастап, қосшыларына шейін киім үлгілері бірінен бірі бөлек рулар байқалады. Бұнда төрт сай, аласа төбелі Тобықты тымағы, жіңішке, ұзын төбелі Керей тымағы, сырмаланған алты сай Найман тымағы, сегіз сай Уақ тымағы бар. Бірінен бірі бөлек, шапан-кемзал үлгілері, ер-тоқым, басқалары да Абай көзіне бадырайып, айқын байқалады» (1-т. 711-б.). Жазушының романда құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық еңбектерге пара-пар. Абай жолын оқығанда, араға ғасыр салған, күннен-күнге алыстап бара жатқан дәуірдің ащы зарын өз құлағыңызбен естисіз, ауыр арпалысын өз көзіңізбен көресіз, алуан адамдардың тұрмысы мен толғанысына ортақ боласыз. Заманның осындай күрделі тарихи-рухани болмысын бұлжытпай жеткізіп, мұқият кестелеген, көркемдігі үздік шығарманың басынан аяғына дейін көктеп өтетін алтын арқау бар, ол – ақын Абайдың өзіне тән шыншылдық пен сыншылдық рухы. Романда тек қана М.Әуезовтің шындығы ғана емес, көп ұрпақтың жан сырлары бар. «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Сәтбаев «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп атаған. М.Әуезовтің сүйікті шәкірттерінің бірі, жазушы Шыңғыс Айтматов «Абай жолы» романы туралы: «Бұл роман – бүкіл түркі тілдес халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан үлесі. «Абай» эпопеясы – біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл – біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен заманымыз тура келген бүкіл тауқыметіміз үшін өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік және адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді жасап, қол жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп... М.Әуезов бізді осы мағынада алғанда жалпы ұлт үшін маңызды көркемдік - тарихи ой-пікірдің дүниежүзілік деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болуы керек. Біз өзіміз жайында ұлы жазушымыз көтерілген биікте тұрып ой түйеміз және басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз», – дейді. Демек, бұл күндері тәуелсіз мемлекетке айналып, жеріміздің байлығы мен кеңдігі төрткүл дүниені таңдандыра бастаған біздің, қазақ елінің, тіпті қала берді бүкіл түркі жұртының бай қоғамдық ойы мен рухани-көркемдік дүниетанымын әлем жұртшылығына осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ М.Әуезов өзінің ұлы шығармасы арқылы танытып қойған. Абайтану арқылы М.Әуезов өз халқының тыныс-тіршілігін терең білді, қам-қарекеті мен шаттығын, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынды. Кемеңгер жазушыны әлемдік биіктерге жетелеген де, бағыт сілтеген де – Ұлы Абай! Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бір тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және асқан көркемдік шеберлікпен көрсету, сөз жоқ, М.Әуезовтің ұлы шығармашылық жеңісі болып табыладыЛ. Арагон (француз жазушысы:Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман-«Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп талай терең толғаныстар тудырады.
Комерундық Бенжамен Матип:Шынында, бұл қазақтар-неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...
Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі «Абай жолы» – тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы, «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық берілді.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. «Бұл да аз, - деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын, бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». «Абай жолын» оқыған Камерун жазушысы Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Лев Толстойды оқымай орысты, Оноро де Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. «Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қаныш Сәтбаев: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі» - деп аса әдемі айтқан. Ғабит Мүсіреповтың өзі «Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім» деген екен. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Алғашқы кітаптың шыққанына биыл 72 жыл болады. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы ақынның ғажайып тұлғасын сомдап, қазақ халқының тұрмыс-салты мен бай дәстүрін әлемге паш етті. Жазушы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазардан бұрын Абайдың тұңғыш шығармалар жинағын құрастырып, текстологиялық жұмыстар атқаруы мен Абай өмірбаянының төрт нұсқасын жазу арқылы айтарлықтай қор жасап алған еді. Ұлылықтың үлгісін пайымдаған, ұзақ жылдарға созылған терең ізденістің арқасында қат-қабат шырғалаңдардан адаспай тура жол тауып, ұлы мақсаттан ауытқымаған зор шығармашылық қажыр-қайраттың нәтижесінде дүниеге келген төрт томдық эпопея дүние жүзі әдебиетінің көркін асырып, кемел төрінен орын алды. Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді. Жазушы әрбір роман құрылысын негізгі кейіпкерлерінің жан-дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін өзгертіп алып отырады. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді. Романда қазақтың ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі жарты ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өмірі, рухани мәдениеті, діни наным-сенімдері, әрқилы әдет-ғұрыптары, салт-саналары жан-жақты суреттеледі. Жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай өмір сүрген дәуірдің сипатын, халық тағдырын, оның күресі мен ілгері ұмтылысын зор көркемдікпен ашты. Сол кездегі қазақ өмірінің шындығына жазушы дана ақынның көзімен, ой-санасымен және қырағы болжампаздығымен қарады. Абай өміріне қатысты жазба деректердің жетімсіздігі де жазушыға қиындық туғызбай қойған жоқ. Абай заманының сан түрлі сырын, Абай төңірегіндегі тартыстарды, көшелі кісілердің сөздерін Мұхтарға жеткізген – даланың жезтаңдай қарттары еді. Бұл орайда Көкбайды, Қатпа, Баймағамбет, Әрхамды айтуға болады. Абай мінезін, сырларын жеткізген жары – Әйгерім. Романда сан алуан көркем ойлар, сарындар, кемел образдар бар. Қазақ өміріндегі толып жатқан әдет-ғұрыптың ішінде міндетті түрде орындалатыны адамның шаңырақ көтеруіне қатысты салттар: құда түсу, қыз айттыру, ұрын бару, қыз ұзату, келін түсіру тойлары екені даусыз. «Абай жолы» эпопеясында осындай дәстүрлі ғұрыптардың бәрі де шебер суреттеледі. Мәселен, Құнанбай Қарқаралы дуанына аға сұлтан болып сайланғаннан кейін, оның Алшынбаймен достығы құдалыққа ұласқан еді. Атақты Қаздауысты Қазыбек бидің шөбересі Алшынбайдың Түсібінің қызы Ділдәні Құнанбай Абайға он жыл бұрын айттырып, қалыңмалына қыруар жылқы, түйе айдатқан болатын. Енді қыз, күйеу оң-солын танысымен Құнанбай баласын қайындатып, Абайды Алшынбай ауылына «ұрын бару» сапарына аттандыруға кіріседі. Әрине, Алшынбай ауылына бала қайындату оңай дүние емес, ол ауылдың байлығы да, атақ-даңқы да, онда қалыптасқан үлгі, салт-дәстүр де өзгеше. Сондықтан да Абайдың ресми түрде алғашқы қайындау сапары сол жоғары деңгейге сай болуға тиіс. Бұл топта Абайдың анасы Ұлжан мен Ызғұтты бастаған, ішінде әнші, күйшілері де бар отыздай адам болды. Ал осы жолы ғана апарған малдың ұзын саны – жетпіс жылқы, отыз түйе, жыртыс, ілу сияқты толып жатқан ырым-жырымға деген дүние екі атанға жүк болған көрінеді. Қайындап барған күйеуге әдетте арнайы жаңа киім, әсіресе биік төбелі тымақ кигізетін болған. Осылайша көшкен елдей артынып-тартынып барғандарына қарай Алшынбай ауылы да оларды қарсы алуға ерекше дайындалады. Сөйтіп, құдалар жағы он шақты күндей, ал күйеу мен оның маңындағылар қалыңдық ауылында 15 күндей болады. Әрине, бұл күндердің бәрі де негізінен той-думанмен өтеді. Қазақтағы осылайша бала қайындату ғұрпының басты мақсаты жастай айттырылып, бірін-бірі көріп-білмеген жастарды 14-15-ке толып, ержеткен шақтарында ресми түрде кездестіріп, таныстыру арқылы олардың бір-біріне ынтықтығын арттырып, махаббат сезімін ояту болса керек. Міне, сол ізгі ғұрыпты Абай мен Ділдә да бастарынан өткергенін этнографиялық жағынан егжей-тегжейлі аса дәлдікпен суреттейді жазушы. (І т., 239-253-б). Романда жазушы әр рудың бас киім үлгілеріне баса назар аударады, оның ішінде тымақ үлгісі ерекше суреттеледі. Мәселен, Балқыбектегі сиязға жиналған арғын, найман, керей, уақ адамдарының басына киген тымақ үлгісінен олардың қай елдің адамдары екенін бірден тануға болатындығы айтылған: «Мырзаларынан бастап, қосшыларына шейін киім үлгілері бірінен бірі бөлек рулар байқалады. Бұнда төрт сай, аласа төбелі Тобықты тымағы, жіңішке, ұзын төбелі Керей тымағы, сырмаланған алты сай Найман тымағы, сегіз сай Уақ тымағы бар. Бірінен бірі бөлек, шапан-кемзал үлгілері, ер-тоқым, басқалары да Абай көзіне бадырайып, айқын байқалады» (1-т. 711-б.). Жазушының романда құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық еңбектерге пара-пар. Абай жолын оқығанда, араға ғасыр салған, күннен-күнге алыстап бара жатқан дәуірдің ащы зарын өз құлағыңызбен естисіз, ауыр арпалысын өз көзіңізбен көресіз, алуан адамдардың тұрмысы мен толғанысына ортақ боласыз. Заманның осындай күрделі тарихи-рухани болмысын бұлжытпай жеткізіп, мұқият кестелеген, көркемдігі үздік шығарманың басынан аяғына дейін көктеп өтетін алтын арқау бар, ол – ақын Абайдың өзіне тән шыншылдық пен сыншылдық рухы. Романда тек қана М.Әуезовтің шындығы ғана емес, көп ұрпақтың жан сырлары бар. «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Сәтбаев «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп атаған. М.Әуезовтің сүйікті шәкірттерінің бірі, жазушы Шыңғыс Айтматов «Абай жолы» романы туралы: «Бұл роман – бүкіл түркі тілдес халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан үлесі. «Абай» эпопеясы – біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл – біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен заманымыз тура келген бүкіл тауқыметіміз үшін өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік және адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді жасап, қол жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп... М.Әуезов бізді осы мағынада алғанда жалпы ұлт үшін маңызды көркемдік - тарихи ой-пікірдің дүниежүзілік деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болуы керек. Біз өзіміз жайында ұлы жазушымыз көтерілген биікте тұрып ой түйеміз және басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз», – дейді. Демек, бұл күндері тәуелсіз мемлекетке айналып, жеріміздің байлығы мен кеңдігі төрткүл дүниені таңдандыра бастаған біздің, қазақ елінің, тіпті қала берді бүкіл түркі жұртының бай қоғамдық ойы мен рухани-көркемдік дүниетанымын әлем жұртшылығына осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ М.Әуезов өзінің ұлы шығармасы арқылы танытып қойған. Абайтану арқылы М.Әуезов өз халқының тыныс-тіршілігін терең білді, қам-қарекеті мен шаттығын, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынды. Кемеңгер жазушыны әлемдік биіктерге жетелеген де, бағыт сілтеген де – Ұлы Абай! Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бір тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және асқан көркемдік шеберлікпен көрсету, сөз жоқ, М.Әуезовтің ұлы шығармашылық жеңісі болып табылады. www.adebiet alemi.kz
Достарыңызбен бөлісу: |