Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Жауаптары Лекция №5 М. Әуезов драмасы



бет29/42
Дата03.01.2022
өлшемі0.99 Mb.
#451307
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Әуезовтану УМКД-2020-2021 толық

Жауаптары
Лекция №5 М. Әуезов драмасы

«Драматургия М. Әуезовтан басталды». С. Мұқанов

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік-Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстүрлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. 1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді. Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді. Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз. Сурет: zhasorken.kz М.Әуезов – қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарманың авторы.Драматург ретінде М.Әуезов пьесалары басқа да көркем туындылары сияқты шұрайлы шешен тілімен,бай мазмұнымен,кейіпкерлердің алуан тағдырлы,қым-қиғашты тірлік сезімдерімен ерекшеленеді.

«Еңлік-Кебек» — 1917 жылы мамыр айында,жайлауда Абайдың жары Әйгерім үйінде алғаш қойылған,қазақ елі тарихындағы бірінші пьеса.Пьеса Шыңғыстау жерінде болған оқиғаға негізделіп құрылған.Бұл жөнінде ақын, Абайдың немере інісі,Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»(«Жолсыз жаза,яғни кез болған іс») деген поэмасы да бар.Еңлік пен Кебек жөніндегі аңыз Шыңғыстау, Семей,Тарбағатай өңірлеріне кең тараған.Халық жыр қылып айтып,махаббат дастаны етіп сақтаған қадірлі аңыздың куәсі Еңлік-Кебек моласы қазірге дейін сақталған (Абай ауданында)

Жер дауы,жесір дауы – қазақты ежелден бір-біріне жау,дұшпан еткен бітіспес күрестері.Еңлік пен Кебек те – жауласқан екі ру – Матай мен Тобықты елінің жалған намыстарының құрбандары.

М.Әуезовтың шоқтығы биік,қымбат шығармаларының қатарында – «Қарагөз» пьесасы бар.Алғаш рет 1926 жылы Семейде басылған.Кейінен 1960 жылы Алматыда «Қараш-Қараш» деп аталатын жинаққа кіргізілген.Пьесаның тақырыбы – махаббат,сүйіспеншілік.Көркем бейнелердің шебер жасалғандығымен,лирикалық тебіренісінің күштілігімен де пьеса нағыз суреткер қолтаңбасын танытады.

М.Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» пьесасы 1918 жылы жазылып,1923 жылы басылған.

Пьесаның оқиғасы Есендік байдың бәйбішесінің балалары мен тоқалы Қайшаның жауласуы,мал үшін,байлық үшін таласуын баяндайды.Күндестің баласы деп бәйбішеден туған Дәмешті сүймеген басы таз,теңі де емес Аманбай деген бауырына алдап,арбап,қорқытып қосқысы келген тоқалдың ойы жүзеге аспай қалады.

Драматургия саласындағы «Октябрь үшін» деп аталатын шығармасы Жетісудағы социалистік революцияның тарихынан хабар береді.1933 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген,пьеса еш жерде қойылмаған.Саясат ықпалымен жазылған.

1916 жылдың оқиғасын суреттейтін қаламгер туындыларының бірі – «Түнгі сарын» пьесасы.

«Айман-Шолпан»(1934 жылы және1956 жылы өзгеріп қайта басылған) – осы аттас лиро-эпостық жырдың оқиғасын сақтап жазылған.М.Әуезовтың «Тас-түлек», «Шекарада». «Алма бағында» деп аталатын пьесалары – жаңа социалистік қоғамның қажетін өтеу мақсатында,заман ағымымен жарық көрген шығармалар.Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, «Сын сағатта», «Намыс  гвардиясы»(Ә.Әбішевпен бірге жазылған), «Қынаптан қылыш»(Ғ.Мүсіреповпен бірге) пьесалары елді қорғау,Отанды,жерді сүю идеяларын көтеріп,халықтың рухын көтерді.

Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісү қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Т. с.» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс»пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. 

М. Әуезовтің драмалық жанрдағы туындылары. «Еңлік-Кебек»(1917), «Қарагөз » трагедиялары. Пьесаларда махаббат бостандығы мен әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.і сарын»(1934)пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс бейнесі. Жантас пен Тәнеке образдары. Бибіш (Жүзтайлақ) образының ерекшелігі.

«Шекарада» (1938) пьесасы. Шығармада ел қорғау , қырағылық , туған жерге деген сүйіспеншілік сезімінің өрнектелуі. Пьесадағы Мүрат, Сәрсен, Қонай, Ажар образдары. Драмалық тартыстың әлсіздігі туралы.

«Хан Кене»-тарихи тақырыпқа жазылған драма. Пьесадағы Кенесары мен інісі Науан батырдың бейнесі. Әлеуметтік және жеке бас мәселесіне байланысты ішк тартыстың бой көрсетуі. Әйелдер образдарының өзіндік ерекшеліктері. «Абай»трагедиясы.(1940, Л. Соболевпен бірге жазған). Пьесадағы Абай бейнесі. Ақынның жастардың бостандығы мен махаббаттары үшін тартысқа түсуі, жауыздықпен бетпе-бет келуі. Бірін-бірі сүйетін Айдар мен Ажардың бас бостандығын қорғау арқылы феодалдық ескі салт-санаға қарсы шығу.

«Айман-Шолпан»(1934) және «Қара қыпшақ Қобыланды»(1941) халықтың эпостық жырлары негізінде жазылуы.

Батырлық дәстүрді аңсаған басты кейіпкер Көтібардың күлкілі бейнесі.Айман бейнесінің әлеуметтік мәні. «Қара қыпшақ Қобыланды» шығармасының ел қорғау, батырлық мәселесін көтеруі. Пьесадағы Қобыланды , Қараман және Көклан,Қарлыға бейнелерінің ерекше сомдалуы. «Дос-Бедел дос»драмасы(1958) философиялық тұлғадағы фантастикалық шығарма екендігі.

Әуезовтің В. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Н.Гогольдің «Ревизор», Н.Погодиннің «Ақсүйектер », К. Треневтің «Любовь Яровая» пьесаларын аударуы.Оның көркем аударма арқылы қазақ театры репертуарын байытуы.Әуезов аудармасы туралы сыншылар зерттеуі. Еңлік-Кебек оқиғасы екі ғасырдан астам уақыт бойы сөз болып келеді. Егер бұл оқиғаның алғашқы баспа бетіндегі 1892 жылы атауымен сөйлесек, «Қазақтардың есінен кетпей жүрген бір сөз». Ал, Шәкәрім Құдайбердиевтің Абайдың көзі тірісі кезінде жазылып, 1912 жылы «Жәрдем» баспасы бетіндегі атауымен атасақ, «Жолсыз жаза, яки кез болған іс» (Самосуд или случайность) «Еңлік-Кебек» деп атаған. Біріншісі - бұл оқиғаға Абайдың төл шәкірттері Мағауия Абайұлы, Шәкәрім Құдайбердиевтер поэма арнаса, болашақ ұлы жазушы М.О.Әуезов «Еңлік-Кебек» тағдырын өзек етіп пьеса жазған.

«Еңлік-Кебектің» жеті нұсқасы мәлім. Бұлардың екеуі әңгіме, екеуі поэма, біреуі интермедия, екеуі пьеса .

Қазақ Совет Энциклопедиясында жарияланған “Еңлік-Кебек” атты мақалада: “Еңлік-Кебек” – адал махаббатты, ескі заманның әділетсіздігін баяндайтын белгілі қазақ поэмасы. Поэма төңкерістен бұрын бірнеше рет жарияланған. Алғашқы нұсқасы “Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз” деген атпен 1892жылы “Дала Уалаяты” газетінің 31-39 сандарында басылған. … Поэма 1900 жылы “Дала Уалаяты” газетінде “Қазақтың тұрмысынан хикая” деген атпен қайта басылды. Мұнда мазмұны, сюжеттік желісі бұрынғы қалпында қалған, тек адам, жер-су аттары өзгерген. “Еңлік-Кебек” поэмасы негізінде М.Әуезов осы аттас трагедиясын жазды”, - делінген. Осы мақала жайында “Семей таңы” газетінде Қайым Мұхаметхановтың сын мақаласы басылады. Ғалымның пікірі: “1892 жылы “Дала Уалаяты” газетінде “Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз” деген атпен басылған поэма емес, әңгіме. Газетте де “әңгіме”деп аталған. Бұл әңгіме ең әуелі “Сибирский вестник” газетінде: “Незабытое прошлое и настоящее киргизов” Очерки – деген атпен орыс тілінде жарияланған және очерктің соңында жазған адамның-автордың аты да көрсетілген. Ал, “Дала Уалаяты” газеті очеркі содан көшіріп басып, орысшасымен қатар қазақша аудармасын да берген”, - дейді .

Мақалада одан әрі очерктің мазмұнына тоқталып және бұның поэма емес екенін айтып, орыс тілінде жарияланған түпнұсқасынан мысал келтіреді. Сол келтірілген мысалға қысқаша тоқталып өтейік. Очеркте: «В своих очерках я ограничусь пока не большим, сравнительно, куском площади, той ее частью, которую занимают северо-западная часть гор Чингиз-тау и его отрогчи» - дей келіп, Шыңғыс, Орда, Доғалаң, Шұнай, Ақшоқы таулары, Ши, Ащысу алқаптары жайын баяндайды. Мақалада очерктің жалпы мазмұнына тоқталып өткен. Яғни бірінші тарауда Шыңғыс тауының Хан аталатын биігіне байланысты ел есінде сақталған аңыз-әңгімелердің баяндалуы, екінші тарауда қазақтың құрмет тұтып, бұлжытпай орындайтыны, заңды бұзушлар болса, қатал жазаға тартылатыны айтылады. Одан әрі ерте замандағы қазақ жастары мен кейінгі заман жастарының махаббат мәселесіне көзқарастарын салыстырып сөз етеді. Және очерктің үшінші бөлімі туралы айта келіп, автордың сөзін келтіреді: «В памяти народной осталось несколько рассказов пока поделюсь с читателями» - деп, Кебек батыр жайына келетінін айтқан. Мақаланы қорытып, Қ.Мұхаметханов көзқарасын дәл айтсақ: «1892 жылы жарияланған бұл очеркті поэма деп атау дұрыс емес. Поэма 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Қазақтың тұрмысынан хикая» деген атпен қайта басылды, - деу дұрыс емес. Газеттегі тақырыбының өзінде «хикая» делінген ғой, орысша аудармасында да «Легенда про былое киргизов» делінген, өлең-жыр емес, қара сөзбен баяндалған әңгіме», - дейді. Сонымен, «Дала уалаяты» газетінде басылған поэма емес, қара сөзбен жазылған әңгіме екенін көреміз.

Ү.Субханбердина төңкерістен бұрын мерзімді баспасөз бетінде жарияланған көркем шығармалар жинағын 1970 жылы “Әдеби мұра” деген атпен жеке кітап етіп бастырады. Онда поэма туралы былай делінеді: “Қазақ елінің болмысынан, өмірінде болған шындықтан алынған, кейін ел аузында аңыз-әңгімеге айналып кеткен әңгімелердің ішінде газет бетіне басылған “Еңлік-Кебек” әңгімесінің орны ерекше. “Еңлік-Кебек” аңыз-әңгімесі қазақ даласында үстем тап өкілдерінің билеп-төстеп тұрған кездегі ескі салт-сана, әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған кезінде, шын сүйіскен жастардың бақыт тілеуі. “Басбұзарлық” болып көрінген кезде болған шындық. Әңгіменің бір нұсқасы “Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз” деп басылса, екінші нұсқасы “Қазақ тұрмысынан хикая” деп басылған”, - дейді .

Еңлік пен Кебек оқиғасына байланысты әр түрлі жанрда қазақ тілінде хатқа түскен бес көркем шығарманың жазылуының өзі бұл оқиғаның халық арасындағы салмағын байқатқандай. “Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз” деген атпен 1892 жылы “Дала уалаятының газетінің” он санында жарияланды (№29,30,31,32-40). Әңгіме “Ұмтылған” деген бүркеншік атпен берілген. “Ұмтылған”, яғни “Мұтылған” – Шәкәрімнің бүркеншік есімі. Сондықтан да, бұл әңгімені бірауыздан Шәкәрімнің шығармасы деп қабылдауға болады. Бірақ, Шәкәрім шығармаларын зерттеп жүрген жазушы М.Мағауиннің айтуынша, бұл шығарма – Шәкәрімдікі емес, Абайдікі.



М.Мағауин «Абайдың белгісіз әңгімесі» деген мақаласында бұл әңгіменің Абай шығармасы деп танығанымен, бұл жаңалықты не қостап, не қарсы болып жақ ашқан әдебиет зерттеушілері болмады. Мұхтар Мағауиннің пікіріне назар аударайық: «Біздің Ғылым Академиясындағы ағайындардың сөз ыңғайына (дәлірек айтсақ, мүлде үнсіз отыруына) қарағанда, бұл әңгіме ұлы ақынның кезекті кітабы басылғанда да қаперге ілінбей қалатын тәрізді. Сондықтын, «Дала уалаяты» газетінде бұдан жүз жыл бұрын (1892, №29, 31-32, 34-40) жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты хикаяның авторы кім деген мәселеге арнайы тоқталуға келіп тұр.
Алдымен ескерте кетейік, аталмыш хикая әдебиет тарихында мүлде белгісіз дүние емес. Бұл шығарманың авторы туралы да сөз айтылған. Бірақ Абай есімі аталмады. Шәкәрім туындысы деп шамаланды. Басты дәлел – хикаяның бақытсыз ғашықтар Еңлік-Кебек пен Қалқаман-Мамыр тағдырына арналуы. Шәкәрімнің аты жалада жүрген кездің өзінде оның дәл осы тақырыпқа жазылған, халық арасына кең тараған поэмалары барын ешкім теріске шығара алмайтын еді... Бұған қосымша дәлел - әңгіме авторының лақап аты. Байыптап қарағанда, бұл екі жағдай да шығарманы кім жазғанын нақтылауға негіз бола алмайтынына көз жетеді. Аңыздық немесе деректі бір сюжеттің әлденеше қаламгер назарына ілінуі - әдебиет тарихында жиі кездесетін құбылыс. Оның үстіне, Абайдың өз шәкірттеріне кейбір тақырыптар төңірегінде арнайы тапсырма беріп отырғаны, ал Еңлік-Кебек оқиғасын жазуды Шәкәрімге міндеттегені белгілі. Екіншіден, «Дала уалаятының газетіндегі» әңгіме қол қойған – «Ұмытылған», яғни – «талаптанушы», «ізденуші» болса, Шәкәрім де өз өмірінің соңғы кезеңіндегі біраз шығармасына «Ұмытылған», яғни «естен шыққан», «ескерусіз қалған» (дәлірек айтсақ, «Мұтылған») деп қол қояды. Араб жазуының кілтипаны көп, әңгіме авторы – «Ұмытылған» болған күннің өзінде, бұл – 1892 жылы отыз төрт жасқа жаңа шыққан Шәкәрімнен гөрі, сөз өнерінің асқар биігіне жеткен, алайда «қалың елі – қазағына» әлі таныла алмай, тар қапаста күңіреніп отырған Абайға көбірек үйлеседі».

Баспасөз бетінде бұл оқиғаға байланысты ел аузынан алынған «Қазақ турасынан хикая» деген атпен осы әңгіменің тағы бір нұсқасы болады. Мұнда батыр – Сергелі, қыз – Қаңлық, абыз – Келдей, Тоқтамыс – Бесқабан, Кеңгірбай - Шалпақ деп өзгергені болмаса, оқиға желісі бір, кей тұстар сөзбе-сөз келіп отырады. Ғалым Ш.Сәтбаева екі әңгімені де Шәкәрімге телиді. «Мы считем, что вышеназванные очерки написано Шакаримом и является результатом проведенного им тщательного анализа известных сюжетов легенд для подготовки и создания поэтических вариантов поэм «Калкаман-Мамыр» и «Енлик-Кебек». Думается, он решил вначале опубликовать прозаические варианты поэм. Вполне вероятно, что бывая по служебным делам в Омске где выходил «Сибирский Вестник», он и принес туда свои очерки».Бұл әңгіменің авторы да белгісіз. Мұхтар Мағауин аталған екі әңгімені Шәкәрімдікі емес, Абай әңгімелері деген пікірге сырттай тон пішіп келмейді. Бір ескеретіні осы екі әңгіме де алдымен орыс тілінде жарық көрген. «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» әңгімесінің орысша нұсқасының соңында «Сибирский вестник» газетінен алынып басылғандығы айтылса, «Қазақ турасынан хикая» орыстың «Природа и люди» журналынан алынғандығы көрсетілген. Бұл Еңлік пен Кебек оқиғасының орыс оқырмандарының да қызығушылығын оятқанын аңғартады. Ал, бұл еңбектерді орыс тілінде кім баспаға ұсынған деген мәселеге келсек, Ә.Марғұланның деректері бұл әңгімелерді Абайдың орысша оқыған інісі Халиоллаға меншіктейді. Ел ішінде аңыз-әңгімелерді жинап, орыс оқымыстыларын таныстырған адамның бірі – Халиолла. Демек, Еңлік-Кебек оқиғасының алдымен орыс басылымдарында жарық көруі Халиолланың еншісінде. Алғашында бұл аңызды хатқа түсіруші Халиолла да, кейіннен 1892 жылғысы Абай өңдеуінен өтуі мүмкін. Әңгіме Абай мен Халиоллаға ортақ десек, Шәкәрімнің бүркеншік есімінің тұруына себеп не? Бұған бірнеше ой-барлау жүргізуге болады. Жазған шығармаларын өз атынан жарияламауы – Абайдың машықты ісі болғандығы белгілі. Оның түрлі себептері де болған. 1889 жылы «Дала уалаятының газетіне» «Жаз», «Болыс болдым мінеки» деген өлеңдері шәкірті Көкбайдың атынан берілсе, Коншиннің жариялауы бойынша шыққан «Орта жүз қазақтарының рулары туралы» шежірені де ел ішіндегі дау-дамайдан сақтанып, өз атынан бергізбеген. Ал, Еңлік-Кебектің тағдыры тіпті ауыр. Ата дәстүрінен аттағандарды жазалап, әділ билік айтқан бір рулы елдің ұранына айналған Кеңгірбайға қарсы сөз айту ел ішінің жан-жалына әкелетінін Абай жақсы білген. Бұдан шығатын қорытынды, Халиолла адамдардың атын өзгертіп берсе, Абай өз нұсқасын атынан жариялауды жөн көрмеген. Шығарманың түп қазығы Халиолланікі болғандықтан Абай «Мұтылған» деген бүркеншік есімін беруі мүмкін. Байыбына барып қарасақ, «Мұтылған» Абай мен Шәкәрімнен гөрі қыршыннан қиылған, жазған еңбектері сақталмай ұмыт болып бара жатқан Халиолла Өскенбайұлына келеді.Демек, «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген әңгімені алғашында ел аузынан жазып алған Халиолла да, Абай ол әңгімелерді нағыз көркемдік талаптарға сай етіп өңдеген.

Қ.Мұхаметхановтың жоғарыда аталған сыни мақаласында мынадай пікір айтылады: “Әдебиет тарихында мәлім болған “Еңлік-Кебек” атты екі поэма бар. Біреуі – төңкерістен бұрын, 1912 жылы Семей қаласында “Ядрам” баспаханасынан жеке кітап болып, “Жолсыз жаза, яки кез болған іс” (Самосуд или случайность) “Еңлік-Кебек” деген атпен басылып шыққан поэма. Екіншісі – ақын Мағауия Абайұлының жазған поэмасы. Мағауияның “Еңлік-Кебек” дастаны Абайдың айтуы бойынша жазылып, төңкерістен бұрын жарық көрмеген. Поэма бірінші рет Х.Сүйіншәлиев құрастырған “Дастандар” атты кітапта басылды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов “Еңлік-Кебек” пьесасының негізіне Шәкәрімнің “Жолсыз жаза” атты дастанындағы үлгіні желі етіп алады. Пьесаның көркемдік талабына орай оқиға желісі сәл өзгерді, жаңадан кісі аттары қосылды. Тарихи шындықтың жүлдесін сақтау үшін бұл оқиғаға қатыссыз тарихи тұлғаларды кейіпкер етіп алды. Пьесаның бұл нұсқасы сақталмаған. 1922 жылы екінші нұсқасы Орынбор қаласында басылды, 1943 жылы пьеса толықтырылып, түзетіліп үшінші нұсқасы жазылған. «Ұсақ ауытқуларды айтпағанда, барлық нұсқадағы оқиға, оның баяндалу реті, аяқталуы, аты аталатын адамдар, негізінен бірдей. Адам бейнелерін кескіндеу де ұқсас. Кебек – батыр, Еңлік – асқақ махаббат иесі, Кеңгірбай – опасыз болып көрінеді. Шыңғыстау, Орда, Хан, Доғалаң, Ащысу барлық нұсқада аталады» .Бұл пьеса қазақ халқының тұңғыш пьесасы болып тарихқа енді және оның айналған орны да - Абай ақынның қонысы - Ойқұдық, Абай-Әйгерім киіз үйі. Бұл күнді кейінгі зерттеушілер 1917 жылдың маусым айының 7-күні деп жүр. Осылайша, қазақ театры шымылдығы сол күні Абай шаңырағында ашылған. Ал, Мұқаң болса, қаламынан 30-дан астам пьеса туғызған қазақ қаламгерлерінің бас драматургі болады. Жазушы академик Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиетінде драма М.Әуезовтің еншісі» дейтіні де содан.

Екінші көңіл бөлерлік нәрсе, жоғарыдағы поэмалар мен пьеса ел ішінде көп тараған аңыз негізінде жазылған. Бұл үш автордың де сүйенгені хатқа түскен қүжат емес, ауызша әңгімелер. Бірақ, біз үш автордың да артында ¥лы Абайдың тұрғандығын ұмытпауымыз жөн.

Иә, Еңлік-Кебек шығарма обьектісі есебінде асқан бақытты-ақ! Қос мұңлық тағдырын алдымен ұлы Абай мұңдады. Абайға дейін Еңлік пен Кебек есімдері ұмытылу кезеңінде еді. «¥лға бұғау, қызға тұсау болған заманның» қос құрбандарының есімдерін ұмытылу қапасынан тұңғыш рет жарыққа ұлы Абай шығарады.

XX ғасыр басталарда алдымен Абайдың сүйікті ұлы ақын Мағауия мен Шәкәрім кезегімен жырлайды, қос ғашық тағдырын кезегімен мұңдайды.

Ал, қай автор оқиғаны қалай өрістетті, оқиға шиеленісін қалай шешті - ол басқа әңгіме. Біз соған тоқталуды мақсат еттік.

“Абай жолына” үңілейік. Шәкірттерін ертіп Еңлік пен Кебек моласының басында тұрып: “Осы жалғыз мола осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне, биыл жүз рет жадырап жаз, кірбең тартып күз кепті. Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі – осы мола. Бұл қос мола – ішіне аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Шаңда бір осы тұсқа соғып өткенде, әлдебір арылмаған қарызым бардай боламын. Ақындық қарызым сияқтанады. Бұнда жатқан бір қыз, бір жігіт. Жігіті Кебек, қызы Еңлік атанушы еді! – деген кезде Абайдың үні ажарланып, машықты қалпына ауысып, қатаң сөйледі”. Абайдың ақындық қарызын шәкірттері өтеді.

Әкесінен «Еңлік-Кебек әңгімесін өлеңге айналдыруға тапсырма алғанда, Мағауия ортасына танымал ақын еді. Сайыпқыран ақындар арасынан қатерлі осы тақырыпты Мағауияға жырлауды тапсыруды оған ұлы ақынның сенгендігі еді дейміз. Өйткені, Тобықтының жалпы жұрты, басымы кейінгі жастар, қыз шолпан Еңлікті, ер серкесі Кебекті, шеткі Ақшоқы басында қалып, із-тозсыз кеткен жас сәбиді аяйтын. Ел зердесінде ұстайтын. Арырақ барсақ, оларды сүйгені үшін отқа байланған Қалқаман ман Мамырдай емес, тіпті кінәсіз деп білгендей. Тек онысын жарыққа шығаруға алдында аса алмайтын ел иесі Кеңгірбайдай Еренқабырға көлденең тұратын.Бұл Абайды да толғандырған. Ақыр соңы, сол түйінді асу бермес аспан тауды өнер тілімен, ақын үнімен шешуді сүйікті ұлы Мағаш орындауы керек еді. Бұл толғанысты ұғу үшін Мұхтардың «Абай жолы» романының үшінші кітабының «Абай аға» тарауындағы оқиғаны еске түсіріңіздер. Мұқаң: «Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар» деп бастайды. Иә, жазушыда да, бас кейіпкері Абайда да қиналыс бар. Сонда да ақындардың мүшәйрасы басталады. Жазушы:

Мағаш: Күз түсті ме, бәтір-ау, неге тондың.

Ақылбай: Оның рас, бозарып түсің де оңды.

Кәкітай: Бірін тон, бірін оң, жүмысы жоқ

Ойыңа түк кірмейді Кәкітай шоңның, - деп ақындарды шабыт қиналысына салып ап, одан соң қырандар бәсекесіне түсіреді. Бірақ, романда сіздер «Еңлік-Кебекті» жырлауды Мағауияға да, Шұбарға да тапсырмай, Абай Дәрменге тапсырды ғой деп ұшқары пікір түймеңіздер. Дәрмен ойдан алынған, Мұхтар Әуезовтың адвокаты дейміз бе, қосалқы өмірде болмаған кейіпкері ғой.

Еңлік пен Кебек оқиғасы тарихи шындық болғанмен, оның төңірегін аңыз тармаған. Оның үстіне, сол тұстағы тыңдаушы жұрт санасының дәрежесін де ескермей болмайды. Надандық, ескішілдіктің жасаған зұлымдық актісі осылай жасалды. Тек, қос ғашыққа жасаған мейірімі екеуінің денелерін бір қабырға жерлейді.Біздің дұға жасап, ізет-құрмет жасап жүргеніміз сол орын. Ал, Еңлік-Кебектен қалған ұрпақ Ермек ер жетіп, дұшпандарынан кек қайтарды деген аңыз-қисса Еңлік-Кебекті қимай жырға қосқан аты-жөні белгісіз бір тобықты ақыны деп білеміз.; Енді Мағауия поэмасының Шәкәрім поэмасындай халық арасына кең тарамағанына және бұл поэмаға деген ұлы Абай пікіріне көңіл аударғымыз келеді. Анығында бұл екі жағдай бір-бірімен тығыз байланыстағы нәрсе. Әрине бұл жайында жазылып қалған екі дүние жоқ. Бір ауыз-екі әңгімеге және сол тұстағы тарихи шындық логикаға сүйенеміз. Мағауия поэмасын тыңдаған соң, Абай Кеңгірбайдай бидің тобықты руын Шыңғыстауға қоныстандырудағы, оны қабырғалы ру етудегі орасан еңбегіне тоқтап: «Кеңгірбай би болмаса Тобықты ел болмас еді. Шыңғыс бізге жер болмас еді. Қу көсе көселікке салған екенсің, Қисса жұртқа таратылмасын. Ел арасы бүлінеді. Бірақ, Еңлік пен Кебек оқиғасы ұмытылмауы керек. Шәкәрім сен жазшы , бірақ асықпассың!» - депті . Шәкәрім асықпаған. Еңлік- Кебек қиссасы жазылған. Бір Абай ғана емес, сол ақындар кеңесі поэманы сан талқыласа керек. Сондықтан да , сол кездегі жағдайды түсіндіру мақсатында Шәкәрім поэмасына кіріспе беріп шеті момын жұртының "Ақтабан шұбырынды" қырғынына ұшырау тарихын баяндап, Тобықты руының ата мекені Шыңғыстауға 1780 ж тақалғанда көшіп келгенін суреттейді. Найман-Матай көп еді. Кеңгірбай бидің Кебекті қорғап қалуға шамасы жоқ еді деген нұсқаны дәлелдейді. Кеңгірбай шешімі:

Емес пе Әнет бабаң менің атам,

Еңлік-Кебек” – қазақ драматургиясының классикалық шығармасы, театр өнерінде оны аттап өтуге болмайтын асу, қазақ сахнасының күллісінің сынақта пьесасы болумен қатар қазақ актерларының баба буынынан бүгінгі бала буынына дейінгісінің сынақтап өтер спектакльдернің бірі. Қазақ актерлары Қалыбек, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов ағалар мен Қапан, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова апайларымыз секілді ұлы әртістеріміздің әрқайсысы “Еңлік-Кебектегі” рөлдерді түгел ойнап шыңдалған. Сонымен де Еңлік-Кебек бақытты!

«Еңлік-Кебек» трагедиясының сюжеттік желісі барлық шығармада бір болғанмен, әр жанрда әр түрлі көрініс береді. Әңгіме жанрында ол қарапайым баяндалса, поэма жанрда сюжет көптеген қосымшалар, детальдар, эпизодтармен толығып көлемді шығармаға айналады. Ал енді драма жанрында сюжет одан да бетер күрделеніп, көптеген қосымшалар, детальдар, эпизодтармен қатар шығарманың кемелденген шағын байқатады.

Екі ғашық, Еңлік пен Кебек тағдырына жазылған бұл көркем шығармалар қазақ халқының бір кездегі өмірі, салт-санасы, арманын көрсетіп қана қоймай, осы шығармаларды жазған әр ақын-жазушының өзіндік өресімен, көркем қиялымен таныстырады. Сондай-ақ, бұл шығармалар қазақ әдебиетінің жанры түрлерінің қалыптаса түсуіне әсер етіп, көркемдік сезім жетіле түсуіне септігін тигізді.



  • www.adebiet.kz

  • www.adebiet alemi.kz

  • www.abai.kz қазақша

  • www.kazakh adebiety



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет