Семинар тақырыбы-Әуезовтің педагогикалық көзқарастары
Семинар мақсаты-Әуезовтің педагогтық көзқарастарын білімгерлерге таныта отырып болашақ кәсібінің құзіреттілігін, педагогтық такті мен әдістемелік шеберліктің үлгісін көрсету
*Ойталқыға қозғау салатын проблемалық сұрақтар-
1.Әуезовтің педагогтық ғұмырнамасын слайд арқылы таныту;
2.Жазушы Абайымен оңай қоштасты ма?Өз мақаласындағы жазушының психологиялық сезім-тебіренісі туралы сыртолғау жазу;
3.»Өскен өркен» аяқталмай қалған романнның келесі тарауларын қалай жалғастыруға болар еді?Өзіңді жазушы орнына қойып аяқталмаған романның соңғы бөлімдерінің бағдарлама жоспарын жасау;
-.Карпов бейнесін жазушы не үшін қалап алды?
-Жаңа романның жаңа адамдары туралы ойыңыз. .
-«Роман кейіпкерлерінің тілі туралы не айтасыз?
* «Индия әсерлерін» бірге бөлісейік.-дебат ұйымдастыру
* Әуезовке табынған сыншы ғалымдар туралы эссе
- «М. Әуезовті қазақ түгіл , советтік Отанымыздағы бар үлттың еңбектеген
жасынан бастап , еңкейген кәрісіне дейін біледі» С. Мүқанов-Неліктен бүлай? Өз ойыңды жазу;
10.«Оның дауысын біздің еліміз ғана емес, Шығыс түгелге жуық, ал Батыстың көптеген елі естіп таңғалды» К. Федин-себебі неде? Дәйектеме жазу;
11. «Ал стиль тазалығы , сөз құралымы Гомерді еске түсіреді»Андре Стиль-дәлелдейік...
12.«Әуезов өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін» А. Корнейчук-дәлелдеуге тырысайық.
13.«Қазақтар неткен ғажайып халық. Осы кереметтік «Абай» романында тамаша
суреттелген» Беткамен Матип-шынымен осылай ма?
14.«Мұхтардың өзіне тән стиль ерекшелігі бар» М. Қаратаев-дәлелдейік...
15.М. Әуезовтың қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегіне тоқталыңыз.
16. М. Әуезов шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері қандай?
17.Әуезовтің жазушылық әлемі Сыншы-ғалымдардың Әуезов
шығармашылығына берген бағасы бойынша ой толғау.
18.Әуезов тағылымының мәні неде?
19..«Әуезов-қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта
көрінуінің үлгісі»(Р.Нұрғалиев)-дәлелдейік...
20. Менің Әуезовым (3. Қабдол)-неге?
21. Мен және Әуезов -ой толғау , сыр толғау, өзіндік ойлар жалғасы...
Достарыңызбен бөлісу: |