Жауабы -6Д 7Д 8В 9С 10Д
Лекция № 7 М. Әуезов-әдебиет сыншысы
М.Әуезовтің ғылыми еңбектері мен мақалалары қазақ әдебиеттану ғылымына тамаша үлес болып қосылуымен бірге , сақа да, жас та зерттеушілер үшін үлгі көрерлік, тағылым аларлық үлкен өнеге. А. Нұрқатов.
Әдебиеттану ғылымында тұлғатану мәселесі М. Әуезов негізін салған абайтанудан басталады. Ал ғылымда арнайы жеке саланың зерттеу объектісіне айналған шығармашылық тұлғалар некен-саяқ. Өйткені әдебиет тарихында белгілі бір тың әдеби әдіске сүйеніп жазылған өнер туындысы сол халықтың рухани әлемінде болмысты бейнелеудің жаңа бағытын ашқан туындылар негізінде жасалады десек, оны дүниеге әкелген әдебиет алыбы сөз өнерінің жетекші күші, сусындаушы нәрі ретінде өзін филологиялық, гуманитарлық кең ауқымда зерттейтін ғылыми мүдденің тууына әсер етеді. Мұны, яки жалқыны танымай жалпыны тани алмайтынымызды Абай мұрасы негізінде А. Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» атты еңбегінде: «Қазақтың бас ақыны - Абай(шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды лақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер»- деп көрсетсе, Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезов: «Абайдан бергі қазақ әдебиетінің беті жаңа түр тапты. Абай бұрынғы ақындардың ұстанып келе жатқан бетін тастап, тыңнан жол салды»- деген. Міне, осы себепті және Абай мұрасының ұлтқа ғана емес, адамзатқа ортақ мәдени, рухани прогресте алар орнының өлшеусіз зор маңызын білген М. Әуезовтің ақын мұрасын жинау, насихаттау, зерттеу, ғылыми, әдеби және педагогикалық тұрғыда жазып қылдыру барысындағы ұлан-ғайыр еңбегінің ауқымы өте кең.
Абайтанудағы М. Әуезов еңбектерін төрт салаға бөліп қарастыру орынды. Мұның алғашқысы Абай мұрасын жинау, насихаттау, жүйелеу және бастыру ісі болды. Бұл бағытта зерттеуші 1914 жылдан 1933 жылға дейінгі аралықта Абай мұрасын насихаттауда 1914 жылы Абайға арналған тұңғыш әдеби кешті өткізуге ат салысса, 1918 жылы «Абай» журналын шығарып, ақын мұрасын насихаттап, кейін 1924 жылы Абайдың қайтыс болғанына 20 жыл толуына орай өткізілген әдеби кеште «Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны» атты баяндама оқып, «Шолпан», «Таң» журналдарында Абай шығармаларын жинап, бастыру ісін жүргізді. Абай шығармаларының таралу жолдарын айқындап, сол негізде оларды жинап бастыру бағытындағы еңбегінің нәтижесінде 1933 жылғы Абайдың толық жинағына 148 өлең мен қарасөздер енсе, кейінгі жинақтарда М. Әуезов олардың канондық мәтіндерін қалыптастыру жолында іздене жүріп, молайтып, дұрыс нұсқаларын қалыптастырды. М. Әуезов осылайша жинақталған Абай шығармаларын түпнұсқа қалпына келтіру бағытында мынадай текстологиялық жұмыстар атқарды: а) Абай өлеңдері мен аударма, поэмалары, қара сөздерінің жазылу мерзімін анықтады; ә) Абайдың арнау өлеңдерінің шығу тарихын айқындау арқылы, шығармалардың жазылу жылдары және Абай танымының эволюциясын ғылыми негізге түсірді; б) Абай өлеңдерін қоспалардан тазартып, өрнек үлгілерін, әрбір өлеңнің жігін айқындады; в) өлеңдердің дұрыс нұсқаларын жасады.
М. Әуезов Абай мұрасын ғылыми зерттеуді 1918 жылдан «Абай», «Шолпан» журналдарында жарияланған мақалаларынан бастады. Бұл саладағы ғалым еңбектері абайтанудың барша бағыт-бағдарларын толық қамти отырып, өз кезі, өзінен кейінгі зерттеушілер легіне де оң жол, дұрыс ғылыми тұжырым негіздерін қалады. Осы бағытта Абай шығармашылығын ақын ғұмырымен, заман жайымен байланыста қарастыру, әдеби ортасы, нәр алған рухани бұлақ көздері, Абай мектебі, Абай шәкірттері, Абай шығармашылығының реалистік, халықтық сипаттары, Абай мұраларының ішкі мәні, көркемдік кестесі, композициялық құрылымы мен поэтикалық тіл шеберлігі, Абай шығармашылығының көркемдік даму эволюциясы, Абай дүниетанымының кеңістігі, Абайдың ақындық кітапханасының ауқымы сынды сан-салалы мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеп, жүйелі тұжырым, қорытындылар негізінде сегіз түрлі басым бағыттарды айқындап, қалыптастырды. М. Әуезовтің бұл саладағы еңбектерінің бір арнаға тоғысып, құйылған көзі – «Абай Құнанбаев» монографиясында толық көрініс берді.
Абай шығармашылығын зерттеумен бірге, Абайдың азаматтық, адамзаттық бейнесін туған ұлтына, қала берді күллі әлем халқына танытуда да М. Әуезовтің қаламгерлік еңбегінің мән-маңызы өлшеусіз зор. Прозалық, драматургиялық туындыларында бейнеленген Абай образының көркемдік шыңы – «Абай жолы» роман-эпопеясы болғандығы баршаға аян. Абай бейнесін қазақтың ғана Абайы емес, адам баласының Абайы деңгейінде сомдаған роман-эпопея халық өмірінің жарты ғасырлық тарихының, сол тарих ішіндегі хакім Абайдың әділет жолындағы күресінің көркемөнердегі өлмес, өшпес ескерткішіне айналды. Абайтанудағы М. Әуезов еңбектерінің үшінші алған асуы, осы - Абайдың көркем әдебиеттегі бейнесі болып әдебиет тарихында өз орнын алды.
Алғаш рет Семей педтехникумында сабақ берген 1924-25 жылдары Абайдың ғұмырбаяны мен шығармашылық мұрасын өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында оқыту мақсатымен қолға алған кемеңгер ұстаз, кейін осы игі істі С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қабырғасында 1942 жылы жалғастырды. Соның нәтижесінде қазақ әдебиеті тарихының арналы саласы «Абайтанудың» ғылыми-педагогикалық негізін қалады. Пәннің алғашқы оқу бағдарламасын, абайтанудың дәрістер курсын түзді. Сөйтіп жоғары оқу орындарының филологиялық, педагогикалық, гуманитарлық бөлімдеріне «Абайтану» пәнін алғаш еңгізді.
Абайтанудың бұл кезеңінде кеңестік жүйенің таптық идеологиясы шеңберінде Абай және орыс әдебиеті тақырыбында жазылған көптеген зерттеулермен қатар, Абайдың шығармашылық өмір жолы, Абай поэтикасы, Абайдың ақын шәкірттері, Абай шығармаларының текстологиясы, т.б. мәселелерде, сондай-ақ Абай мұрасын өзге ғылым саласында қарастырған еңбектер де жарық көрді.

М. Әуезов өмірден өткен соң алпысыншы жылдарда абайтану саласы тежеліп, тіпті тоқырауға бет алды. Осыны дер шағында сезінген Қ. Жұмалиев бұл істі жандандыруды қолға алды. Сөйтіп екі бағыттағы зерттеу жұмысына тақырып беріп, оларға жетекшілік жасады: 1) Абай мұрасының 1960 жылдарға дейінгі зерттелу тарихы (М. Мырзахметов); 2) Абай мұрасының орыс тіліне аударылу тарихы мен жай-күйі (С. Құспанов). Алғашқы М. Мырзахметұлының зерттеуі негізінде абайтанудың 1960 жылдарға дейінгі 75 жылдық тарихы жүйеленіп, Абайдың библиографиялық көрсеткіші түзіліп (1965), Абайдың М. Әуезов негізін салған Шығысқа қатысы жайлы мәселе көтеріле бастады. Жалпы 1961-1990 жылдар аралығындағы зерттеулерде Абай поэтикасының ішкі әлемі, көркемдік тіл кестесі, өлең құрылысы, т.б. тақырыптардағы қызғылықты тың ой-пікірлер мол айтылғанымен, Абай нәр алған рухани бұлақтар, Абай дүниетанымы мәселесінде социалистік идеология ұстанымы еркіндікке жол бермеді. Сондықтан да Абай дүниетанымы материалистік, атеистік, ал әлеуметтік-саяси көзқарасы таптық тұрғыда бағаланды.
1982 жылы жарыққа шыққан М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты монографиясының «Абайдың Шығысқа қатысы - М.Әуезов зерттеулерінде» деген тарауынан бастап, Абайдың Шығысқа, исламиятқа, мораль философиясына, адамгершілік таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары ұлттық тұрғыда жаңаша бағыт-бағдарда ғылыми айналымға енді. Бұл бағыт, әсіресе, Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңындағы барлық ғылым салаларында жанданды. Мысалы, А. Машановтың «Әл Фараби және Абай», Ғ. Есімовтің «Хакім Абай», М. Орынбековтың «Абайдың философиялық көзқарасы», М. Мырзахметовтің «Абайдың адамгершілік мұраттары» зерттеулерінде Абай дүниетанымы Шығыспен байланыстағы ұлттық философия негізінде қарастырылды.
Бұл кезеңде де М. Әуезов айқындап берген абайтанудың сегіз түрлі тақырыптық зерттеу аясында құнды еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай өмірбаянына қатысты Б. Байғалиевтің «Абай өмірі - мұрағат деректерінде» монографиясы, XIX ғасырдағы отарлық езгі тарихы және Абай шығармаларындағы азаттық сарын тақырыбында М. Бекбосыновтың «Тәуекел мен батыр ой» монографиясы, Абайдың библиографиялық көрсеткіштері (1965,1988,1995), Абай кітапханасының көлемі жайлы Қ. Салғариннің «Тереңге тартқан тамырлар» зерттеуі, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М. Мырзахметұлының «Абай және Шығыс» монографиясы, С. Оразалиевтің «Абай және Дауани», М. Әліпханның «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» зерттеулері жазылды.
Жасынан ел билеу жұмысына араласып, халықтың саяси-әлеуметтік жайы, ел мүддесі жолындағы күресте араласқан ел билеушілер, достары мен ақын, өнерпаз шәкірттері, орыс демократтары сынды замандастарының әдеби ортасының өзара әсер ықпалдарының іздері Абай шығармаларында көрініс тапқан. Сол себепті де Абай шығармаларының жазылу жайы, текстологиясы, хронологиялық мерзімдерін дәйектеуде ақын замандастарының естеліктері, түрлі өмірбаяндық деректер, жазбалардың мәні зор. Олар: Ә.Бөкейхановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» азанамасы, Д.Ысқақұлының «Абай (Ибраһим) Құнанбайұғлының өмірі» мақаласы, М.Дулатовтың «Абай» мақаласы, Т.Абайұлының «Әкем Абай туралы» өмірбаяндық естелігі, сондай-ақ 1940 жылғы Абай шығармаларының жинағында «Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» деген атпен М.Әуезов топтастырып бастырған «Көкбай әңгімелері», «Абай жайында Мәдияр, Қатпа, Архам, т.б. айтқан әңгімелер», «Мұсылманқұл Жиреншиннің әңгімесі», т.б. естеліктерді оқып игеру қажет.
бай, ең алдымен, ақын. Ал «ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның өзіне өлім жоқ, сөзіне заман, дәурен шегі жоқ». Абайдың мұндай заңғар биікке көтерілу жолын тану – Абайдың әдеби ортасын танудан басталады.
Абайдың әдеби ортасы ұғымын М.Әуезов екі үлкен салаға бөліп қарастырған. Оның алғашқысы - Абайдың өзі нәр алған рухани қазына көздері. Олар: төл әдебиет, Шығыс әдебиеті және орыс, сол арқылы Батыс әдебиеті. Ал екіншісі - Абайдың өзгеге берген нәрі. Оған Абайдың ақын шәкірттері мен Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушыларды жатқызған. Ал бұл мәселелер М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» және «Абай еңбектерінің биік нысанасы» атты мақалаларында тұжырымдалған.
Өзі нәр алған рухани қайнарлардағы ой-танымдарды дана ақылдың диірменінде қорытып, заманы мен келешектің өлмес, өшпес бұйымы ретінде туған халқына ұсынудағы кемеңгердің шығармашылық ғұмыр жолын ғылыми тұрғыда танытуда Абайдың ақындық кітапханасының ауқымен білудің мәні зор. Ол үшін Абай шығармаларында кездесетін әдеби-тарихи деректер мен оларды қолданудағы Абайдың идеялық мақсат-мүддесін айқындай білу қажет. Мысалы, Абай шығармаларында кездесетін Дауани, Аристотель, Сократ, Ескендір, «Бабурнама», Құтайба, т.б. есімдер мен шығарма аттарын Абай өз туындыларында не мақсатпен, не себепті атап отыр. Бұл бағытта Абай қолданған өзге тілдегі сөздердің де маңызы ерекше. Өйткені оларды Абай өзінің ағартушылық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізуде саралап, ойының нәрін, сөзінің мәнін анық, дәйекті түрде айтуда қолданған. Ол сөздердің көпшілігінің Ислам дінінде, Шығыс фәлсафасында терең терминдік мәні, кең ауқымды мағыналық ұғым беретін мазмұнды сипаттары бар. Абай қолданған мұндай сөз бен сөз тіркестерінің жалпы саны - 578. Олардың 402-сі араб, 50-і парсы, 5-уі латын, 25-і татар, ноғай, 62-сі орыс, 27-сі шағатай, 4-уі түрік тілінен алынса, грек, поляк, қытай тілдерінен бір-бір сөзден қолданған. Сондай-ақ түркі руханияты, Шығыс, Батыс ойшылдары мұраларындағы ой тұжырымдардың Абай шығармаларындағы заманға сай жаңғырып, өзгеше реңде жаңарып көрініс беруінен де Абайдың әлемдік ой-таным кеңестігінің көкжиегін тани аламыз.
Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай шығарылған академиялық Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» (1995) бойынша Қ. Мұхамедхановтың жинақтың «Түсініктер» бөлімінде берілген Абайдікі деп айтылып жүрген сегіз шығармасын қоспағанда, жалпы жиыны 171 өлеңі, 52 аударма өлеңі, 3 поэмасы,1 аударма поэмасы, 45 қара сөзі, 1 тарихи сөзі бар. Абайдың бұл жинағы қазіргі күнгі ең толық соңғы басылым ретінде басты оқу құралы болуы керек. Сонымен бірге «Абай энциклопедиясы» (1995) мен М. Әуезовтің «Абай Құнанбаев» монографиясы (1959) Абай мұрасын оқытуда басшылыққа алынуы тиіс. Өйткені Абайдың шығармашылық мұрасына қатысты негізгі дерек-мағлұматтар осы еңбектерде берілген.
«Абайдың толық жинақтарын хронологиялық» ретімен бастырғанымыз сияқты ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Бұл ақын өнерінің дамуына, ойларының өсу, өрістеуіне сәйкес тексеру болады»- деп М. Әуезов жазғанындай, Абай мұрасын хронологиялық ретпен оқыту орынды. Бұл орайда Абай шығармаларының 1995 жылғы басылымының ретіне сай, оның лирикалары мен аударма өлеңдерін бірге қарастыру қажет. Бұл өзі нәр алған рухани бұлақ көздеріне Абайдың қаншалықты сапалық сыни көзқараспен барғанын және сол шығармаларды қандайлық көркемдік шеберлікпен дәлме-дәл аударуын немесе нәзирә жолымен оларды өзгеше идеялық-мазмұндық шешімде суреттегенін танып білу үшін де қажет. «Әдебиет тарихы» (1927) түңғыш зерттеу еңбегі екені.Еңбектің халық қолына ұзақ уақыт бойы жетпеуінің себебі. Алғашқы мақалаларының жариялануы. «Адамдық негізі-әйел»(1917), «Қазаққалам қайраткерлеріне ашық хат»(1922), «Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі»(1922). Тұңғыш туындысы- «Еңлік-Кебек»драмасы (1917) Ойқұдық
жайлауында Әйгерімнің отауында қойылуы. «Әдебиет тарихы»монографиясының жариялануы( 1925).
Әуезов тағдырындағы жайсыздықтар-түрмеге қамалуы, «Әдебиеттану »монографиясының жариялануына тиым салынуы.
Жазушы шығармашылығының өркендеу дәуірі. Ол-абайтанушы ілімнің негізін қалаушы, әдебиет сыншысы, «Манас»эпосын зерттеуші.
Р.Нұрғалиевтің «Трагедия табиғаты» кітабында «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Түнгі сарын», «Абай» сияқты шығармаларымен қоса қазақ халқының асыл мұрасы «Еңлік-Кебектің» барлық нұсқасына текстологиялық талдау жасалған. Алғашқыда «Дала уәлаяты» газетінде «Қазақтардың есінен кетпей жүрген біз сөз», «Қазақ тұрмысынан хикая» деген атаулармен әр жылдары шыққан нұсқасынан бастап, «Еңлік-Кебек» және «Жолсыз жаза» аталған поэма түріндегі нұсқасын алады. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталып, М.Әуезовтың неліктен осы шығарма желісімен сахнаға лайықтап пьеса жазғанын айтады. Осы орайда бұл туындының қазақ даласында театр өнерінің дамуына бастау болғанын атап өткен дұрыс. Автор болса өзі режиссер, өзі көркемдік жетекші, өзі суфлер болып бірнеше адамның міндетін қатар атқарған. Ғалым спектакльді қоюдағы кейбір мәселелерден бастап, актерлер құрамы мен қаһармандар образының неғұрлым ашыла түсуіне ықпал еткен аса маңызды психологиялық сәттерді кешенді түрде қарастырады. Рымғали Нұрғали пьесадағы билер сахнасына, диалогтарға және жекелеген сөздердің қолданылуына аса мән берген. Тіпті пьесаға жасалған рецензиялардан үзінді келтіре отырып, сол шақтағы театр сынының дәрежесі жайлы да бірталай пікірлерін білдірген.
М. Әуезовтің «Қазақ қалам қайраткерлеріне» ашық хатында[7,7] баспасөздің ел қисығын түзейтін, білімге жетелейтін қасиеттерін айта келіп, қазіргі баспасөздегі сөздердің көбінің қазақ миына кіріп, рухына сіңбеуінің басты себебін: «Осымен қатар елдің қазіргі тілегіне, әдебиеттен іздейтін бөліміне (спросына) қарасақ, ол белгілі: ашық, дұрыс бір-ақ тілек болып тұр. Қазір де қаладағы оқыған тобын былай қойып, қырдың көпшілігін алсақ та, солардың осы күнгі іздейтіні – таза әдебиеттің бұйымдары екені даусыз» [7,8], – деп әдебиеттің таза көркемдік сипаттарынан іздеген. Сөйтіп өзі де осы шарттарға лайық көркем шығармалар тудырды. М.Әуезовтің 1921-1925 жылдардағы әңгіме, повесть, пьесаларындағы дала өмірінің суреттері, ондағы сал-серілік, көшпелі тұрмыс көріністері, саяткерлік, махаббат суреттерінің кейіпкердің ішкі әлеміндегі сағыныш, трагедиялық халмен астаса романтикалық тұрғыда бейнеленуі, ал, тіршіліктің ащы қиындықтарының реалистік қалыпта жазылуы өзі жазған әдеби сынындағы талаптар үрдісінен шыға білгендігін дәлелдейді. Мұны академик З.Ахметов: «М. Әуезовтің жазушы болып қалыптасқан тұсы әдебиетте социалистік реализм орныға бастаған кезеңге дөп келеді. Бара-бара көркемөнерге қатаң талаптар қойылып, жазушыларға ресми идеологияға тәуелді болу міндеті жүктелді. Бүгінгі тұрғыдан қарап байыптап бағаласақ, М.Әуезов 20-30 жылдарда әдебиетке мықты орын тепкен партиялық, таптық принциптердің тар шеңберіне ешбір сыймайтынын айтуымыз керек. Әрине, кезінде Әуезов социалистік реализм әдісін толық меңгерді, оның негізгі принциптерін өз шығармаларында бұлжытпай қолданып отырды дегендей пікірлер айтылып келді. Бірақ бұл жазушы қоғамдық өмір шындығын терең ашып көрсете алды деген мағынада айтылады»[8], – деп тап басып таныған да , маңызды болған тақырыптарда сын жазған..
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты осы мақалада автор қазақ ауыз әдебиетіне, оның ерекшелігі мен маңыз-мәніне қысқаша шолу жасап өткен. Өйткені жазушы: «Ескі әдебиеттің түрін білу, бетін ұғу, ағымын түсіну біздің өзіміз үшін керек»[1,229], – дейді. Яғни бұл біздің бүгінгі әдебиетіміздің жай-жапсарын терең танып, келешек бағыт-бетін дұрыс белгілеу үшін өте қажет деп біледі және сын тарихы туралы жан-жақты мәлімет береді..
М. Әуезов: «Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда, біздің ескі ауызша әдебиетіміз бай өрнекті, түрі, тарауы көп кестелі, қысқасын айтқанда, қазақтың даласы секілді кең, келешегі көрікті үлкен, жалпы түрік әдебиетінің ішінде үлкен орын алатын әдебиет секілді көрінеді. Себебі, әдебиетімізде өзге көп жұрттың ауызша әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бір заманда тәртіпті жазба әдебиеттің қызметін атқарғандығы білініп отыр. Сол міндетін ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрісін кеңейтіп әкеткенін көріп отырмыз. Сол ескі сөздің ішінде ескі қазақ өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және жеке-жеке суреттері де айтылған» [9,10] – деп жазады.
Ал «Халық әдебиеті туралы»– атты мақаласында автор қазақ халық әдебиетінің, яғни ауыз әдебиетінің өте жоғары сапалы болуы – әдебиетіміздің келешегі үшін де, жалпы халқымыздың «болашағы гүлді, түбінде іргелі ел болуына» да негізгі тұлға, себепші деп түсінеді. Сондықтан мақалада қазір сол халық әдебиетінің үлгілерін ертерек қамдастырып, төгіліп-шашылып жоғалмай тұрғанда жинақтап, жүйелеп, хатқа түсіріп алу қажеттігін баса айтады. Бұл істе, әсіресе, оқып жүрген шәкірттердің көп қолғабыс тигізе алатынын жазушы өте дұрыс ескертеді және ақын-жазушылардың да осы істе оларға көмектесуін сұрайды..
Ал, «Қобыланды батыр»[11] – атты мақалада М.Әуезов қазақ ауыз әдебиеті негізінде халық тарихының адамзат тарихымен байланысы жайлы өте қызықты, әрі ғылыми тұрғыдан өте құнды ой-пікірлер айтқан. Мысалы, онда ғалым: «Бұрынғы заманда неше алуан хандық құрған түрік жұрттарының көбінің шыққан тегі бір ел екені тарих жүзінен белгілі. Нағыз қазақ бірлігі он бесінші ғасырлар ішінде шықты десек те, сол бірлікті жасаған рулардың көпшілігі ертерек заманда болған. Алтын Орда, Қазан хандығы, Ноғайлы, Өзбек бірлігі сияқты хандықтардың бәріне де кірген, солармен бірге ыстығына күйіп, суығына тоңып, ірі тарих уақиғаларды бастарынан бірге көшіріскен» – дейді.
Автор жалпы ауыз әдебиеті шығармаларының, соның ішінде батырлар жырының да негізінен ел қиялынан, арманынан туатындығын, бірақ солай бола тұра, олардың өмірлік, тарихи белгілі бір негізі болатындығын, яғни «бізге тіпті анық қылып тарих бетіп ашып береді демесек те, сол ескі тарих көлемінде болған ірі мезгілдердің барлығының да ұлы суретін нобаймен, тұспалмен көрсететіндігін» атап айтады. «Қобыланды батыр» жырына осы тұрғыдан талдау жасай келе, жазушы ел әңгімелерінің тарих «өлшеуінен бірде ілгері, бірде кейін кетіп отыратынын», бұрын-соңды өткен оқиғаларды кейде бір дәуірге, бір кісінің басына жиып қоятын кездерінің болатынын да ескертіп өткен.
Бұл шағын мақалаларда ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының кейбір мәселелері, жеке өкілдері мен шығармалары жайлы қысқаша барлау, шолу түрінде көрінген алғашқы қадам жасалса, «Әдебиет тарихы» кітабында жазушы осы ой-пікірлерін жинақталған, жүйеленген тұңғыш тұлғалы зерттеу еңбекке айналдырады.
Соған қарамастан, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» кітабы қазақ әдебиеті тарихын жүйелеуде, оның тарихи сүрлеуін салуда аса маңызды, тұңғыш еңбек болып табылады. Оның негізгі қағидалары қазақ халқының сыртқы басқыншылық пен отаршылдыққа қарсы күресі тұсында туған әдебиет материалдарына сүйеніп жасалды. Автордың позициясында ел тағдыры, ұлт мүддесі жайында ойлану басым. Бұл айтылғандар М. Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымының басында тұрып, әдебиет тарихына қатысты алғашқы зерттеулер жасаушы болғанын көрсетеді. Ол еңбектері әлі де өзіндік күшін жойған жоқ. Идеологиялық саясаттың ырқымен кейбір бағалы ойлары көмескі тартқанмен, олар әлі де кейінгі зерттеушілерге ой сала алады. Әдебиет тарихы мәселеріне Мұхтар кейін де айналып соғып отырады. Оның біраз өзекті проблемалары, жеке ақындар шығармашылығын бағалау жайы ғалымның жалпы әдебиеттану туралы ой-пікірлерінде жиі айтылады. Ол қазақ әдебиетінің жасалу ісіне де араласты. Бірақ арнаулы зерттеу жасаған жоқ. Оның зерттеулері, негізінен, ауыз әдебиеті мәселеріне арналды. Содан соң көп уақытын Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуге жұмсады. Соның өзінде қазақ әдебиеті тарихын жүйелеуде алғашқы еңбектерінің бірі болған. Мұхтардың жоғарыда аталған екі кітабы әдебиет туралы ғылым тарихынан көрнекті орын алады. Әдебиет тарихының міндеті не? Әрбір тарих белгілі жолдағы істің өскенін, гүлденгенін сөз қылады. Олай болса, әдебиет тарихының міндеті: Бір жұрттың тіліндегі ауызша, жазба әдебиеттің ішінен үлгілі болған белгілерін бөліп шығару. Ол белгілер сол елдің әдебиет жолындағы жаңа сөзі болу керек. Әдебиет тарихы белгілі дәуірлерді, мезгілдерді бөліп шығарады. Халықтың әдебиеті алғашқы шыққаннан бастап, белгілі бір кезге жеткенге шейін тарихтың ішіне кіру керек. Әр мезгілдің үлгісі қандай, неден туды, басқа өмірмен қандайлық тарихи байланысы бар, сол айтылуы керек. Әдебиет тарихы әр мезгілдегі себептерді, шарттарды тереді. Мәселен, белгілі ақынның өлеңіндегі мағына мен түрдің сыртқы қалдер, себептер болса, сол теріледі, әдебиет тарихы ауызша әдебиеттің жұрнақтарынан сыртқы түрін, ішкі мағыналарын көріп, соларды туғызған себептерді айтады, әдебиет жұрнақтары мен соны жазған адамдарын қарастырып келіп, бір жұрттың әдебиетіне солардың қандайлық бағасы барын айтады. Әдебиет тарихының қолданатын жолы Ақынның өмірбаянымен танысып, тексеріп келіп, жазған нәрсесі мен екі арадағы байланысын айырады. Әрбір ақын жеке-дара адам емес: оны туғызған елі бар. Өзінің үлгісі, салты, жақсылық, жаманшылығы бар. Сондықтан ақын өмірін соны туғызған елінің өмірімен қоса қарастырады. Ақын өмірін жалғыз ғана туғызған елін алмай, барлық сал мен ақынды түгел туғызып отырған ұлтымен алып қарастырады. Әрбір ұлттың табиғатпен қатынасын қарастырады. Тіршілгі қалай құралған, табиғаттан тегін тамақ ала ма, жоқ еңбекпен ала ма? Еңбек көп болса, өнер артады, өнер артса тап-таптың халы да жоғары-төмен болып, жіктеле бастайды. Әдебиет тарихы мұны да қарасытыруы керек. Көрші халықтың берген үлесін, көрші жұрттың өнерінен келген әсерін айырады. Қазақ әдебиетінің тарихы Қазақ әдебиеті барлық жұрттың әдебиеті сияқты, екіге бөлінеді: біріншісі ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі – жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер. Жазу өнері болмаған соң, ол елде ғылым, мәдениет те тумаған болады. Ондай елдің өнер, білімі бір ауыздан екінші ауызға көшіп, сонымен сақталады. Жалпы білім деген нәрсесі, алдыңғының артқыға тастап келе жатқан мұрасы сияқты, ауызша әңгімелерінен құралады. Сол ретпен ескіліктен қалған сөзді, өнер иесі болған арнаулы жалғыз адам ғана біліп қоймайтын, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ол кездің өнерін жалпақ ел түгел ұғынатын болғандықтан, екінші, кейінгі ұрпақтың түгелімен аталатын білімі, тәрбиесі де сондайлық көпке бірдей болып айтылатын жалпы әңгімелерден жасалғандықтан, бүкіл бір елдің жалпы дүниеге көзқарасы да, өткен өмірді түсінуі де бір-ақ түрде болады. Кейінгі буын өмірді түгелімен алдыңғыша түсініп, соларша тәрбиеленеді. Сондықтан ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін көрсететін сөздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті өнер емес, ол – көптің, жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы. Рас, бүгінгі салт өлең мен батырлар өлеңдері болса, оның барлығын жалпақ ел болып отырып шығарған сөздер емес, оның жеке шығарушылары бар. Бірақ бұл шығарушы ақындар сол сөздердің ішінде жалғыз өзінің көзқарасын, жалғыз өзінің ған ұғымын айтпайды, олардың өлең, жыр ішінде айтатыны – түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен жалпақ елдің көзқарасы. Айтатыны – көптің қарадай айтып жүрген сөзі. Сондықтан өлең қылушылар ауызша әдебиеттің құр ғана жақсы айтушысы, құр ғана әңгімешісі болдаы. Ел ақындығын жасаушылар солар деп сануға болмайды. Сондықтан: 1.Ауызша әдебиеттің шығарушысы жалпақ ел дейміз. Ауызша әдебиет жұрнақтарының арнаулы шығарушысы жоқ. 2.Ауызша әдебиеттің барлық жұрнақтары күйге өлшеніп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себепті оның сыртқы түрінде жазбадан айырмасы бар. Ол желпініп айтылады. 3.Ауызша әдебиетте бір жаққа қарай беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдің дін нанымы, елдің белгілі салты, әдеті туғызады. Жас ұрпаққа білім берудің Әуезов дәстүрлерін одан әрі дамытудағы қызметін өз алдына қойғанда, кафедраның қазірігі қазақ әдебиеті мен әдебиет тарихы саласында өзі ашып-тұрақтындырған үш түрлі ғылыми мектебін айрықша атап айтқан жөн. Олардың бірі – қазақ әдебиеті тарихының көне және орта ғасырдағы тарихы. Екінші мектеп бойынша әдебиет теориясын түбегейлі мәселелері кең зерттеліп, терең талданып, жоғары мектепке арналған оқулық жазуды және онымен ширек ғасыр бойы ұстаздар мен шәкірттер ғана емес, ғалымдар мен жазушылар, жалпы әдебиет сүйгіш қалың жұрт сусындап келеді. Үшінші сала - әдеби сын. Бұл проблеманы басында профессор Т.Кәкішев бір өзі жеке- дара алып зерттеп, талай архивтердің қоңыржай қоймаларын ақтарып-төңкеріп, одан тапқан құжаттар мен жазбаларды жан-жақты пайдалана келе, қазақ әдеби сынының оқулығын(«Сын сапары») жазып шықты. Бұл - құнды кітап. Сондықтан да бүгінде туған әдебиетіміздің тірі процесін толғап-талдайтын сыншылар мен зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл кітапты айналып өтпейді, әдеби сын тарихының алғашқы соқпағына соқпай кетпейді. «Әдебиет тарихы» жазылғаннан кейінгі көптеген жылдар ішінде, ең алдымен М.Әуезовтің өзінің эстетикалық көзқарастары сан алуан өзгерістерге түсті, дамыды, кемелденді, екінші жағынан, жалпы қазақ әдебиеттану ғылымы тереңдеді, жаңа концепциялар, бағыттар пайда болды, толып жатқан зерттеулер, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл саладағы табыстарды, жемістерді мүлде мансұқ ету барып тұрған солақайлық болар еді. Сөйтсе де, идеологиядағы солақайлық, тұрпайы догматизм кесірінен әдебиет тарихын теріс түсіндірген, ірі тұлғалардың өзін қаралап көрсеткен, тіпті мүлде ауызға алмай қойған кездердің кесірі әлі де жойылып біткен жоқ. Ал, «Әдебиет тарихында» мезгілінде объективті ғылыми тұрғыдан айтылған терең тұжырымдар қатарында қазақ елінің отарлануы, өз тәуелсіздігінен айырылуы, осыдан туған кесепаттардың әдебиеттегі көріністері туралы байлам - пайымдауларды жатқызу керек. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелеріне келгенде, автордың исламға дейінгі және исламнан кейінгі әдебиет деп ұзақ тарихты екі орасан үлкен кезеңге бөліп қарауында ғылыми негіз жатыр. Қазақ әдебиетінің тарихы, бағыты жағынан айтылған осы сияқты азын – аулақ мағлұматқа қарап, барлық жазба әдебиеттің салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда, айтатын сөз: біздің әдебиет әілі жас, әлі бойы өсіп жетілген жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор десек, біздің әдебиет келесі күнде шығатын талай тұрғылырының біреуіне ғана жаңа – жаңа тырмысып келеді. Бұл күнге шейін біз саяз жүзіп жүрміз. Қазақ әдебиеті өмірінің бетіндегі қаймағын жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала менен жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген, оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс. Әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкіін. Дарияның тасқынындай, Қайнар бұлақтың мөлдір суындай. Әуезов деп танылған Жаушының жоқтығын – ай. Бүкіл әлем білген оны, Біледі де осы күні. Әлемдік тұлға деп атауға Ешкім қарсы болмас енді, - деп заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Әуезов кәдімгі қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі, Ұлы тұлғасы. Ол – ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым және осы үш қырының үшеуін де айта қалғандай айқындап, айшықтап алған, үш мамандығының үшеуін де жете меңгерген, үшеуінде де иненің жасуындай осалдық танытпаған, үшеуінде де алып, күшті. Ал осы үш түрлі қасиетінің де сарқып құяр сағасы біреу, ол - әдебиет. Әдебиет – ардың ісі. Қазақ әдебиеті – қазақ атаулының ғасырлар бойғы тағдыры мен талайының, тұрмысы мен тіршілігінің көркем шежіресі ғана емес, халықтық қасиеті, ұлттық паспорты, адамдық һәм азаматтық келбеті – мүсіні мен мінезі, автопортреті. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі - Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әукзов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Шәкір Ыбыраев, Серікқазы Қорабаев. Мұхтар мұрасы /110,119– б/ Зейнолла Қабдол Әуезов. /311,315 –б/ Рымғали Нұрғали Әуезов және алаш / 209, 211 – б/ М. Әуезов Әдебиет тарихы / 16,20 –б/
М.Әуезов өзінің ғылыми еңбектерін қашан да өмірмен байланыстырып отырған. Сондықтан оның «Әдебиет тарихы» еңбегіде екі түрлі өмір талабынан туған деседі. Алғашқысы қазақ халқының өнер мен оқуға Қазан төңкерісінен кейін, елдің білім алуына кең жол ашылуы. Жалпы білім беретін мектептер мен орта және жоғары оқу орындары қайта салынып жұмыс бастады. Кеңес мектептері мен техникум, институттарда оқушы жастарға арналған қазақ әдебиетінен білім беретін оқулық жасау мақсатымен ұштасып жатады. Бұл оқулықтың негізгі мақсаты оқушыларға білім беру болғандығының автордың: «Қазақ шөліндегі білім бұлағының күрекшісі қазақ оқушыларына арнадым» [1,3] – деген пікірі дәлел. Келесі себеп, осы еңбек шыққанға дейін қазақ әдебиетінің тарихы жайында мүлде жүйелі еңбек болмаған. Сондықтан да қазақ әдебиетінің тарихын зерттеп, оны ғылыми тұрғыдан халыққа танытуды да мақсат етеді. Осы ретте оның фольклорлық шығармаларға берген әдеби талдауы және қазақ әдебиеті нұсқаларын ғылыми тұрғыдан топтауы сол кез үшін үлкен жаңалық еді. Бұл кітапта М.Әуезов халқымыздың ескіден қалған әдеби мұрасын жалғыз адам емес жалпақ ел өнері, бүтін бір халықтың дүниеге көзқарасын танытып, белгілі бір ұғымын білдіретін ұжымның шығармасы ретінде қарастырады. Сонымен қатар соларды орындаушы ақын-жыраулардың шығармашылық өнеріне ғылыми тұрғыдан анықтама жасады.
Бұл еңбектің жарыққа шығуына дейін қазақ фольклортану ғылымында, ауыз әдебиеті нұсқаларын зерттеуде қалыптасқан тәжірибе де, орныққан дәстүр де жоқ болатын. Сол себепті де жазушыға бұл салада талай еңбектенуіне тура келді. М.Әуезов аталған еңбегінде орыс фольклортану ғылымының топтастыру тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ ауыз әдебиетін төмендегідей жанрларға жіктейді. www.kazakh adebiety
Достарыңызбен бөлісу: |