Бірнеше объектілермен жұмыс
Объектілердің орналасу ретін өзгерту үшін керекті объектіні ерекшелеп, менюден Arrange (туралау) > Order (реті) командасын орындау керек.
To Front - таңдалған объект алдында тұрады.
To Back - таңдалған объектіні артына орналастыру.
Forward One – таңдалған объектіні бір обьекке алдыға орналастырады.
Back One - таңдалған объектіні бір объектке артқа орналастыру.
In Frond Of - қай объектінің алдына орналастыру керек екенін көрсетеді.
Behind - қай объектінің артына орналастыру керек екенін көрсетеді.
Reverse Order – ерекшеленген объектінің өзара орналасуын көрсетеді.
Объектілерді құрастыру (комбинирование). Комбинирова–ние – бірнеше объекттерден жаңа объект құру. Объекттерден жаңа объект құрастыру үшін алдымен керекті объекттерді ерекшелеп алу керек. Сонан соң қасиеттер палитрасында батырмасын немесе Ctrl+L пернелер комбинациясын шерту немесе Arrange > Combine командасын орындау керек.
Объектілерге қолданылатын бульдік ( логикалық ) операциялар.
Weld (обьединение) – біріктіру. Байланыссыз біріктіру нәтижесінде объектінің контуры және құю соңғы ерекшеленген объектінікіндей болады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектінің контуры мен құюы алынады.
Trim – айырым алу. Соңғы ерекшеленген объектіден басқа объектілермен ортақ бөлігін алу нәтижесінде жаңа объект құру үшін қолданылады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектіден шегеріледі.
Intersect – қиылысу. Соңғы ерекшеленген объект негізінде объектілердің қиылыспайтын бөліктерін алып тастау нәтижесінде жаңа объект құруға мүмкіндік береді. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объект алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |