Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет26/68
Дата18.05.2022
өлшемі7.7 Mb.
#456994
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
комп.графика УМКД

Color палитрасы. Түсті таңдаудың ең қарапайым әдісі – түстік шкалада керекті жерде шерту. Әрі қарай түсті дәлдеу үшін сәйкес сырғытпаны қолданамыз. Екінші тәсіл сырғытпаның жанындағы өрістерге түстің сандық мәнің енгізу. (0 мен 255)
Түстік модельді өзгерту үшін палитраның менюін ашып керекті модельді таңдауға болады.
Swatches палитрасы. Бұл палитрада жиі қолданылатын түстердің жиыны бар. Негізгі түсті таңдау үшін оны шерту керек. Ал түсті фондық түс ретінде қолдану үшін Alt пернесімен қоса шерту керек.
Аймақтарды құю (заливка областей). Құю – бұл аймақтың ішкі облысын құю. Ал обводка ол аймақтың сыртқы түсті сызығы. Аймақты құю үшін Edit > Fill командасы орындалады немесе Paint Bucket саймандары қолданылады. Fill командасы көмегімен ерекшеленген аймақты негізгі түспен, фон түсімен немесе оюмен құюға болады. Foreground Color (негізгі түс), Background Color (фондық түс), Pattern (ою), Black (қар түс), 50 % Gray (сұр), Write (ақ).
Opacity - өрісінде мөлдірлікті орнатуға болады.
Түстерді араластыру режимдері. Мөлдірлік эффектісін құру үшін (жаңа және ескі түстер) әртүрлі түстер араласуы мүмкін. Араласу режимдері әртүрлі қызықты эффектілер алуға мүмкіндік береді. Араластыру режимдерін Mode өрісінде таңдауға болады.Араластыру режимдері:

  1. Normal – жаңа және ескі түс арасындағы аралық түс.

  2. Dissolve – мөлдірлік эффектісі ескі емес түстерді сақтау арқылы құрылады. Мөлдірлік мәні неғұрлым аз болса, соғұрлым аз пикселдер түсін өзгертеді.

  3. Behind – бұл режим мөлдір фонды көп қабатты бейнелер үшін қолданылады. Түс тек қабаттың мөлдір бөлігінде ауысады.

  4. Clear – ерекшеленген аймақтың барлық пикселдері мөлдір болады. Тек көп қабатты құжаттарда қолданылады.

  5. Multipey – көлеңкелер құру үшін қолданылады.

  6. Screen – алдынғыға қарама-қарсы свечение құру үшін қолданылады.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет