Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bars бетінде сәйкес туды алып тастау.
Қалып-күй жолының элементтерін көрсету/жою үшін Workspase > Customization > Commands бетінің жоғарғы бөліктегі тізімінен Status Bar жолын таңдаймыз. Қалып-күй жолына жаңа өріс қосу үшін оны сұхбат терезесінен Қалып-күй жолына алып қоямыз. Қалып-күй жолынан өрісті жою үшін оны сұхбат терезесіне кері апарып қоямыз немесе қалып-күй жолының контекстік менюынан Customize > Status Item > Delete командасын орындаймыз.
Қалып-күй жолында көрсетілетін ақпараттар:
Mouse Position –тышқан көрсеткішінің ағымдағы координаталары.
Info line – қолданушы орындаған әрекеттерге сәйкес орындауға мүмкін болатын түрлендірулер туралы түсініктеме.
Object Detales – ерекшеленген объект туралы толық ақпарат.
Object Information – ерекшеленген объект туралы жалпы ақпарат.
Time – ағымдағы уақыт.
Date – ағымдағы мерзім және аптаның күні.
Outline – объект контурының түрі, түсі және қалыңдығы.
Fill – құюдың түрі.
CAPS, NUM және SCRООL – индикаторларын өшіру немесе қосу.
Memory Allocated – қосымша қолданылған жадтың көлемі.
Swap Remaining – CorelDraw – қа қажет болып қалатын жадтың көлемі.
SnapStatus – ағымдағы байланыс түрінің атауы.
Сызғыштар. Сызғыштарды көрсету және алып тастау үшін View > Rules командасын немесе жұмыс аймағының контекстік менюнан View > Rules командасын орындау керек.Үнсіз келісім бойынша координатаның басы CorelDraw терезесінің төменгі сол жақ бұрышында болады. Координаттар басының орнын өзгерту үшін сызықтардың қиылысуында орналасқан батырманы шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей керекті жерге апару керек. Сызықтардың орның өзгерту үшін Shift клавишасымен қоса сызғыштарды жаңа орынға орналастыру керек.
Үнсіз келісім бойынша өлшеу дюймде жүргізіледі. Өлшеу бірлігін өзгерту үшін Esc пернесін шертіп, қасиеттер панеліндегі Drawing Units тізімінде керекті өлшем бірлігін таңдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |