History Brush – пикселдерге протоколдағы таңдалған жазба түстерін қайтарады.
Art History Brush – жоғарығындай әрекет жасайды. Сонымен қатар әртүрлі бейнелеу элементтерін қосады. Бейнелеу элементі Stace терезесінде таңдауға болады. Сонымен қатар келесідей параметрлер орнатуға болады. fidetity - протоколда көрсеткен түспен ауытқуы. Неғұрлым мән аз болса, соғұрлым протоколдағы түстерде өзгеріс көп болады.
Area – көлем неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бейнелеу элементі көп болады.
Негізгі әдебиеттер: [1],[4],[7],[9]
Дәріс №13-14
Тақырыбы: Модификациялау бұйрығының қызметі. Adobe Photoshop бағдарламасында ерекшелеу және трансформация
Дәріс мазмұны:
Модификациялау бұйрығының қызметі.
Adobe Photoshop бағдарламасында ерекшелеу және трансформация
Ерекшеленген аймақтардың орнын ауыстыру және көшірмесін алу
Ерекшелеу режимдері. Режимдер саймандар панеліндегі Style өрісінде орнатылады. Үнсіз келісім бойынша оның мәні Normal.
Constained Aspect Ratio – процедураларды сақтау режимін таңдап, тіктөртбұрыштың қабырғаларының немесе эллипстің осьтерінің қатынастарын беруге болады.
Fixed Size (фиксированный размер). Көлемі бірдей аймақтарды ерекшелеуге мүмкіндік береді
Аймақтарға қолданылатын логикалық операциялар.
Инверсия - ерекшеленгенді ерекшелену, ерекшеленбегенді ерекшелеу. Инверсиялау үшін Select > Inverse командасын орындау керек. Бұл операциялардың біртекті фонда бірнеше түсті объектілерді ерекшелеу үшін немесе фонмен қандай да бір операциялар жасау үшін қолданылады.
Аймақтарды қосу. Бірнеше аймақты ерекшелеу үшін Shift батырмасын қолдануға немесе басқару панелінде Add to Selection батырмасын шерту керек. Бұрынғы режимге қайту үшін New Selection батырмасын шерту қажет.
Аймақтардың айырымын алу. Ол үшін Subtract from Selection батырмасын шерту керек. Alt клавишасын ұстап тұрып ерекшелеуге де болады. Бұл режим көрсеткіштің жанында « - » көрсетіледі.
Аймақтардың қиылысуы. Бұл жағдайда Interfect with Selection батырмасын шерту керек немесе екінші аймақты Alt+Shift басып тұрып, ерекшелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |