ІІ бөлім. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі мен маңызы
2.1 Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдаланудың рөлі
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге "нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек" керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл сапалар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстаңдық патриотизм рухында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу — мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген еді.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдеріндс Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжаңдылық", "отансүйгіштік", "патриотизм" ұғымдары сол заманның ақикаты — наным-сенімінен туыңдайды.
Еліміз егемендік алган 10 жыл ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.
Жалпы "патриотизм" ұғымына тоқталар болсак, ҚСЭ-ның 9-томында (1976) "Патриотизм" (грек. Patriotes -отандас, patris - отан, туған жер) -Отанға дегсн сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалъптаса бастайды деп көрсетілген өзінің игілікті мәнін сақтайды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу, Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.
Бүгінде жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырудың жүйесін жасау мәселесі қарастырылуда. Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизмнің негізгі мұраттарына мән берілді.
Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні - оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді басты мақсат етті.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуга тиісті мына ізгіліктіліктерге көңіл аударылды:
- ана тіліне сүйіспеншілік — туған тілін білу, өз анатілінде оқу мен сөйлеу және жаза білу; ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білу - оқырмандық қабілет-қалыптастыру аясы;
- туған жерге сүйіспеншілік — туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман-көлі тау-тасы, аң-құстарына қамқорлык жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп-баптау - экологтік ая;
- туған елге сүйіспеншілік — өз ұлтын сүю, Отанын сүю, ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу -азаматтық сапа аясы:
- өз отбасына сүйіспеншілік - ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу - кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
- Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру — ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу — қатынас мәдениетінің аясы.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы текгес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпы адамзатгық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді. Бұл сияқты арман-мұраттардың орындалуына бастауыш сыныптарының "Ана тілі" оқулығы мазмұнына алынған балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары қызмет етеді. Мысалы, М.Әлімбаевтың "Сөз құдыреті" өлеңінде: Бал қаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз — деп сөздің кісіге қалай әсер ететінін жеткізсе, әрі қарай:
Сөз — ой-пікір шалқары,
Сөз де адамға тартады, — деген шумақтан ана тілінің мәні, сөздің кісіге қалай әсер ететіні, сөзі арқылы кісіні тануға болатыны түсіндіріледі. Қазақ халқы үшін тілдің кай кезеңде де тәрбие құралы болғандығына мән беріледі. Ақын Ә.Тожібаевтың "Тіл туралы" өлеңіндегі:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айшылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемің,— деген шумағынла тілдің ұлттық елдік мән-маңызы насихатталады. Бұған қоса, туған жер, туған ел тақырыптарын қозғаған Абай, Ыбырай, Жамбыл өлең-жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты ақын-жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың "Ыстық қой, шіркін, туған жер!" атты үзіндісінде: "...Қартқожа үйге сүйеніп ашамайды шынтақтап ауылға қарап отыр. Оған ауыл бір түрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті..." деп келетін жолдар арқылы жазушы ауылдың мамыражай қалпын суреттеп қана қоймай, баланың жан-жүрегін баурап алып, оны тебіренте түседі. Онан орі "Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз..." деген жолдар оқушының намысын оятып, ойын ұшқыр, санасын сергек етуге жәрдемдеседі. Осылайша оқушының туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінігіне жеңіл шығарманың бірі - Сәкен Жүнісовтың "Кімнің мекені жақсы" әңгімесі. Шығарманың негізгі ойы - "дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс — әркімнің өз мекені, өз жері екен" деп тұжырымдалған соңғы сөйлемде берілген. Алайда оқушыны шығарманың өн бойында әңгімеленген жәндіктер әрекеті-ақ ойға қалдырады. Әсіресе борсыған иісі бар шалшықта жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтанның — "Иісі қандай жақсы - көкірегіңді ашады. Суы қандай тәтті - жер татиды. Батпағы қандай жұмсақ — нағыз май батпақ" -деген жауабы таңдандырады. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ, ол "әркімнің өз үйі - өлең төсегі", немесе "туған жер - алтын бесік".
Бастауыш сынып оқушыларының сана-сезімін оятып, зердесін дамытатын үздік суреттелген, мазмұнды көркем шығармалар болып табылады. Көркем шығармалар баланың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың бойында адалдық пен әділеттілік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен қайраттылық намысшылдық пек ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қана өз Отанының гүлденуіне үлес қосып, қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.
Қорыта айтқанда көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесін қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру - өзекті де, күрделі мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |