Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне Єылым министрлігі


Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру



бет2/8
Дата06.07.2022
өлшемі242 Kb.
#459617
1   2   3   4   5   6   7   8
Мазм ны Кіріспе І б лім. Балаларды мемлекеттік символдар туралы

Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру. Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие - бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы арқылы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа ұлтта қайталанбайтын бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр-рәсімдерін дүниеге әкелді. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне ете үлкен ықпал жасайды.
Қай ұлт болса да оның үлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.
Бүгінгі заман талабы - еліміздегі болып жатқан саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байланысты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылықпен қызмет атқара алатық қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметтік, эканомикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: "Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтаң әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол үлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті".
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. Ал ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрік қай саласын болса да сол "фольклорымыздан тауып, ажыратып ала аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбиенің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз.
Патриоттық тәрбие мемлекеттік символдар арқылы және мемлекетіміздің ата-бабамыздан сақталынып келе жатқан құндылықтары арқылы танымдық қатынасы тәрбиеленеді. Жүріп өткен тарихи тағылымдарға көз жүгіртетін болсақ, таным сөзі психологияда когнитивтілік терминінде пайдаланылған екен. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік символдарды танымас бұрын психологиялық тұрғыда мемлекеттік символдарды конитивтендіру мәселесіне көз жүгіртейік.
Когнитивті психология адамның дүниені тануы, мәліметтерді талдауымен қоса, тұлғаның түрлі туындап отырған ситуациялар мен мәселелерді қалай парасатты шешетіндігін, яғни адамның когнитивті қабілетінің дамуы қалай жүретіндігінде қарастырады.
Брунердің когнитивті тұжырымдамасында (1966), біздің әлемді тануымыз сезімдік және қозғалыстық сипатта болады: ешбір ой біздің сезім және әрекеттік белсенділігімізсіз болмайды деп көрсетеді. Сондықтан шындықты сенсоматорлық бейнелеу балалық шақта шешуші роль атқарады.Дүниені бейнелеудің келесі тәсілі – иконикалық бейнелеу. Мұнда қабылданған нақты объектілер ес-жадында образ түрінде, ойлы образ түрінде жүреді. Жеткіншек жаста дүниедегі образдарды иконикалық бейнелеуі енді заттық формадан енді түсініктерді символикалық бейнелеумен толығады. Мұнда, дүниені қабылдау образдары тілді пайдаланумен шектеледі. Брунердың айтуынша, тіл – когнитивті процесті дамытудың ең негізгі құралы.
Швейцар психологі Жан Пиаже (1896-1980) «адам шындық дәрежені қалай таниды» деген мақсат қоя отырып, баланың ойлауының даму заңдылығын зерттейді. сөйтіп, мынадай қорытындыға келеді: «когнитивті даму ол біртіндеп болатын процесс және ол бірізділікте болады және ол бірнеше кезеңнен тұрады. Баланың интеллектілік дамуы баланың не білетіндігі мен сол білуге деген талпысы арасындағы үнемі болатын тепе-теңдік ізденіс нәтижесінде болады. Мұны барлық балалар басынан өткереді. Дегенмен кейбір осы кезеңдердің барлығын басынан өткізгенімен, оларда белгілі бір кезеңде бір немесе бірнеше қажетті фактілерді жетіспеуіне байланысты дамуында тежелу немесе блокодалық болады. Алға жылжу жүйке жүйесінің жетілуі, түрлі заттармен айналысу тәжірибесінен және тіл тәрбие сияқты әлеуметтік факторлардың бірлескен әсерімен белгіленеді.
Тұлғаның когнитивті теорясы «танушы», «түсінуші», «талдаушы», сияқты адамның түсінуінен барып шығады. Адам мәліметтер әлемінде өмір сүреді, ол оны түсінеді, бағалайды, пайдаланады.
Адам әрекетінде үш түрлі компонент бар:

  1. әрекеттің өзі;

  2. ой ;

  3. сезімі

және мұның барлығы белгілі-бір әрекетті орындау барысында болады.
Сырттай қарағанда бірдей болып көрінетін әрекеттің өзі ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты әр түрлі болады. Ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет