Орта мектепте информатика курсының мазмұны
Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама –қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді. 1) Ғылыми және практикалық факторлар. ИЕТН оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. 2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай болуы тиіс. Сондай-ақ, ИЕТН курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуы қажет. Мектептегі информатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |