Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Әңгімелесу (теориялық оқыту)



бет22/31
Дата02.01.2022
өлшемі250.5 Kb.
#452569
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Мектеп информатика

Әңгімелесу (теориялық оқыту)

Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.


Консультация (теориялық оқыту)

Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.


Фронтальдық лабораториялық

теориялық жұмыс

Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту бекітілген маетриалды тексеру), жеңіл есептеррді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.

Практикум



Күрделі программалармен және ПҚ-дің қосымшалармен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.

Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:



  • оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқару;

  • оқушының информациялық процестерді басқаруы;

  • оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптасытыру және дамыту.

Аталған аспектілерге сәйкес:

  • оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: класс-сабақ жүйесі және т.б.

  • оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтік топтық;

  • тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, -болып бөлінеді.

Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады:

  • түсіндірмелі-иллюстрациялы;

  • программаланған;

  • модельдік;

  • эвристикалық;

  • проблемалық.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде жоспарланғанда пайдалануға болады. «Графикалық операторлар» бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарапайым программа жазу.

Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет алынатынын біледі, бірақ суретті салу -әр оқушыға жеке тапсырма. Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.

Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады. Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:


  • ұйымдастыру;

  • қайталау;

  • жаңа материалды өту;

  • бекіту;

  • бақылау;

  • оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарды толтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет