Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
AutoCAD--курс лекц

Назар аударыңыз!
Берілген уақытта қолданылып жатқан стилді
жою мүмкін емес.
 
 
 
6. 2 Біржолды мәтін құру 
Сызбадағы мәтіннің көп бөлігі қысқаша жазбалар мен түсіндірмелерден 
тұрады. Мәтіннің әрбір жолы жеке объект болуы үшін, немесе мәтіннің аз ғана 
мөлшерін жасау үшін біржолды мәтінді қолданыңыз.
Жазбалар 
Text
(Текст-Мәтін) командасының немесе 
Dtext 
(Дтекст). -
синоним- командасының көмегімен жасалуы мүмкін. Екі команда да бірдей 
жұмыс істейді.
_dtext (
Дтекст
) командасы – қарапайым мәтін жасау командасы.
Команда
Draw 
(Рисование-Сурет салу) 

Text 
(Текст-Мәтін) 

Single Line Text 


(Однострочный текст-Біржолды мәтін) құлайтын менюінен немесе 
Text
инструменттер панелінен (сурет 6.5) таңдалады

Сурет 6.5 –Text инструменттер панелі
Команда сұрауы
Команда сұрауында алдымен стильдің ағымдық реттелуі жайлы хабарлама 
беріледі. Мәтіннің алғашқы нүктесі көрсетілген соң, нүкте мен әріптер 
арасындағы байланыс түзету (выравнивание) арқылы анықталады. Үнсіздік 
бойынша мәтін сол жақ шеті бойынша түзетіледі.
Мәтіннің мұндай орналасуын өзгерту үшін, алғашқы нүктені көрсету 
сұрауына жауап ретінде командалық жолда түзету параметрін j енгізіңіз. 
Команда параметрлер (опций) тізімін шығарады, олар мәтінді қою нүктесінің 
мәтіндік жолға байланысты орналасуын анықтайды: 

Align 
– іштей салынған. Мәтіндік жолдың басы мен соңын сұрайды 
(тінтуірмен көрсетіңіз). Содан соң, қысылу немесе созылу дәрежесі 
мәтін жолды толық қамтитындай етіп таңдалған мәтінді енгізіңіз. 
Әріптер биіктігі қаріп пропорциясына сәйкес өзгеретін болады;

Fit
– ені бойынша. Мәтіндік жолдың басы мен соңын тінтуірмен 
көрсетіңіз. Содан соң мәтіндік символдардың қажетті биіктігін беріп, 
мәтінді енгізіңіз. Бұл опция да жолдға арнап көрсетілген кеңістікті 
толық толтыру үшін мәтінді не қысып, не созып орналастырады, 
бірақ мәтіннің орнатылған биіктігін сақтайды; 

Center 
– центрлік қою нүктесін сұрайды. Мәтін базалық сызықтың бойында 
орналасқан осы нүктенің айналасында центр бойынша түзетіледі;

Middle
– ортасы бойынша. Мәтін горизонталь бойынша да, вертикаль 
бойынша да түзетіледі. Вертикаль бойынша қою нүктесі базалық 
сызық пен ең биік әріптің төбесінің ортасында орналасады;

Right 
– Оң жақ шеті бойынша. Мәтіннің оң жақ шеті базалық сызық 
бойында орналасқан қою нүктесі бойынша түзетіледі.


Мәтінді сызу командасының соңғы шақыруы – бұрылу бұрышы. Бұл 
бұрыш жекелеген символдарға емес, мәтіндік жолға тұтас қолданылады. 
Қажетті мәтінді теріп, 
Enter
пернесіне басыңыз. Экранда жазба пайда 
болады, ал мәтіндік курсор төменгі жолға түседі де, келесі жолды енгізуге 
дайын тұрады. Команда орындалуын 
Enter
пернесіне екі рет шерту арқылы 
аяқтауға болады.
Егер мәтінге арнайы белгі (мысалы, диаметр) қою қажет болса, онда 
мәтінді енгізуде төмендегі басқару кодтарын қолдануға болады: 
□ %%o 
– үстін сызу режимі (
вкл/откл-қосу/өшіру
);
□ %%u 
– астын сызу режимі (
вкл/откл- қосу/өшіру
);
□ %%d

градус
символын көрсету (°); 
□ %%c
-
шеңбер
 
диаметрі
символын көрсету (
);
□ %%p

допуск
символын көрсету плюс-минус (±);
□ %%%

пайыз
символын көрсету (%).
Жазбада астын және үстін сызу режимдері бірдей жұмыс істеуі мүмкін. 
Жолды енгізгеннен кейін автоматты түрде өшіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет