Бақылау сұрақтары
1. Жануартану курсында қосымша география пәнін оқыту?
2. Пәнаралық байланыс?
3. Табиғаттану курсы бойынша алынған білім?
10 - лекция
Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу – тәрбие
жұмыстарының міндеттері
Жоспары :
1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері
2. Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.
Лекция мақсаты: Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлерін үйрену.
Лекцияның мәтіні :
1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері.
Оқытудың формалары.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Биология пәндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділік пен биологиялық түсініктерді, ғылыми көз қарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды орындау икем дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады.
“Система” - дегеніміз грек тілінде белгілі бір логикалық тәртіпте құбылыстарды, заттарды іс әректтерді топтастыру деген мағынаны білдіреді екен. Жүйе бір – біріммен байланыстағы бөліктердің дамуының заңдылықтарының орналасу тәртібі.
Ал “методика” (әдістеме) “жүйе” түсінігі тәрбиелеп - оқытудың присптерінің біртұтастығы, оның элементтерінің өзара қарым – қатынасы мен бірлігі.
Мектепте оқушыларды тәрбиелеп оқытудың алуан түрлі формаларын ұйымдастыру қолданылады. Оқыту формалары дегеніміз - оқушылардың оқып білім алу, іздену әректтерін ұйымдастыру, мұғалімнің мұғалімнің оқу процесі кезінде әр түрлі жағдайларды, іс - әрекетті пайдалануы.
2. Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап , оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды.
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық Әдіс – тәсілдерін қолданады.
Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады.
Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір – бірімен қарым – қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады.
Сапалы сабақ өткізудің талаптары өте күрделі:
Сабақты оқытудың дидактикалық присптері толық қамтамасыз етіледі.
Ғылымның, педагогикалық іс – тәжрибенің озық жетістіктерін пайдаланады.
Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен пәнге қызығушылығын арттыру.
Пәнарқылы байланыстарын қамтамасыз ету.
Өткен сабақтарда алған білімдеріңді негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.
Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.
Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу т.б.
Сабақтың негізгі мақсаттары, білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру мақсатын орындау үшін төмендегідей дидактикалық мәселелерді қамтыған жөн.
Сабақтың білімдік мақсатын ашатын ақпараттармен қамтамасыз ету.
Табақ жаңа технологиялық әдістермен өткізу.
Сабақтардың құрлымымен оны ұйымдастыруда шығармашылық таныта білу.
Сабақ барысында ұжымдық және жекеше ізденіс формаларын жүзеге асыру.
Сабақтың мазмұнын түсіну, игеру деңгейін анықтау, бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |