ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖШС «ӘДІЛЕТ» КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Кәсіпорын экономикасы» (сала бойынша)
Тақырыбы: «Материалдық емес активтерді жасауды есепке алу»
Студенттің аты- жөні:Ибрагимов Эмиль
Мамандығы 0518000 «Есеп және аудит
(салалар және қолдану аясы бойынша)»
Біліктілігі 0515001 3 – «Бухалтер»
ЕжА 20-1 тобы 3 курс
Парақ саны:50
Студенттің декларациясы
|
Ұсынылған жұмысты жеке өзім жазғанымды, ал қолданылған деректемелердің расталғанын растаймын.
Студент қолы___________
«____»____________20____ж.
|
Қорғау
Баға___________(__________)
Қорғаған күні «____»____________20____ж.
Оқу білімінің меңгерушісі____________Смагулова Л.Б.
Алматы 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................6
1.1 Материалдық емес активтердің негізі, олардың түрлері және бағалануы... ..6
1.2 Материалдық емес активтердің есебінің ерекшеліктері................................15
1.3 Материалдық емес активтердің есебінің халықаралық тәжірибесі..............22
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС
АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ............................................................................................27
2.1 Зерттелетін кәсіпорынның нарықтағы орны мен есеп саясаты......................27
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен шығысының
есебі мен түгенделуі ...............................................................................................35
2.3 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі.............................42
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒА ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................49
ҚОСЫМШАЛАР 50
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың технологиялық өзгерістерінің тез әрі қарқынды түрде дамуына байланысты бәсекеге қабілеттілікті тек материалдық және қаржылық факторлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын жоғарлататын құрал ретінде ұйымның қызметінде материалдық емес сипаттағы факторларды қолдану экономикалық қатынатарға түсушілердің ерекше қызығушылығын арттырады. Айналымдағы емес құралдардың құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйымның нарықтық құнын ұлғайтады, инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады, қиянатшыл бәсекелестіктен қорғайды, сыртқы және ішкі нарықта бәсекелестіктердің артықшылықтарын қамтамасыз етеді.
Алайда, материалдық емес активтер объектілерін құрғанда, қайта бөлгенде және коммерциялық айналымға қатыстыру кезінде оларды қолданумен, есептеумен, басқарумен, аудитпен және талдаумен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, материалдық емес активтер объектісінің нақты сыныптамасының болмауы, материалдық емес активтер объектісінің есебінің, талдауының және аудитінің әдістерінің теориялық жетілдірудің жетіспеуі сияқты және басқа да мәселелер зерттеу үшін бүгінгі күні біршама өзекті болып келеді.
Айта кететін жай, бұған дейін біздің елімізде материалдық емес активтер түсінігінің өзі болмаған. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай бұл түсінік
Қазақстандық бухгалтерлік есеп теориясына кіре қоймай, сонымен қатар тәжірибеде қолданыла бастады. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті көптеген сұрақтар туғызады, бұл зерттелетін тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын және қажеттілігін куәландырады.
Өндірістің тиімділігін жоғарлатудың басты бағыттарының бірі - материалдық емес активтердің қолданылуын жақсарту, олардың қайтарымдылығын ұлғайту, қызмет ететін материалдық емес активтерді қазіргі жаңарту жүйелерін және құрлымын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының есеп жүйесіне материалдық емес активтерді алғаш рет КСРОҚМ 01.11.91ж. № 56 бұйрығымен енгізілді. Бұған дейін материалдық емес активтердің бар болуы жалған капитал ретінде саналды. Соның көмегімен табысты азайту мақсатында фирманың меншік иелері шығындарды өзгерте алады.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің жоқтығы кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін төмендетті. Өндірістің дамуына бірінші шенді рөл атқарған нақты бар капитал - интеллектуалдық меншіктің бар болуы жоқталды. Ал бұл активті танып, оны бағалай білгендерге үлкен табыс алып келеді.
«Аудиторлық қызмет туралы» заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет процесін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың , аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында пайда болатын қатынастарды реттейді.
Материалдық емес активтердің ерекшелігі – олардың заттай - натуралды формасының болмауында және бұл жағдай олардың есебімен, талдауымен және аудитімен болатын қиыншылықтарды анықтайды. Бухгалтерлік есеппен бухгалтерлік есептілікте ұйымның материалдық емес активтері туралы құрастырылу талаптарын бухгалтерлік есеп бойынша Ережеде бекітеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – ұйымдағы материалдық емес активтердің есебі мен аудитін зерттеу.
Зерттеудің міндеті:
материалдық емес активтердің сыныптамасын, мәселелерін, бағалануын, қағидаларын қарастыру;
олардың келіп түсуі мен шығуының, амортизациясының есебін анықтау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |