Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Материалдық емес ативтердің есебінің ерекшеліктері



бет3/9
Дата30.01.2023
өлшемі91.24 Kb.
#468924
1   2   3   4   5   6   7   8   9
dip -materialdyq-emes-aktivterdin-esebi-men-auditi (копия)

1.2 Материалдық емес ативтердің есебінің ерекшеліктері

Қазақстандық стандарттар бойынша кәсіпорындарда материалдық емес активтердің есебі 28 БЕС «Материалдық емес активтердің есебі» сәйкес жүргізіледі. Материалдық емес активтердің есебі халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес 38 «Материалдық емес активтер» ХҚЕС-мен басқарылады.


Кәсіпорындар белгілі бір критерилерге жауап беретін шарты негізінде ғана материалдық емес активтерді тану керек. Мұндай критерилерге мыналар жатады:

  1. Материалдық емес активтерді қолданудан кәсіпорындар болашақта экономикалық табысты алуына сенімінің болуы.

  2. Материалдық емес активтердің құны сенімді, дұрыс бағалануы мүмкін.

Бұл талаптар кәсіпорынның ішінде құрылған және алынған материалдық емес активтерге қолданылады. Басқа жағдайда оған кеткен шығындар олар пайда болған кезде шығыс ретінде танылуы керек. Бірақ бұл объект кәсіпорындардың бірігуі негізінде алынса, онда ол гудвилл құнына кіреді.
Материалдық емес активтерді тану оларды құру немесе алумен (ақыға, несиеге) байланысты.
Сатып алу кезінде теңестірілген материалдық емес активтер мен міндеттемелерді тану үшін сатып алушы тану критерилеріне жауап беретін материалдық емес активтерді таниды. Егерде материалдық емес активтердің құны дұрыс бағаланбаса, онда бұл актив жеке танылмайды, гудвиллге енгізіледі.
Материалдық емес активтердің бастапқы құнына кіреді:
- Сатып алу бағасы;
- Импорттық баждар;
- Алу құнына кіретін қайтарылмайтын салық;
- Заңды қызмет көрсетулерге төлем;
-Тағайындалуы бойынша қолдануға активті дайындаумен тікелей байланысты шығындар;
- Артық төлеуді қайтару және жеңілдіктер сияқты шегерімдер.
Егерде материалдық емес активтер үшін төлем мерзімі несиенің қалыпты мерзімінен жоғары болса, онда активті алудың нақты құны біржолғы төлеу кезінде оның бағасына тең деп саналады.
Кейбір кездерде материалдық емес актив ақысыз немесе мемлекеттік субсидия арқылы номиналды қарсы ұсынуға алына алады. Бұл материалдық емес активтерді мемлекет ұйымға табыс еткен немесе бөлген кезде орын алуы мүмкін, мысалы;
- әуежайға қону;
- радио және телехабарларды тарату құқығы;
- импорттық лицензиялар немесе квоталар;
- немесе өзге шектелген ресурстарға қол жеткізу құқықтары.
20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» Халықаралық стандартына сәйкес ұйым алғаш рет материалдық емес активті де, субсидияны да әділ құны бойынша тануға құқылы. Егер ұйым активті әділ құны бойынша алғаш рет тануды қаламаса, ол оны алғаш рет номиналды сомасы бойынша (20 IAS Халықаралық стандартымен рұқсат етілген есепке алудың басқа тәртібіне сәйкес), бұған қоса, активті мақсатына сәйкес пайдалану үшін әзірлеуге жұмсалған кез келген шығындарды таниды.
Мысал. Шетелдік кәсіпорындар мен Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдер жолы бойынша қазақстандық кәсіпорынның өнімін өндіруге лицензиялық келісімді берген кезде лицензиялық келісімді осы салада активті нарықтың болуымен бағалауға болады.
Егерде материалдық емес активтер айырбасталатын болса, онда олар айырбасталған активтің төленген ақша қаражаттар сомасына немесе олардың элементтеріне түзетілген әділ құны бойынша бағаланады.
Материалдық емес активтер ұқсас әділ құны бар басқа материалдық емес активтерге айырбасқа алына алады (яғни коммерциялық негізде емес) немесе алынған не берілген активтердің әділ құны сенімді бағалана алмайды. Мұндай жағдайда табыс та, шығын да мәміле жасау барысында танылмайды. Бұл жағдайда жаңа активтің бастапқы құны болып, берілген активтің баланстық құны болып табылады.
Егер материалдық емес активтер басқа материалдық емес активтерге коммерциялық мақсатпен айырбасқа алынса, онда алынған материалдық емес активтердің нақты құны оның әділ құнына тең болып алынады. Ескі активтің баланстық құны мен жаңа материалдық емес активтердің анықталған нақты құны айырбастау операциясынан табыс пен шығынды қалыптастырады.
Егерде материалдық емес активтер қорлық құралдарға айырбасталса, онда бұл активтердің баланстық құны берілетін үлестік қаржылық құралдардың әділ құнына сәйкес келеді.
Егерде материалдық емес активтер бизнестің бірігуі кезінде алынса, онда ол сатып алу күніне әділ құны бойынша ескеріледі.
Бағалану пікірінің негізінде жеке тану мақсатында материалдық емес активтердің әділ құны жеткілікті түрде шынайы бағаланудың шешімі қабылдануы тиіс.
Әділ құнның ең сенімді бағалануын ағымдағы нарықтық баға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әділ құнды бағалаудың негізін жақында жасалған келісімнің бағасы құра алады. Материалдық емес активтердің ерекше объектілерін сату мен сатып алуға үнемі қатысты кәсіпорындар әдетте материалдық емес активтердің әділ құнын бағалаудың балама әдістерін қолданады.
Олар әділ құнды дисконтталған түсім, нарық үлесі, операциялық табыстар негізінде бағалайды.
Кәсіпорындар материалдық емес активтерді құра алады. Мұнда материалдық емес активтерді тану бойынша 38 ХҚЕС шарттарын басшылыққа алу қажет.
Кейбір жағдайда шығындар болашақ экономикалық табыстар алу мақсатында жасалады, бірақ ол 38 ХҚЕС- та аталған тану критерилеріне жауап беретін материалдық емес активтерді құруға алып келмейді. Егер шығындар бар болатын болса, бірақ ешқандай материалдық емес активтер құрылмаса немесе алынбаса, онда бұл шығындар олар пайда болған кезде шығыс ретінде танылады.
Бастапқы ұстап қалулар алдын ала төлеуді қоса алғанда, келесідей шығындардан құралады:
- жаңа коммерциялық немесе өндірістік қызметтерді ұйымдастыруға кеткен шығындар;
- жаңа коммерциялық немесе өндірістік қызметтерді меңгеруге нарыққа жаңа өніммен шығу, жаңа процесті қосуға кеткен шығындар;
- қызметкерлерді оқытуға кеткен шығындар;
- нарықта қызмет көрсету мен тауарлардың өтуіне және жарнамаға кеткен шығындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет