Internet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүние жүзілік желі. Оны дүниедегі ең ауқымды (глобаьный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде сөйлейді деп айтсада болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, беріп басқа компьютерлердегі ақпараттарды көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
№ 2 дәріс: Интернетті ұйымдастыру
Интернет тораптар иерархиясы ретінде.
Интернеттегі клиент-серверлік архитектура.
Әрбір тұтынушы компьютерді кәдімгі телефон арнасымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеаныстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз – қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.с.с мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS Windows 98 Windows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келліп түседі. Интернет қазіргі кезде ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселеге келсек, бұның барлығын істейтін арнайы қоғам – Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с мекмелер жұмыс істейді.
Интернет желісінің меншікті иесі немесе бағынышты ұйымдары жоқ. Әртүрлі желінің жұмысын стандарттау, қадағалау және басқарумен байланысты жұмыстарды атқарады, желі үшін қажетті құжаттарды дайындайды.
Оларға:
Интернет қоғамдастығы (Internet Society -ISOC)
Интернет инженерлерінің жұмысшы тобы (Internet Engineering Task Force - IETF)
Интернетті зерттеушілер тобы (Internet Researd Task Force - IRTF)
Интернет инженерлерін басқару тобы (Internet Engeneering Steering Group - IESG)
Интернет архитектурасы Советі (Internet Arcbitecture Board - IAB)
Интернет желісі информациясының Орталығы (Internet Network Information Center - InterNIC)
Мысалы: Internet Society – ISOC - протоколдар мен стандарттарды дайындаумен айналысады.
Internet Arcbitecture Board – IAB – протоколдардың архитектурасы мен дамуын қадағалау, жаңа стандарттар дайындау, материалдарды жариялаумен шұғылданады.
Internet Engineering Task Force – IETF – желіні басқарумен және пайдаланушының қолданбалы программаларымен байланысты протоколдарды дайындайды.
Internet Network Information Center – InterNIC – ІР адрестер мен домен аттарын бөледі, информациялық және анықтамалық қызмет түрлерін көрсетеді.
Internet желісінде бағдарламалар арасында ақпаратпен алмасу «клиент-сервер» архитектураны қолданады. Оның жұмыс істеу амалы келесі: бағдарламалардағы барлық сауалдар екіге бөлінеді. Біріншісі тұтынушымен тікелей байланысады, оның бұйрығын қабылдайды. Орындалған бұйрық нәтижесін клиент бөлігі көрсетеді. Ақпаратты өңдеу мен командаларды орындауды серверлік бағдарлама жасайды. Клиентте деректер жоқ, ол олармен бірге жұмыс істемейді, ол тек сұрауларды құрастырып, серверге жібереді және қайтқан жауапты көрсетеді.
Клиенттің деректері жоқ, ол оларды өңдемейді. Ол тек тұтынушы еңгізген сұрақтарды серверге жібереді, ал сервер сұрауды орындап клиенке нәтижесін қайтарады.
Internet желісінде клиент пен сервер әр түрлі машиналарда орналасады. Әр түрлі жұмыстарға өзінің клиенті мен сервері болады. Олар қолданба протокол арқылы деректермен алмасады, сол протокол олардың сұрау- жауап пен алмасу ережесін анықтайды. Бұл жүйе желі қызметі деп аталады (сервис сети).
Сервер деп сұраулар арқылы белгілі ақпараттарды өңдейтін программаны не сондай программалар істейтін желі түйінін атайды.
№ 3 дәріс: Провайдер тораптары
Провайдер тораптарын біріктіру.
ISP, POP, NAP, «соңғы миля» түсініктері.
Әртүрлі категориядағы қолданушыларға арналған интернетке кіру түрлері.
Интернет тораптарының құрылымын бір-бірімен өзара байланысты мына тораптарға бөлуге болады:
әлем;
мемелекет;
жергілікті торап;
сервер (провайдер),
опто-волоконды кабель;
АТС, Мини АТС;
серік.
Ақпараттық сервер дегеніміз – қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т.с.с. мәліметтер сақталады.
Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айырықша өзіндік адрес (ІР – адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS Windows 98, Windows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, мұның бәрін істейтін арнайы қоғам – Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Internet-те қызмет көрсету провайдері – ISP (Internet Service provaider), Internet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
№ 4 дәріс: TCP/IP протоколы
TCP/IP протоколының стэгі.
IP бағдарының үрдісі.
ТСР/ІР – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |