ІV Білім алушылардың қорытынды аттестаттауда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер.
1.Магистрлік диссертация жазу үшін заманға сай өндіріс, ғылым мен мәдениеттің, қоғамның саяси өмірінің дамуына байланысты тақырыптарды алу керек.
V 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлаудың сапасын талдау
Кафедрада білікті де білімді профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Олардың базалық білімдері білім беру бағдарламаларға сәйкес келеді. Атап айтар болсақ, п.ғ.д., профессор Аяшев О., п.ғ.к., доцент Байдыбекова Е., п.ғ.к., доцент Кокумбаева Т.И., пси.ғ.к., доцент Орманова З., философия докторы (PhD) Утюпова Г.Е., п.ғ.д., доцент Ахметова Г.Б. философия докторы (PhD) Сейдина М.З., философия докторы (PhD) Аширбаева Н., философия докторы (PhD) Атабекова Б., ғ.м., аға оқытушы Теңізбаева Г.А., ғ.м., аға оқытушы Файзиев Н.С., ғ.м., аға оқытушы Шаманбетова Н.Қ., ғ.м., аға оқытушы Төлегенова Д., т.б.
Кафедрада білім беру бағдарламасы сандық және сапалық жағынан ресурстық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қолда бар ресурстарға талдау жасау арқылы және оларды арттыру мүмкіндіктерін қарастырудан туындайды. Кафедраның кадрлық әлеуеті нормативтік талаптарға сай келеді. Білім беру бағдарламасы инновация саласындағы келесі кезеңдерді: ғылыми-зерттеу қызметін, ОПҚ бойынша ғылыми жұмысты жоспарлау және білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметтерін, бағдарлама бойынша жеке пән әдістемелерін, магистрлік диссертациялар жазу бойынша мамандарды дайындауға кешенді талаптар қою ретін қамтиды.
Білім беру бағдарламасы мақсаттарын қалыптастырудағы басымдықтар, әлеуметтік-экономикалық сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларын есепке алу (еліміздегі және шетелдердегі), инновация мен шығармашылыққа қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы жұмыс оқу бағдарламасын «Филология және гуманитарлық білім» кафедрасы университет миссиясына сәйкес орындайды.
Білім беру бағдарламасы стратегиялық менеджменті бағдарламаның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімдік мақсатына сай барлық процестерді қамтиды. Білім беру бағдарламасы менеджменті университеттің стратегиялық жоспарына, факультеттің әлеуетіне, біріктірілген оқу-ғылым-өндіріс құрылым- дарына негізделініп білім алушылар мен жұмыс берушілердің сұранысы, ұсынысы негізінде қалыптасады.
Білім беру бағдарламасының модульдік бағдарламасы негізінде жұмыс оқу жоспары әзірленген. Бағдарламаны әзірлеу барысында тұтынушы мекемелердің сұраныстары қанағаттандырылып, келісімшарттар жасалынған.
Білім беру бағдарламасы іске асыру барысында оның мазмұнының модульдік қағидасын ұсынуға, оқу жоспарын құруға, сынақтық бірлік жүйесіне, тиісті білім беру технологиясына негізделе отырып білім беру процесі ұйымының кредиттік-модульдік жүйесі қолданылады.
Бакалавриаттық білім берудің классификаторы, біліктілігі еуропалық жоғары білім талаптарымен келісілген және дублин дескрипторларымен сәйкестендірілген.
«Болон» үдерісі негізіндегі кредиттік жүйесімен оқытудың білім мазмұны 240 кредитті құрайды.
Білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспары, білім беру бағдарламасы бойынша пәндердің оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, іс-тәжірибенің әдістемелік нұсқаулары, магистрлік диссертацияны қорғауын орындауға арналған әдістемелік нұсқау, қорытынды аттестациялаудың әдістемелік нұсқауы), пәннің оқу әдістемелік кешендері, пәннің жұмыс бағдарламасы, пәннің оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, силлабустармен қамтамасыз ету картасы, дәріс жинағы, практикалық-семинарлық сабақтардың әдістемелік нұсқауы, зертханалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы, ОМӨЖ, МӨЖ тапсырмаларын, қортынды бақылау материалдары, көрнекі құралдар мен таратылым материалдары, оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу, аудиториялар мен зертханалардың тізбесі) әзірленген. Негізгі ақпарат «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің магистранттаріне «Platonus» бағдарламасы арқылы беріледі. Факультеттің барлық магистранттарінің логині мен паролі бар, сайтқа еркін кіре алады.
Ағымдық межелік (7 және 14-апталар) және қорытынды бақылау (емтихан) өткізу ережелері, магистрант білімін бағалау саясаты, пәннің оқыту картасы және басқа да ақпараттар барлық пән бойынша силлабуста көрсетілген. Магистранттар өздерінің білімдерін бағалау ережелері туралы ақпарат алып отырады. Блок-рейтингілік аптаға дейін ОПҚ білімгерлерді 100 балдық жүйеде бағалап (практикалық, лабораториялық, семинар сабақтары, ОМӨЖ, МӨЖ және т.б.), «Platonus» ендіреді. «Platonus» бағдарламалары жүйелі ауыстырылып тұрады.
ОПҚ-тың, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнаулы кабинеттер бар. Олар: Жаңа иновациялық технологияларды оқыту әдістемесі, Ғылыми-педагогикалық зерттеу дәрісханалары компьютермен және интерактивті тақталармен қамтылған, виртуалды кітапхана мен электронды оқу залы магистранттарге үздіксіз қызмет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |