Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы



бет11/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#30341
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттiк басқарудың республикалық деңгейiнде:

экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;

бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;

бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын қамтитын жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесін;

2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

мыналарды:

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.

Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергiлiктi атқарушы орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.

3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттік параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттік мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды



5. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды



6. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды



7-1. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда



8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 62-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап жаңа редакцияда

62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары және меморандумы

1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.

2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын айқындайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.



Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.

4. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

5. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;

4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.

Стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Кодекстің белгіленген талаптары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады.

Бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Кодекстің белгіленген талаптары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

6. Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.



Меморандум Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.

Түйінді нысаналы индикаторлар азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін негізгі индикаторларды білдіреді.

Мемлекеттік органның меморандумына - бірінші басшы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.

Меморандум республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының меморандумдарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органның меморандумын әзірлеу және оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 63-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

63-бап. Операциялық жоспар

Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста стратегиялық жоспарға сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-шараларын, мемлекеттік органның бекітілген мақсаттарына, міндеттеріне және олардың қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі осы іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжатты білдіреді.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге лауазымды адам мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.

 

 



12-тарау. Бюджетті әзірлеу

 

245-бапқа сәйкес 64-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс кезде бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 65-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.

2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 65-1-баппен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-1-бап өзгертілді



65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.

Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.

Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

245-бапқа сәйкес 66-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап жаңа редакцияда; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап жаңа редакцияда



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет