Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Мемлекеттік кепілдікті



бет27/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#30341
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкерді ауыстыруға, талап қою мерзімі өтіп кетуіне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстің 191-196-баптары қолданылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бөлінген қаражат осы Кодекстің 184-бабына сәйкес белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген мерзім ішінде республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшін республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебінен мемлекеттік кепілдікті орындау арқылы мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекітеді.

 

221-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау



1. Мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Қарыз берушінің талабы бойынша мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау кезінде бұрын берілген мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасының Үкіметі растай алады немесе жаңасымен ауыстыра алады.

3. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды.

Жаңадан берілген мемлекеттік кепілдікке осы Кодекстің 214-бабының 1-тармағында белгіленген шектеулер қолданылмайды.

 

222-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру



1. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз шарты тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

2. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қарыз берушінің талабы бойынша жаңасымен ауыстыра немесе растай алады.

3. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берілген мемлекеттік кепілдікке осы Кодекстің 214-бабының 1-тармағында белгіленген шектеулер қолданылмайды.

 

223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері



Мемлекеттік кепілдік:

1) қарыз алушы немесе кепілгер Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындаған;

2) егер кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетілген кепілдік мерзімі өткен;

3) қарыз шартында және (немесе) кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) арнайы айтылған;

4) мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру кезінде кепілдік жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзінің қолданысын тоқтатады.

 

224-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу



Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын қарыз талаптарында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.

 

225-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық



Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшін және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерді орындамаған жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттарды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауаптылықта болады.

 

46-тарау. Мемлекет кепілгерлігі



 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 226-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

226-бап. Мемлекет кепілгерлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

 

227-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруді шектеу



1. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады.

3. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.

4. Мемлекет кепілгерліктерін беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 228-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

1. Мемлекет кепілгерліктері Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде беріледі.

2. Мемлекет кепілгерлігін беру:

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) осы Кодекстiң 233-бабына сәйкес қарыз алушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiн мемлекетке беруiнiң мiндеттiлiгi;

2) қарыз алушының арнайы шотта мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауды қамтамасыз етуге арналған қаражатты шоғырландыру міндеттемесі шартымен жүзеге асырылады.



Қаражатты арнайы шотта шоғырландыру тәртібі кепілгерлік шартында айқындалады.

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады.

4. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болған кезде жүзеге асырылады.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 229-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болу;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;

3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысының болуы;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жобаның қаржылық сараптамасы бойынша оң қорытындысының болуы;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) концессиялық өтінімге сараптаманың оң қорытындысының болуы не жекеше әріптесті айқындау туралы хаттаманың болуы;

6) мемлекет кепілгерлігімен не мемлекеттік кепілдіктерімен бұрын алынған, төлем мерзімдері басталған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;

8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 230-бап  өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 230-бап жаңа редакцияда



230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды iрiктеу

Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды iрiктеудi бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.

 

231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны



1. Мемлекет кепілгерлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат мемлекет кепілгерлігі деп танылуы мүмкін.

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының актілерінің немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепілгерлігі болатын заңдық күші болмайды.

2. Мемлекет кепілгерлігі шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.

3. Мемлекет кепілгерлігі шартында:

1) оған сәйкес мемлекеттің кепілгерлігі берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;

2) қарыз алушы мен қарыз берушінің атауы және тұрған жері;

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;

4) мемлекет кепілгерлігі берілетін қарыз сомасы, мемлекет кепілгерлігінің күші қолданылатын қарыз бойынша басқа да міндеттемелер. Басқа да міндеттемелер қарыз сомасын ұлғайта алмайды (капиталдандырмайды);

5) мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі;

6) мемлекет кепілгерлігі шартына қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.

4. Осы баптың 2-тармағында және 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттің кепілгерлігі жарамсыз болып саналады.

 

232-бап. Мемлекет беретін кепілгерліктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу



Мемлекет беретін кепілгерліктер және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 233-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау

1. Кепілгерге міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қарызды өтеу күні басталған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін.

2. Мемлекеттің кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық орынды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін және (немесе) қарыз алушы банкрот деп танылған не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол таратылған жағдайда, орындалуға жатады.

Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

3. Егер қарыз алушы төлеу мерзімі өтетін күні мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерін өтемесе, кепілгер мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға құқылы. Бұл жағдайда кепілгер қарыз алушыға кері талап қояды.

Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

 

234-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтатудың негіздері



Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушы немесе кепілгер мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін қолданылуын тоқтатады.

 

235-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға қойылатын шектеу



Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.

 

236-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық



Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты қайтаруы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады

 

47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау



 

237-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу

Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

 

238-бап. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау



Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актілерінің заңдық күші болмайды.

 

239-бап. Дауларды шешу



1. Қарыз шарттарына, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға, үкіметтік кепілдіктерге, кепілгерліктерге байланысты немесе мемлекеттік, үкіметтік борышты, жергілікті атқарушы органдардың борышын немесе мемлекет кепілдік берген борышты басқаруды қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше келіссөздер жүргізу арқылы не қарыз шарттарында, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ережелерінде белгіленген дауларды шешудің бұрын келісілген рәсімдеріне сәйкес шешіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге даулардың барлығын, шетелдік қарыз берушінің Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешеді.

 

13-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер



 

48-тарау. Өтпелі ережелер

 

 



245-бапқа сәйкес 240-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

240-бап. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу

1. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер осы Кодекстің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша әзірленеді.

2. Осы Кодекстің 50-52-баптарында  көзделген жергілікті бюджеттердің түсімдерін болжауды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімдік фискалдық саясат негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімнің мәтіні:

1) алдағы қаржы жылындағы бюджет кірістерінің, шығындарының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдерін;

2) жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдерін және төменгі тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдерін;

3) жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшерін;

4) басқа да ережелерді қамтиды.

4. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімге мыналар қоса тіркеледі:

1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет. Бұл ретте түсімдер - санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі;

3) 2009 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңмен (2009 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен) белгіленген жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың бюджетіне) бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі;

5) қаладағы әрбір ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

6) басқа да деректер.

5. Бюджеттік бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттер.



Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттерді бюджеттік бағдарлама шеңберінде нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу нәтижелерін көрсететін мақсаты, міндеттері және индикаторлары болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің жолдары болып табылады.

Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетін болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған мемлекеттік функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен даму жоспарларының міндеттерін бейнелеуге тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемлекет көрсететін тиісті қызметтерді бейнелейтін мемлекеттік функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарлары міндеттерінің іс-шараларына сәйкес болуға тиіс.

6. Бюджеттік бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына бөлінеді.



Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар - олардың нәтижелері:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге;

2) республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткізуге, олардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.

Бюджеттік даму бағдарламалары - нәтижелері республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткізу дәрежесіне және олардың міндеттері мен іс-шараларын шешуге тікелей ықпал ететін, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.

 

245-бапқа сәйкес 241-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет