36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері
171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер
1. Бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесті білдіреді.
2. Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.
3. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
4. Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:
1) салық берешегінің болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;
3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері
Бюджеттік кредиттерді беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері
Бюджеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:
1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын критерийлерге сәйкес қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.
174-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері
1. Кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттеу субъектілері болып табылады.
2. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.
175-бап. Кредитор
1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы кредитор болып табылады.
2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.
Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Yкіметінің атынан кредитор ретінде әрекет етеді.
3. Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады.
4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
176-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарабы болып табылады және:
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қаржы агенттіктерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін жүзеге асырады.
177-бап. Қарыз алушылар
1. Бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады.
2. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.
178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкілікті қарыз алушылар бола алады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Түпкілікті қарыз алушыларды іріктеуді және кредиттеуді бюджеттік бағдарламаның нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерінің кредиттік саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымдар немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы жүзеге асырады.
179-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.
2. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенімгердің) тапсырмасы бойынша мынадай іс-әрекеттерді орындай алады:
1) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;
2) қарыз алушылармен есеп айырысу;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бюджеттік инвестициялық жобалардың және (немесе) қарыз алушы немесе түпкілікті қарыз алушы іске асыратын инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қарыз алушының және (немесе) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алу;
6) қарыз алушы-жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттік шарттар жасасу;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) түпкілікті қарыз алушыларды айқындау.
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қаржы агенттігін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер тапсырыс шартында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшін төленетін сыйақының мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
37-тарау. Бюджеттік кредиттеу талаптары
180-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары
1. Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:
1) берудің мақсаты;
2) мөлшері;
3) валютасы;
4) мерзімі;
5) игеру кезеңі;
6) сыйақы .
2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешімімен белгіленеді.
3. Кредиттік шартқа қосымша талаптар, оның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін айқындайтын талаптар, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері енгізіледі.
181-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі
1. Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады.
2. Бюджеттік кpeдиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледі.
3. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
2) орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін;
3) ұзақ мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
182-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі
Бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі бюджеттік кредитті игеру кезеңі болып табылады.
183-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті атқарушы органдарға және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін.
Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы немесе түпкілікті қарыз алушы жүргізеді.
184-бап. Сыйақы мөлшерлемесі
1. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы жүзеге асыратын төлем - сыйақы болып табылады.
2. Жылдық пайыздар түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
3. Сыйақы мөлшерлемесі тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін.
Мөлшері бюджеттік кредиттің барлық мерзіміне өзгеріссіз белгіленетін сыйақы мөлшерлемесі тіркелген сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
Мөлшері қаржы нарығындағы конъюнктураға байланысты өзгеріп тұратын сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа өлшемді мөлшерлемесі кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесі деп танылады.
Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейді.
185-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілдері
Бюджеттік кредит:
1) қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу;
2) бір мерзімде не аудару графигіне сәйкес бөліп-бөліп немесе қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару арқылы берілуі мүмкін.
186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі
1. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейді.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін.
Бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі жеңілдік кезеңі болып табылады, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды. Жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс.
Бір жылға дейінгі мерзіммен қаржылық агенттіктерді бюджеттік кредиттеу кезінде бюджет кредиті мерзімінің соңында бюджеттік кредитті өтеуге жол беріледі.
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 187-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 187-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау
Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауын;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын қамтиды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы экономикалық сараптаманың қорытындысы ескеріле отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бюджет комиссиясының бюджеттік өтінімді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын қарауын;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бюджеттік комиссияның бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауын қамтиды.
188-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі
1. Бюджеттік кредит беру рәсімі мынадай кезеңдерді:
1) бюджеттік кредиттің негізгі талаптарын айқындауды;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қарыз алушыны, оның ішінде түпкілікті қарыз алушыны ол болған жағдайда айқындауды;
3) кредиттік шарт және олармен байланысты шарттар жасасуды;
4) қарыз алушыға бюджеттік кредит беруді қамтиды.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін бюджеттік кредиттердің негізгі шарттары туралы және қарыз алушылардың санаттары туралы кредитор шешімдерінің жобаларын бекітуге енгізеді.
3. Қарыз алушыларды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу кезінде тапсырма шартына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент);
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейді;
3) жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар осы Кодекске сәйкес айқындалады;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджеттік кредиттер алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу сенім білдірілген өкілдер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік кредит беру кредиттік шарт, тапсырма шарттары және бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі рәсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі қажетті құжаттардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері
1. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен беріледі.
2. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер шет мемлекеттер бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа міндетті күш беру үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізген жағдайда беріледі.
3. Шет мемлекетті бюджеттік кредиттеудің тәртібі мен талаптары бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартта белгіленеді.
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы алдындағы борышын құрайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 190-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 190-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |