Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Бюджеттік бағдарламалар



бет5/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#30341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

1. Стратегиялық жоспарды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысты республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.



Стратегиялық жоспар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.



Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.

3. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды нысаналы трансферттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісімен келісу бойынша төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бекітеді.

4. Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша қайта бекітіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға тоқсанына бiр реттен жиілетпей тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.

5. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша біртекті мемлекеттік функциялары, өкілеттіктері мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттары бойынша топтастырылуға тиіс.

6. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын, стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді.

Бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламалары болған кезде тікелей нәтиже көрсеткіштері кіші бағдарламалар деңгейінде көрсетіледі.

7. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.



Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебiнен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.

8. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарлама басшысы — бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы бекітіледі.



Бюджеттік бағдарлама басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

9. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 32-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;

трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;

бюджеттік кредиттер беруге;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;

күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;

мемлекет міндеттемелерін орындауға;

нысаналы салым салуға;

нысаналы аударымға бағытталған бағдарламалар болып бөлiнедi.

Стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:



1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға;

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға;

4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:

1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаны әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері қаражатты осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) және бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді.

Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.

 

245-бапқа сәйкес 34-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді; 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетілуге тиіс.

3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.

 

245-бапқа сәйкес 35-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;

3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.

2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық бюджеттерге және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мынадай түсімдер:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;

2) мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына арналған трансферттер болып табылады.

3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)



6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 36-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік кредиттер:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;

3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталады.

 

245-бапқа сәйкес 37-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.

 

245-бапқа сәйкес 38-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.

 

245-бапқа сәйкес 39-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;

қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға үлестік және донорлық жарналар;

мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;

мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.

 

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықытырылды



39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.

2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.

Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда



5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 39-2-баппен толықтырылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет