«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз



жүктеу 73.94 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі73.94 Kb.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз
ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіарқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жылжымайтын мүлік кепіл шарты.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:



1) жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат(түпнұсқасы және көшірмесі);

2) әділет органдары берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

3) егер кепілге ұсынылған жылжымайтын мүлік құны оқу шартының сомасын жаппаған жағдайда, әділет органының көрсетілетін қызметті алушының өзін қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының отбасының барлық мүшелерінен (ата-анасы, жұбайы, балалары) Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама;

4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар (түпнұсқа);

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

6) бағалау қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушымен кепіл шартын жасаған сәтке дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей берілген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп;

7) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары (жер учаскесі, жер учаскесі бар тұрғын үй немесе жер учаскесі бар тұрғын емес орынжай үшін) (түпнұсқа);

8) нотариалды куәландырылған өтініш, егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі(лері) некеде тұрған болса, жылжымайтын мүлікті соттан тыс іске асыруға келісімімен жылжымайтын мүлікті кепілге беруге мүлік иесінің жұбайынан (зайыбынан) келісім, сондай-ақ неке туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірме), меншік иесі(лері) жұбайының (зайыбының) жеке куәлігі (көшірме);

9) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі(лері) некеде тұрмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтіндегі жылжымайтын мүлік иесі(лері)нің отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

10) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі некеде тұрған болса, алайда кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (айырылысқан болса) некені бұзу туралы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарының куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

11) егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелеттік жасқа толмаған адам болса, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасауға қамқоршылық және қорғаншылық органдардың жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелеттік жасқа толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі, сондай-ақ тұлғада кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелеттік жасқа толмаған меншік иесінің, егер оның атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар.

Жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған жағдайдаон төрт жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған мүлік иесі атынан жылжымайтын мүлік кепіл шартына оның ата-анасы/асырап алушылар/қорғаншылары қол қояды.

14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелеттік жасқа толмаған жылжымайтын мүлік иелері ата-аналарының/асырап алушылардың/қорғаншыларының жазбаша келісімімен кепіл шартын өз еркімен жасайды.

Ата-аналарының/асырап алушыларының/қорғаншыларының келісімі кәмелет жасқа толмаған меншік иесінің қолымен қатар жылжымайтын мүлік кепіл шартында олардың қолдарымен куәландырылады.

Жылжымайтын мүлік иесі(лері)нен кепілге және соттан тыс сатуға құқық беруге нотариалды куәландырылған келісім-өтініш жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалған жағдайда ұсынылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)шағымдану.

Шағымжазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына не көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.



Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушініңбасшысына, Министрліктің басшысына жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz;

2) көрсетілетін қызметті беруші: www.bolashak.gov.kz;

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.



14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіжөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

 

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет