Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-тарау. БЮДЖЕТТI НАҚТЫЛАУ



бет10/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

19-тарау. БЮДЖЕТТI НАҚТЫЛАУ

      106-бап. Бюджеттi нақтылау

      1. Тиiстi қаржы жылы iшiнде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көрсеткiштерiн өзгерту республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау болып табылады.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау:
      1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн ахуалды жою қажет болған;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттер кiрiстерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi қабылданған немесе өзгертiлген;
      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару барысында түсiмдерi ағымдағы қаржы жылы олардың бекiтiлген жылдық көлемiнен он проценттен астам сомаға кемiген;
      4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлiнген және бөлiнген нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң көлемдерi өзгерген;
      5) осы Кодекстiң 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында және 104-бабының 5-тармағында көзделген;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      6) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      6) аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар бойынша осы Кодекстiң 154 және 156-баптарында көрсетiлген тиiстi құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргiзiледi.
      3. Сондай-ақ бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер енгiзу кезiнде жергiлiктi бюджеттердi нақтылауға жол берiледi.
      4. Жергiлiктi атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде тоқсанына бiр-ақ рет жергiлiктi бюджеттi нақтылауға жол берiледi.
      5. Тиiстi бюджеттiк комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстары негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешiм қабылданған бюджеттiк бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.
      Ескерту. 106-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      107-бап. Республикалық бюджеттi нақтылау

      1. Республикалық бюджеттi нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және(немесе) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды Республикалық бюджеттiк комиссия қарайды.
      3. Республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде осы Кодексте белгiленген республикалық бюджеттi әзiрлеу мен бекiту кезiндегi талаптар сақталады.
      4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бес жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға, өзгерiстер енгiзу көзделетiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
      4-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсыну үшiн олар бойынша қорытындылар дайындайды.
      5. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiлген, стратегиялық жоспарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттiк өтiнiмдердi ұсынғаннан кейiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды он жұмыс күнi iшiнде қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      6. Республикалық бюджеттiк комиссияның ұсынысын ескере отырып, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде нақтыланған республикалық бюджеттiң жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.
      7. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссияның ұсынысы негiзiнде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасы бойынша он жұмыс күнi iшiнде республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынады.
      Ескерту. 107-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      108-бап. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар


                қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау

      1. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджеттiк комиссия қарайды.
      3. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау кезiнде облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн әзiрлеу мен бекiту кезiнде осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
      4. Облыстық бюджеттердi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау республикалық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
      Ескерту. 108-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн


                нақтылау

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджеттiк комиссия қарайды.
      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау кезiнде осы Кодексте белгiленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн әзiрлеу мен бекiту кезiндегi талаптар сақталады.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау облыстық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
      Ескерту. 109-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

20-тарау. СЕКВЕСТР ЖӘНЕ БЮДЖЕТТI ТҮЗЕТУ

      110-бап. Секвестр

      1. Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгiлi бiр шектерде қысқартуды көздейтiн арнайы тетiктi бiлдiредi, ол республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару кезiнде бекiтiлген түсiмдер республикалық және жергiлiктi бюджеттерге толық түспеуi салдарынан бекiтiлген бюджеттiк бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкiн болмаған жағдайларда енгiзiледi.
      2. Бюджеттiк бағдарламаларды олардың бекiтiлген жылдық көлемiнiң он процентiнен кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның секвестр жүргiзу туралы қаулысының негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодексте белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттi түзетудi жүзеге асырады.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтiк бағыттылығы ескерiледi.
      5. Тиiстi бюджеттiк комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң тiркелуiн жүзеге асыруды және секвестрлеу белгiленген бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдер жүргiзудi тоқтата тұрады.
      6. Секвестрлеу кезiнде бюджет қаражаты есебiнен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      111-бап. Бюджеттi түзету



      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезектi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы бекiтiлген (нақтыланған) бюджеттiң көрсеткiштерiн өзгерту бюджеттi түзету болып табылады.
      Егер жүргiзiлген түзетуден кейiн бюджеттi нақтылау жүргiзiлсе, бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттiң түзетiлген көрсеткiштерi нақтыланған бюджетте көрсетiледi.
      2. Республикалық бюджеттi түзету:
      1) орталық мемлекеттiк органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттерi өзгертiлген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттi түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, қысқартуды (ұлғайтуды), берудi бiлдiредi;
      2) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың белгiлi бiр әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары құрамында бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнген;
      3) осы Кодекстiң 24-бабының 3-тармағында көзделген;
      4) осы Кодекстiң 104-бабының 4-тармағында көзделген;
      5) осы Кодекстiң 110-бабының 3-тармағында көзделген;
      5-1) осы Кодекстiң 151-бабының 8-тармағында көзделген;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      6) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      6) аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар бойынша осы Кодекстiң 154 және 156-баптарында көрсетiлген тиiстi құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Бұл ретте көрсетiлген бюджеттiк инвестицияларды iске асыру үшiн көзделген сомалар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiнiң бiр бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде басқа бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында қайта бөлiнуi мүмкiн.
      3. Жергiлiктi бюджеттердi түзету:
      1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттерi өзгертiлген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттi түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiнде бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, қысқартуды (ұлғайтуды), берудi бiлдiредi;
      2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалардан қаражат бөлiнген;
      3) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың белгiлi бiр әкiмшiсiнiң құрамында бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнген;
      4) осы Кодекстiң 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген;
      5) осы Кодекстiң 104-бабының 4-тармағында көзделген;
      6) осы Кодекстiң 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 111-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

21-тарау. БЮДЖЕТТIК МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДI БАҒАЛАУ

      112-бап. Бюджеттiк мониторинг

      1. Мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау, бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердiң уақтылы жүргiзiлмеу себептерiн анықтау, бюджет түсiмдерi мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттiң атқарылу көрсеткiштерiн тұрақты және жүйелi жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттiк мониторинг болып табылады.
      2. Бюджеттiк мониторингтi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      3. Бюджеттiк мониторинг бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiгi және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын ақпарат негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептер бередi.
      5. Бюджеттiк мониторингтiң нәтижелерi бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы талдамалық есептi, сондай-ақ ай сайын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар бойынша қабылданбаған мiндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат бередi.
      6. Тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептiң нәтижелерi тиiстi бюджеттi әзiрлеу немесе нақтылау кезiнде ескерiледi.
      7. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк мониторинг жүргiзу жөнiндегi жалпы әдiснамалық және әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 112-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      113-бап. Нәтижелердi бағалау

      1. Мемлекеттiк орган қызметiнiң ел немесе өңiр экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигiзетiн әсерiн кешендi және объективтi бағалау, мемлекеттiк орган қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзудi стратегиялық жоспар мен бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау негiзiнде талдау нәтижелердi бағалау болып табылады.
      2. Нәтижелердi бағалау:
      1) нәтижелер көрсеткiштерiн таңдаудың дұрыстығын, олардың түсiнiктi және анық жазылуын, бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға қажеттi ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын талдауды;
      2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу дәрежесiн талдауды;
      3) алынған нәтижелердiң стратегиялық жоспарда айқындалған мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн бағалауды;
      4) қол жеткiзген нәтижелердiң мемлекеттiк қызмет көрсетудi алушылардың мүдделерi мен қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн бағалауды;
      5) нәтижелердiң стратегиялық мақсаттар мен көрсеткiштерге қол жеткiзе алмау себептерiн талдауды;
      6) мемлекеттiк органның қызметiн жақсарту, бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру көлемiн ұлғайту, қысқарту не оларды бюджеттен алып тастау жөнiндегi ұсынымдарды қамтуға тиiс.
      3. Нәтижелердi бағалауды жүргiзу кезiнде үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) оларды алушыларға сауал қою негiзiнде алынған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.
      4. Нәтижелердi бағалауды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      5. Нәтижелердi бағалауды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Ескерту. 113-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-бөлiм. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКIН
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШIЛЕС ҰЙЫМДАРЫН ҚОСПАҒАНДА, МЕМЛЕКЕТТIК
МЕКЕМЕЛЕРДIҢ БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕПКЕ АЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIГIНIҢ ЖҮЙЕСI

22-тарау. БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСI

      114-бап. Бухгалтерлiк есепке алудың және қаржылық


                есептiлiктiң мақсаты

      Бухгалтерлiк есепке алудың және қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi адамдарды мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

      115-бап. Бухгалтерлiк есепке алудың және қаржылық
                есептiлiктiң принциптерi мен негiзгi сапалық
                сипаттамалары

      1. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi жасау принциптерi есептен шығару және қызмет үздiксiздiгi болып табылады.


      Есептен шығару принципi ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактiсi бойынша операциялардың нәтижелерiн танумен қамтамасыз етiледi.
      Қызмет үздiксiздiгi принципi мемлекеттiк мекеменiң алдағы болашақта жұмыс iстейтiн ниетi бар екенiн, қызметiн таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуiр қысқартудың қажетi болмайтынын бiлдiредi. Егер мұндай ниет немесе қажеттiлiк бар болса, онда қаржылық есептiлiк арнаулы ережелер бойынша жасалады.
      2. Қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық болып табылады.
      Түсiнiктiлiк - қаржылық есептiлiкте берiлетiн ақпарат пайдаланушыларға түсiнiктi болуы тиiс.
      Орындылық - шешiмдер қабылдайтын пайдаланушылар үшiн ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуi, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуi тиiс.
      Сенiмдiлiк - елеулi қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретiнде сенуi.
      Салыстырмалылық - әртүрлi кезеңдердегi және әртүрлi мемлекеттiк мекемелердiң ақпаратын салыстыру мүмкiндiгi. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелерi барлық мемлекеттiк мекемелер үшiн бiрыңғай әдiснама бойынша жүзеге асырылуға тиiс.

      116-бап. Бухгалтерлiк есепке алу жүйесi

      1. Бухгалтерлiк есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттiк мекемелердiң операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жинақтаудың тәртiпке келтiрiлген жүйесiн бiлдiредi.
      2. Есепке алу саясаты мемлекеттiк мекемелер барлық мемлекеттiк мекемелер үшiн бiрыңғай болып табылатын қаржылық есептiлiктi жасау мен ұсыну кезiнде қолданатын принциптердi, негiздердi, ережелердi, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi.
      3. Бухгалтерлiк есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспары негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн, мемлекеттiк мекемелерде түгендеу жүргiзу тәртiбiн, мемлекеттiк мекемелер үшiн бухгалтерлiк құжаттама нысандарының альбомын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелiгiн ескерiп және мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, мемлекеттiк мекемелерде өз жүйесiнiң бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi жалпы ережелерiн қолдану тәртiбi туралы нұсқаулар шығара алады.
      Ескерту. 116-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

23-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК

      117-бап. Қаржылық есептiлiк

      1. Қаржылық есептiлiк мемлекеттiк мекеменiң қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң қаржылық есептiлiгi:
      1) бухгалтерлiк балансты;
      2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2-1) қаржы қызметiнiң нәтижелерi туралы есептi;
      2-2) таза активтердiң/капиталдың өзгерiстерi туралы есептi;
      3) қаржыландыру көздерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есептi;
      4) түсiндiрме жазбаны қамтиды.
      3. Мемлекеттiк мекеменiң қаржылық есептiлiгi бастапқы құжаттармен расталады.
      4. Мемлекеттiк мекеме барлық операциялардың бiрыңғай бухгалтерлiк есепке алынуын жүргiзедi.
      5. Қаржылық есептiлiк нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 117-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға мiндеттi.

      119-бап. Есептi кезең

      1. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтiзбелiк жыл есептi кезең болып табылады.
      2. Жаңадан құрылған мемлекеттiк мекеме үшiн бiрiншi есептi жыл ол мемлекеттiк тiркелген кезден бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңдi қамтиды.

      120-бап. Қаржылық есептiлiктi ұсыну

      1. Мемлекеттiк мекемелер қаржылық есептiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне табыс етедi.
      2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қаржылық есептiлiктi:
      1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
      3. Қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен берiледi.
      4. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган аралық қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмiн анықтауға және жылына кемiнде бiр рет өзге де кезеңдiлiктi белгiлеуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет