Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ ҚАРЫЗ АЛУЫ



бет16/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

43-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ ҚАРЫЗ АЛУЫ

      205-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу


                 мақсаттары

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы:


      1) республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында;
      2) борыштық құралдардың iшкi нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджет профицитi кезiнде үкiметтiк борышты қайта қаржыландыру үшiн қарыз алуды жүзеге асыра алады.

      206-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуды


                жүзеге асыруы

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы:


      1) қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегiн белгiлеу;
      2) қарыз алудың басымдықтарын айқындау;
      3) болжамды үкiметтiк қарыздардың тiзбесiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қарыздар тартуды әрбiр жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитентi болып табылады, ол осындай мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын айқындайды.
      3-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер немесе мемлекеттiк ислам бағалы қағаздары түрiнде мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыз алушы болатын, оны ұстаушының қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттiк қазынашылық мiндеттеме болып табылады.
      Қосалқы жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан түскен табыстарды алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттiк ислам бағалы қағазы болып табылады.
      Мемлекеттiк ислам бағалы қағазы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгiленген исламдық қаржыландырудың негiзгi қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен шығарылады.
      3-2. Қазақстан Республикасының Үкiметi iшкi нарықта шығаратын мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Борыштық құралдардың iшкi нарығының дамуына жәрдемдесу үшiн үкiметтiк iшкi қарыз алу үкiметтiк қарыз алудың оңтайлы деңгейiн қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелдi ескере отырып жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиiстi бағдарды белгiлеу үшiн айналымда қажеттi құрылымы бар мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемi және бюджеттiң қалыптасқан iс жүзiндегi орындалуына тәуелсiз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады.
      Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      207-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуын


                шектеу

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үкiметтiк борыш лимитiмен және үкiметтiк қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемiмен шектеледi.

      208-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борышын өтеу
                және оған қызмет көрсету

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, олар шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.



44-тарау. ЖЕРГIЛIКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚАРЫЗ АЛУЫ

      209-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу


                 мақсаттары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкiметiнен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.


      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.

      210-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын


                шектеу

      1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның белгiленген борыш лимитiмен және тиiстi жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi.


      2. Тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң он процентiне тең мөлшерден аспауға тиiс.

      211-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және


                оған қызмет көрсету

      Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi олар жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттар есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

      212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың
                жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк
                бағалы қағаздар шығаруы

      1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.


      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемiн және нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Бұл ретте жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қарыз алуының жиынтық көлемi тиiстi жергiлiктi атқарушы орган борышының белгiленген лимитiнен аспауға тиiс.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шығарылатын мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу мiндеттi түрде мiндеттемелерде белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.

45-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПIЛДIК БЕРГЕН ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ БОРЫШ

      213-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк

      1. Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң берешектi толық немесе iшiнара өтеуге қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк, егемендi) кепiлдiгi (мемлекеттiк кепiлдiк) болып табылады.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер қарыз берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.
      3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Үкiметi ие болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен жүзеге асырады.

      214-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi шектеу

      1. Мемлекеттiк кепiлдiктер республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн лимит шегiнде берiледi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретiнде берiлмейдi.
      3. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиiстi қаржы жылының шегiнде ғана пайдаланыла алады.

      215-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру шарттары

      1. Мемлекеттiк кепiлдiктер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негiзiнде берiледi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру осы Кодекстiң 220-бабына сәйкес кепiл мiндеттемелерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмсайтын бюджет қаражатын қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк емес қарыз бойынша мемлекеттiк кепiлдiк берiлгенi үшiн қарыз алушыдан мемлекеттiк кепiлдiк беру кезiнде жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуы бар заңды тұлғалар үшiн, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 0,2 процентi мөлшерiнде және басқа да заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының екi процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) алынады.
      4. Мемлекеттiк кепiлдiк беру мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiм мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiк жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауға байланысты республикалық бюджеттен берiлген қаражаттарды қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттар ресiмделiп, тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) және мемлекет кепiлдiк берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттiк кепiлдiк беру, мемлекет кепiлдiк берген қарыз шартына сәйкес мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелер орындалған жағдайда бөлiнген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөнiндегi құқықтық қатынастарды белгiлейтiн келiсiм мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiм болып табылады.
      Ескерту. 215-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      216-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға


                қойылатын талаптар

      Қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретiнде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:


      1) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резидентi болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн, тиiстi кезеңге арналған мемлекеттiк кепiлдiкпен берiлетiн мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобалардың iске асырылуын жүзеге асыруы;
      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екiншi деңгейдегi банк кепiлдiгiнiң не сақтандыру шартының болуы.
      Банк кепiлдiгi қарыз шартының бүкiл қолданылу мерзiмiне бiр рет берiледi және негiзгi борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсiмақының, айыппұлдың) барлық сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдердi жабады.
      Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттiң мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелерiн орындауына әкеп соқтыруы мүмкiн тәуекелдердi сақтандыруды қамтамасыз етуге тиiс;
      4) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      6) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      7) бұрын алынған, ол бойынша төлем мерзiмдерi басталған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде берешектерiнiң, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
      8) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөнiндегi мiндеттемелердiң қамтамасыз етiлуi;
      9) ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемiнде 30 проценттi құрайтын меншiктi капиталының болуы;
      10) төлемақы төлеуге қабiлеттi болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкiне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиiс.
      Ескерту. 216-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      217-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық


                жобаларды iрiктеу

      1. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеуге немесе түзетуге және оның экономикалық сараптамасына қойылатын талаптарды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      Ескерту. 217-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      218-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң нысаны

      1. Мемлекеттiк кепiлдiк бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушi (облигациялар ұстаушылардың өкiлi) арасында кепiлдiк шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттiк емес қарыз бойынша кепiлгердiң мiндеттемесiн (кепiлдiк мiндеттемесiн) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау нысанында берiледi.
      Мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша кепiлдiк шарты болған жағдайда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қарыз алушының векселiн авальдандыруға құқылы.
      Осы баптың талаптарына сәйкес келетiн құжат қана мемлекеттiк кепiлдiк болып танылуы мүмкiн. Мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актiлерi мен құжаттарында мемлекеттiк кепiлдiктiң заңдық күшi болмайды.
      2. Әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк шартына, кепiлдiк мiндеттемесiне, қарыз алушының әрбiр мiндеттемесi бойынша авальға бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.
      3. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк мiндеттемесiнде:
      1) оған сәйкес мемлекеттiк кепiлдiк берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының деректемелерi;
      2) қарыз алушының атауы және тұрған жерi;
      3) қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
      4) кепiлдiк берiлетiн қарыз сомасы, берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктiң күшi қолданылатын қарыз бойынша кепiлдiк берiлетiн басқа да мiндеттемелер;
      5) мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi;
      6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк мiндеттемесiне) қол қойған лауазымды адам көрсетiледi.
      4. Кепiлдiк шартында, кепiлдiк мiндеттемесiнде осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған кезде:
      1) мемлекеттiк кепiлдiк борышкердiң қарыз бойынша барлық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк кепiлдiк қарыз шартының қолданылу мерзiмiне берiлдi деп саналады.
      5. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк мiндеттемесiнде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы баптың 2-тармағын бұза отырып, уәкiлеттi емес тұлға қарыз алушының мiндеттемелерiн авальдандырған кезде мемлекеттiк кепiлдiк жарамсыз болып саналады.

      219-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi және мемлекет


                кепiлдiк беретiн қарыздарды есепке алу

      Берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктердi және мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға тиiс.


      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады.
      Мемлекет кепiлдiк берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйiнiң мониторингi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      220-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң орындалуы

      Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген қарызды төлем мерзiмi басталған күнi және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегiнде толық немесе iшiнара өтемеген жағдайда, қарыз берушiнiң талабы бойынша мемлекеттiк кепiлдiк төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға жатады.
      Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкердi ауыстыруға, талап қою мерзiмi өтiп кетуiне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстiң 191-196-баптары қолданылады.
      Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бөлiнген қаражат осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес белгiленген сыйақы ставкасы бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген мерзiм iшiнде республикалық бюджетке қайтарылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебiнен мемлекеттiк кепiлдiктi орындау арқылы мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асыруға құқылы.

      221-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайта


                құрылымдау

      1. Мемлекет кепiлдiк берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған жағдайда қарыз берушi мен қарыз алушының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.


      2. Қарыз берушiнiң талабы бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарызды қайта құрылымдау кезiнде бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi растай алады немесе жаңасымен ауыстыра алады.
      3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды.
      Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Кодекстiң  214-бабының 1-тармағында белгiленген шектеулер қолданылмайды.

      222-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз


                алушыны ауыстыру

      1. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған жағдайда қарыз шарты тараптарының келiсiмi бойынша жол берiледi.


      2. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк кепiлдiктi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде қарыз берушiнiң талабы бойынша жаңасымен ауыстыра немесе растай алады.
      3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Кодекстiң 214-бабының 1-тармағында белгiленген шектеулер қолданылмайды.

      223-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылуын тоқтату


                негiздерi

      Мемлекеттiк кепiлдiк:


      1) қарыз алушы немесе кепiлгер Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындаған;
      2) егер кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi өткен;
      3) қарыз шартында және (немесе) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) арнайы айтылған;
      4) мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру кезiнде кепiлдiк жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзiнiң қолданысын тоқтатады.

      224-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын


                пайдалануға қойылатын шектеу

      Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын қарыз талаптарында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.

      225-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатының
                пайдаланылуына бақылау және жауаптылық

      Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Мемлекеттiк кепiлдiгi бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшiн және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражаттарды қайтару үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен көзделген жауаптылықта болады.

46-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПIЛГЕРЛIГI

      226-бап. Мемлекет кепiлгерлiгi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлгерлiк шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберiнде тартылған, қарыз бойынша қарыз берушi алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе iшiнара өтеу мiндеттемесi мемлекет кепiлгерлiгi болып табылады.P061254
      Кепiлгерлiк бойынша мiндеттемелер қарыздың негiзгi сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

      227-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн берудi шектеу

      1. Мемлекет кепiлгерлiгi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимит шегiнде берiледi.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады.
      3. Мемлекет кепiлгерлiктерi бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретiнде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретiнде тартылатын қарыздар бойынша берiлмейдi.
      4. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиiстi қаржы жылы шегiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн.

      228-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары

      1. Мемлекет кепiлгерлiктерi Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң негiзiнде берiледi.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру:
      1) осы Кодекстiң 233-бабына сәйкес қарыз алушының концессия объектiсiн мемлекетке беруiнiң мiндеттiлiгi;
      2) қарыз алушының арнайы шотта мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындауды қамтамасыз етуге арналған қаражатты шоғырландыру мiндеттемесi шартымен жүзеге асырылады.
      Қаражатты арнайы шотта шоғырландыру тәртiбi кепiлгерлiк шартында айқындалады.
      3. Мемлекеттiк емес қарыз бойынша мемлекет кепiлгерлiгi берiлгенi үшiн қарыз алушыдан мемлекет кепiлгерлiгi сомасының екi процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) өндiрiп алынады.
      4. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болған кезде жүзеге асырылады.

      229-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғаларға


                қойылатын талаптар

      Заңды тұлғалар өздерi қарыз алушы ретiнде әрекет ететiн қарыздар бойынша мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер болғанда осы заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:


      1) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидентi болу;
      2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейтiн мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
      3) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оң қорытындысының болуы;
      4) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның жобаның қаржылық сараптамасы бойынша оң қорытындысының болуы;
      5) экономикалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
      6) мемлекет кепiлгерлiгiмен не мемлекеттiк кепiлдiктерiмен бұрын алынған, төлем мерзiмдерi басталған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегiнiң, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
      7) концессия объектiсiнiң құнына қатысты кемiнде жиырма проценттi құрайтын меншiктi капиталының болуы;
      8) төлемақы төлеуге қабiлеттi болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкiне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиiс.
      Ескерту. 229-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе лимит


                көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды
                iрiктеу

      Ескерту. 230-баптың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе лимит көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      Ескерту. 230-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      231-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiнiң нысаны

      1. Мемлекет кепiлгерлiгi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган мен қарыз берушi арасында мемлекет кепiлгерлiгi шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы берiледi.
      Осы баптың талаптарына сәйкес келетiн құжат мемлекет кепiлгерлiгi деп танылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының актiлерiнiң немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепiлгерлiгi болатын заңдық күшi болмайды.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгi шартына бюджеттi атқару жөнiндегi  орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.
      3. Мемлекет кепiлгерлiгi шартында:
      1) оған сәйкес мемлекеттiң кепiлгерлiгi берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының деректемелерi;
      2) қарыз алушы мен қарыз берушiнiң атауы және тұрған жерi;
      3) қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
      4) мемлекет кепiлгерлiгi берiлетiн қарыз сомасы, мемлекет кепiлгерлiгiнiң күшi қолданылатын қарыз бойынша басқа да мiндеттемелер. Басқа да мiндеттемелер қарыз сомасын ұлғайта алмайды (капиталдандырмайды);
      5) мемлекет кепiлгерлiгiнiң қолданылу мерзiмi;
      6) мемлекет кепiлгерлiгi шартына қол қойған лауазымды адам көрсетiледi.
      4. Осы баптың 2-тармағында және 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттiң кепiлгерлiгi жарамсыз болып саналады.

      232-бап. Мемлекет беретiн кепiлгерлiктердi және мемлекет


                кепiлгерлiгiмен берiлетiн қарыздарды есепке алу

      Мемлекет беретiн кепiлгерлiктер және мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлетiн қарыздар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркелуге және есепке алынуға жатады.


      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлгерлiгi бойынша борыш мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

      233-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау

      1. Кепiлгерге мiндеттемелердi орындау жөнiндегi талаптар қарызды өтеу күнi басталған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
      2. Мемлекеттiң кепiлгерлiгi қарыз алушыдан берешектi өндiрiп алу жөнiндегi барлық орынды шараларды қарыз берушi қабылдағаннан кейiн және (немесе) қарыз алушы банкрот деп танылған не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол таратылған жағдайда, орындалуға жатады.
      Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегiнде мемлекет кепiлгерлiгiн орындау жөнiндегi талаптар қойылған күннен бастап он сегiз ай iшiнде жүзеге асырылады.
      3. Егер қарыз алушы төлеу мерзiмi өтетiн күнi мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыз бойынша мiндеттемелерiн өтемесе, кепiлгер мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға құқылы. Бұл жағдайда кепiлгер қарыз алушыға керi талап қояды.
      Мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.
      Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      234-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiнiң қолданылуын тоқтатудың


                негiздерi

      Мемлекет кепiлгерлiгi қарыз алушы немесе кепiлгер мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындағаннан кейiн қолданылуын тоқтатады.

      235-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз
                қаражатын пайдалануға қойылатын шектеу

      Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражатын кепiлгерлiк шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға кредит беру үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      236-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз
                қаражатының пайдаланылуына бақылау және
                жауаптылық

      Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау жүзеге асырылады.


      Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражатты қайтаруы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет