Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі



бет10/18
Дата20.07.2016
өлшемі326.4 Kb.
#211566
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

              валютамен жүзеге асыру
      1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер бойынша төлемдерi төлеуге берiлетiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң төлеуге берiлетiн шоты және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлем тапсырмасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi үшiн ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негiз болып табылатын құжаттарды бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары және шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаражатты аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат түрінің негізінде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.
      4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді.
      Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      5. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi:
      төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
      тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге;
      бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға;
      нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
      Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын тексереді.
      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу құны шарт құнына енгізілген, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексереді.
      5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:
      1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғына;
      2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган куәлігінің не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімінің бар-жоғына;
      3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгіне төлем тапсырмаларын тексеруден тұрады.
      6. Мемлекеттік мекеме:
      төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;
      төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын;
      ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
      жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын;
      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды табыс етуін қамтамасыз етеді.
      6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі:
      1) төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігін;
      2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
      3) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
      4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
      5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді.
      7. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.
      8. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы, бюджетті атқару жөніндегі заңнамасы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.
      9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 97-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      98-бап. Инкассолық өкім
      1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
      Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген атқару парағы немесе бұйрық немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
      2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.
      Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқару парағының немесе бұйрықтың түпнұсқасы не осы құжаттың әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған көшірмесі қоса тіркеліп беріледі.
      Инкассолық өкімде көрсетілген сома атқару парағында немесе бұйрықта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
      Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі.
      3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ұсынуға жол берілмейді.
      Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады.
      Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер көрсету, демеушілік, қайырымдылық көмек, жергілікті өзін-өзі басқару шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
      5. Инкассолық өкімдерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың
               түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру
      1. Мемлекеттік мекемелер төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
      Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған айырбасталатын күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс.
      2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына қайта айырбасталған ұлттық валютадағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шотқа қайта айырбасталған шетел валютасындағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
      Ұлттық немесе шетел валютасындағы пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақша көрсетілген мерзім өткен соң ақшасы ұлттық немесе шетел валютасына қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы шетел валютасында кейіннен қалпына келтіре отырып айырбасталуға тиіс.
      3. Мемлекеттік мекеме айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.
      3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюта түрлері бойынша есепке алынған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.
      3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді.
      4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және
                төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата
                тұру
      1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімде:
      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген;
      2) инкассолық өкімдерді ұсынған;
      3) егер мемлекеттік мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі келесі жұмыс күні айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімді жүзеге асырмаған;
      4) егер жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзімде қайтармаған;
      5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.
      2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің төлемдерін жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;
      3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған айырбасталған шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау рәсімі аяқталғанға дейін;
      4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;
      5) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, секвестр көзделіп отырған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын қысқарту туралы тиісті бюджет комиссиясы ұсыныс шығарған күннен, келесі жұмыс күнінен бастап, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
      100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
                  төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді
                  тоқтата тұру
      Инкассолық өкім ұсынылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды және төлемдерін жүргізу мен ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде тоқтата тұрады.
      Ескерту. Кодекс 100-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     101-бап. Бюджет ақшасын басқару
      1. Бюджет ақшасын басқару бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.
      2. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
      4. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
      бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
      тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді.
      5. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражаты қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша профициті болып табылады.
      Түсуі күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдердің және бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша тапшылығы болып табылады.
      6. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қолма-қол ақшаның тапшылығын жабу қарыз алу не түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу есебінен жүзеге асырылады.
      7. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша профициті болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындайды.
      Ағымдағы қаржы жылының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмайтын бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша уақытша бос бюджет ақшасы болып табылады.
      Уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
      Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттардағы бюджет ақшасын орналастыруға жол берілмейді.
      8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      102-бап. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде
                қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
                қызметті) өткізуден түсетін ақша бойынша атқару
      1. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін өз билігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жыл сайын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың түрлері бойынша өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын  тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышы негізінде жасайды.
      2 . Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негізінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды.
      Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      4. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарын мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
      Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
      5. Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кірістер ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.
      6. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу осы Кодекстің 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен жүргізілетін төлемдер мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотындағы нақты қолма-қол ақша шегінде жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       102-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет