10-тарау. БЮДЖЕТТІК КОМИССИЯЛАР
57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер
1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларының жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартады.
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс
органдары
1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.
3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.
4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
3-бөлім. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ҚАРАУ, БЕКІТУ
11-тарау. БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
4) операциялық жоспарлар.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы
1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.
1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
1) мемлекеттiк басқарудың республикалық деңгейiнде:
экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын қамтитын жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін;
кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесін;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мыналарды:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.
Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi (жергiлiктi атқарушы орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.
4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
5. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-1. алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібін және мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары
1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.
5. Алынып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерістер енгізілген;
2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерістер енгізілген;
3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
4) көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық немесе жергілікті бюджеттердің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.
Меморандум мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы жылы бюджет қаражаты шегінде қамтамасыз етуге міндеттенетін, стратегиялық жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегі негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштерін қамтиды. Негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштері мақсаттарға, стратегиялық міндеттер мен бағыттарға қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіреді, олардың сапалық жағы стратегиялық міндеттер мен бағыттарды іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін көрсетеді, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолюттік немесе салыстырмалы шамаларын көрсетеді.
Меморандумға мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
Меморандумдарды әзірлеу, бағалау тәртібін және мазмұнын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.12.2013 № 150-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
63-бап. Операциялық жоспар
Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Екінші бөлік жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.
Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітеді.
12-тарау. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ
64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті әзірлейді.
1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.
3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
65-бап. Бюджет түсімдерін болжау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.
1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.
2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.
3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының
лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. Кодекс 65-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.
Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
67-бап. Бюджеттік өтінім
1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің, жаңа бастамаларға арналған лимиттердің негізінде және шегінде жасалады.
2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.
3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
4. Мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
5. Жаңа бастамалар шығыстарына:
кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
6. Бюджеттік өтінімге:
1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар;
2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;
3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;
4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;
5) түсіндірме жазба;
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.
7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.
8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.
9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.
10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.
11. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе
стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен
толықтырулардың жобаларын, бюджеттік
бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік
өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджеттік комиссия қарайды. Тиісті бюджеттік комиссия осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
69-бап. Заттай нормалар
1. Заттай нормалар - қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.
2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.
70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша
1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;
жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;
жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;
республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;
Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің мөлшері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;
үкіметтік борыш лимиті;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;
шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;
басқа да ережелер қамтылуға тиіс.
4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;
3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
4) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.
Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің
жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.
3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:
1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;
2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;
3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;
5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.
4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;
2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;
4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;
2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;
5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;
2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;
4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |