Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет2/4
Дата17.07.2016
өлшемі452 Kb.
#205161
1   2   3   4

2 - Тапсырма

Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Тіс улпасының қабынуы, қабынуды білдіреді, тіс жегі ауруы, тіс жегі ауруының асқынған түрі, әр түрлі себептер, әр түрлі себептер әсерінен, бұзылған тіс, бұзылған тіс арқылы, инфекция аркылы, жедел түрі, созылмалы түрі, зақымданған тіс, солқылдап ауыру, ұдайы ауыру, уақытында емделу, уақытында емделмеу, ауыру сезімі, ауыру сезімі көзге берілу, хирургиялық әдіс, консервативтік әдіс.


3 - Тапсырма

«Пульпит» мәтінін оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.
Пульпит - тіс ұлпасының қабынуы дегенді білдіреді. Тіс ұлпасының қабынуы тіс жегі ауруының асқынған түріне жатады. Қабыну әр түрлі себептердің әсерінен: инфекция түсуден, суықтан, ыстықтан т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Көбінесе тіс ұлпасының қабынуы бұзылған тіс арқылы микробтардың тіс қуысына өтуінен пайда болады. Тіс ұлпасының қабынуы жедел және созылмалы болады. Жедел қабынған кезде зақымданған тіс солқылдап ауырады.Ұлпасы жедел қабынған тіс ыстық, суық немесе тәтті, тұзды тағамдар жегенде де қатты және ұзақ ауырады. Кейде себепсіз де ауырады. Пульпиттің жедел түрін уақытында емдемесе, ол асқынып, созылмалы түріне айналады. Бұл кезде тіс үнемі солқылдап ауырады. Төменгі жақ тістердің ұлпасы қабынса, ауыру сезімі шүйдеге, құлаққа, жоғарғы жақ тістеріне тарайды. Егер жоғарғы жақ тістердің ұлпасы қабынса, ауыру сезімі самайға, қабақ үстіне, бет сүйегіне, төменгі жақ тістеріне беріледі. Науқас адамның көңіл-күйі нашарлап, ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті болмайды. Ұлпасы жедел және созылмалы қабынған тістерді міндетті түрде емдеу керек. Соңғы кезде тіс ұлпасының қабынуын емдеудің хирургиялық және консервативтік әдістері қолданылады. Ең алдымен ауыру сезімін басу керек.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Пульпит деген не?

  2. Пульпит неден пайда болады?

  3. Тіс ұлпасы қабынуының неше түрі болады?

  4. Созылмалы түрінің қандай белгілері бар?

  5. Пульпит ауруын қалай емдеуге болады?


5 - Тапсырма

Оң бағанадағы етістіктермен сол жақтағы сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз.

уақытында ауыру (қалай?)

науқасты асқынуы (ненің?)

қулаққа, жаққа өтуі (қайда?)

тіс жегінің емделу (қалай?)

солқылдап мазалау (кімді?)

тіс қуысына тарау (қайда?)

көңіл-күйі нашарлау (несі?)



6 - Тапсырма

«Пульпит» ауруымен ауырған науқас пен тіс дәрігері арасында болатын сұхбатты есіңізге сақтаңыз.

1. - Қай жеріңіз ауырады?

- Тісім ауырады.

2 .- Қай тісіңіз?

- Астыңғы азу тісім (үстіңгі азу тісім, ақыл тісім т.б.)

3 .-Үнемі ауырады ма?

- Иә. Күндіз-түні ауырады.

4. -Қашаннан бері ауырады?

- 2-3 күннен бері.

5. - Қалай ауырады?

- Солқылдап ауырады.

6. - Ауру қай кезде күшейеді, суықтан ба, ыстықтан ба?

- Ыстықтан (суықтан) күшейеді.

7. -Ауру құлаққа, шүйдеге беріледі ме?

- Иә, құлағым, жоғары жақ тістерім ауырады.

8. - Мен тісіңізге қазір мышьяк пастасын қоямын, ертең тексерілуге келесіз. Содан соң емдеуді бастаймыз.

- Сізге көп рахмет.


ПАРОДОНТОЗ
1 – Тапсырма

«Пародонтоз» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

өте кең тараған-широко распространенный

егде-пожилой

ұйқы-сон

зардап шегу-страдать

ұялаған-гнездящиеся

қызыл иек қалтасы-десневой карман

тістің босауы-расшатывания зубов

дене шынықтырумен айналысу-заниматься физкультурой

жүйелі ем-комплексное лечение

табанды-основательный

енгізу-внедрить

нығайту-укрепить

тынығу-отдых

ұйқы-сон

ойдағыдай-как полагается; успешно

2 - Тапсырма

Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Жер шары, жер шары түрғындары, тұрғындардың жартысы, жартысынан көбі, қызыл иек пен тіс арасында, біртіндеп даму, ауырмай даму, тістің босауына әкелу, тіс дәрігеріне көріну, тіс тасын тазарту, дәрімен емдеу, массаж жасау, физиотерапия арқылы емдеу, витамині мол тамақ, адамның жүйке жүйесін нығайту, дене шынықтыру, дене шынықтырумен айналысу, жоғалған тіс орнына, протез қою.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.
Пародонтоз өте кең тараған ауру. Бұл аурумен жер шары тұрғындарының жартысынан көбі ауырады, көбінесе орта және егде жастағы адамдар зардап шегеді.

Аурудың атауы «пара» айнала, «одонт» - тіс деген латын сөзінен шыққан. Ол тісті қоршаған тіндердің ауруы дегенді білдіреді.

Сырқаттың пайда болуына ауыз қуысында ұялаған микробтар мен тіс себеп болады. Тіс тасы қызыл иек пен тістің арасында қызыл иек қалтасының түзілуіне көмектеседі. «Қалтада» микробтар жиналып, тіс шетіндегі қызыл иекті қабындырады.

Пародонтоз ауырмай, біртіңдеп дами отырып тістің босауына әкеледі. Тіс тіпті үстінгі ерінді көтере өз орындарынан алға жылжып кетеді. Бұл сырқаттан ойдағыдай сауығу үшін ертерек тіс дәрігеріне көрінген жөн. Тек жүйелі және табанды ем арқылы ауруды тоқтатуға болады.

Пародонтоз кезінде тіс тасын тазарту қажет және қызыл иекті дәрімен, массаж жасау, физиотерапия арқылы емдеу керек.

Ас құрамына дәрумені мол тамақтар енгізу қажет. Сондай-ақ, адамның жүйке жүйесін нығайтатын - ұйқы, тынығу, дене шынықтырумен айналысу да көп әсер етеді.

Кейбір адамдар жоғалған тіс орнына протез қоюға болады деп тістерін емдетпейді. Бірақ тіпті ең керемет протездің өзі адамның өз тісіне жетпейді.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Пародонтоз қандай ауру?

  2. Аурудың атауы нені білдереді?

  3. Аурудың пайда болуына не себеп болады?

  4. Пародонтоз қалай дамиды?

  5. Пародонтозды қалай емдейді?

  6. Ас құрамы тіс ауруына әсер ете ме?


5 - Тапсырма

Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз.

қызыл иек қалтасында енгізу (не?)

алға көмектесу (неге?)

тіс тасын жиналу (қайда?)

ойдағыдай тазарту (нені?)

қалтаның түзілуіне сауыға (қалай?)

витаминді тамақтар жылжу (қайда?)
6 - Тапсырма

Пародонтоз ауруы бойынша тіс дәрігері мен сырқат адам арасында болатын сұхбатты жаттап алаңыз.

1. - Аурудың басталғанын қашан байқадыңыз?

- Екі-үш жыл бұрын.

2. - Тісіңіздің қызыл еті ауыра ма?

- Иә, ауырады (жоқ, ауырмайды).

3. - Босаған тістеріңіз бар ма?

- Иә, бірнеше алдыңғы тістерім босап, қозғалып тұр.

4. - Қашаннан бері босай бастады?

- Жарты жылдай болды.

5. - Тістеріңіз қанай ма?

- Иә, тісімді тазалағанда қанайды.

6. - Тістеріңіз суық ауа кірсе ауыра ма?

- Иә, ауырады.

7. - Себебі тістеріңіздің түбі ашылған, сондықтан суық ауа әсер етеді. Сіздің тісіңіздің ауруы - пародонтоз. Оны ұзақ уақыт емдейді.

8. - Ем қанша күнге созылады?

- 20 күндей.

9. - Мен сізге дәрілер, емдік шөптер жазып беремін, соларды пайдаланыңыз. Сондай-ақ, күніне 2-3 рет 4-5 минуттай қызыл иекке массаж жасайсыз. Физиотерапияға баруыңыз керек.

- Көмегіңізге рахмет!


7 - Тапсырма

Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз. Керекті сөздер соңында берілген.

І.Тамақ ... дәрумені мол тағамдар кіргізу керек. 2. Пародонтозбен жер шары тұрғындарының жартысынан ... ауырады. 3. Аурудың ... тіндердің ауруы дегенді білдіреді. 4. Сырқаттың пайда болуына тіс тасы ... болады. 5. Тіс тасы қызыл иек пен тістің ... қалтаның түзілуіне көмектеседі. 6. Пародонтоз кезінде тіс ... тазарту керек. 7. Қызыл иекке ... жасау қажет. 8. Керемет протездің өзі адамның өз ... жетпейді.



(Керекті сөздер: тасын, массаж, құрамында, тісіне, көбі, арасына, атауы, себеп).


ПАРОДОНТИТ
1 – Тапсырма

«Пародонтит» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

қоршаған-окружающий

шайнау-жевать

жарақат-повреждение; рана; травма

босау-расшататься

тіс шөгінділері-зубные отложения

пайдалы-полезный

қалташықтар-кармашки

қақтар-налеты

дер кезінде-вовремя

сауығу-выздоровление

тері асты-подкожно

бұлшық ет-мышцы

егу-прививка

асқыну-обострение

қадағалау-следить

пайда болу-появиться

жіңішке жіп-тонкая нитка
2 - Тапсырма

Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тіндердің қабынуы, 40 жастан асу, 40 жастан асқан адамдарда, жиі кездесу, тамақ шайнау, тамақты дұрыс шайнамау, ауыз қуысы тазалығы, ауыз қуысы тазалығын сақтамау, тістің түбі ашылу, тісі босау, қызыл иегі қызару, қалташық пайда болу, дер кезінде, тез сауығу, дәрілер қолдану, физиотерапиялық емдер қолдану, тамақтан соң тазарту, ас қалдықтарын қалдырмау.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығыныз, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.
Пародонтит - тісті қоршаған тіндердің қабынуы. Ол көбінесе 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Бұл тамақты дұрыс шайнамаудан болатын тіндердегі жарақаттар, ауыз қуысы тазалығын сақтамау және кейбір басқа да аурулар әсерінен пайда болады. Мұндай жағдайда тіс түбі ашылып, тіс босап, түсе бастайды. Қызыл иек қызарып, қабынады, тіс айналасына «қалташықтар» пайда болады, сонымен қатар тіс беттерінде тас жиналады, тіс шөгінділері, қақтар пайда болады. Ауырған адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделсе, тез сауығып кетеді. Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты алдырту керек. Қызыл иекке дәрілер, физиотерапиялық емдер қолдануы керек. Сондай-ақ осы ауруға себепкер болған басқа ауруларды да емдеу қажет. Мұндай кезде тері астына, бұлшық етке алой В1, В6, В12 дәрумендерін егу пайдалы. Егер ауру асқынып кетсе, онда бұл босаған тісті жұлдыртып тастау керек.

Бұл аурудың алдын алу үшін тамақтан соң тісті үнемі жақсылап тазартып, тіс арасында ас қалдықтарының қалмауын қадағалау қажет. Соңдай-ақ мына әдісті де қолдануға болады: қызыл иекті тазартқан соң тістердің арасынан таза жіңішке жіпті үнемі жүргізіп отыру керек. Алғашқы кезде қызыл иектен қан ағады, ал кейіннен қан ақпайтын және ауырмайтын болады.



4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Пародонтит қандай ауру?

  2. Ол ауру кімдерде жиі кездеседі?

  3. Бұл ауру неден пайда болады?

  4. Аурудың белгілері қандай?

  5. Науқас не істесе тез сауығады?

  6. Қандай ем қолданылады?

  7. Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?

5 - Тапсырма

Пародонтит ауруымен ауырған науқас жайлы хабарлама жазыңыз (науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, аурудың белгілері).

6 - Тапсырма

Пародонтит ауруымен ауырған науқасқа қандай ем тағайындайтыңыз туралы жазып көрсетіңіз (мәтін бойынша).


ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ ПЕРИОДОНТИТ
1 - Тапсырма

«Периодонтит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

маң(ы)-возле; вокруг; окрестность

жедел ағымды периодонтит-острый периодонтит

іріңді-гнойный

үнемі-постоянно

солқылдап ауыру-пульсирующая боль

шағымдану-обратиться с жалобой, жаловаться

таралу-распространяться

қызару-покраснеть

әсер-влияние; воздействие

жай тұрғанда-в покое

күшею-усиливаться

әлсіздік-слабость

ошақ-очаг

жүйке-нерв

өзек-ствол; сердцевина

бәсеңдеу-приутихнуть; ослабить

өздігінен-самопроизвольно

жан-жаққа-во все стороны

мүмкіншілік-возможность

дәл-точно
2 – Тапсырма

Төменде сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тіс ұяшығы маңы, тіс түбірі маңы, тіндерде болатын қабыну, жедел ағымды периодонтит, созылмалы периодонтит, периодонтит кезінде, ұдайы ауыру, суық әсері, жылы әсері, ауызын ашып отыру, бас ауруы пайда болу, әлсіздік пайда болу, іріңді шығару, іріңді кабыну ошағынан шығару, тісті пломбылау, қабыну процесі аяқталған соң, тісті пломбылау, ауырған тіс маңы, ауырған тіс маңы өзгермеу, тіс маңындағы тіндер, тіс маңындағы тіндер өзгермейді.


3 – Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.
Жедел ағымды периодонтит тіс түбірі маңындағы тіндерде болатын қабыну. Бұл сырқат екі түрге бөлінеді. Жедел ағымды серозды периодонтит кезінде науқас тістің өздігінен қатты ауыратынына, ал тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп кететініне шағымданады. Ауыру сезімі жан-жаққа таралмайды, сондықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ауырған тіс маңындағы тіндер өзгермейді. Тісте кейде тіс жегі қуысы, кейде пломба болады.

Жедел ағымды іріңді периодонтит кезінде науқас адам үнемі, солқылдап тұратын ауруға шағымданады. Ауыру сезімі жүйке бойымен құлаққа, самайға, көзге таралады. Ол суық әсерінен азайып, жылыда және жай тұрғанда күшейе түседі. Ауру тіске тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан науқас ауызын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан науқас ұйықтамайды, бас ауруы, әлсіздік пайда болады. Дене қызуы көтерілмейді, кейбір жағдайларда жоғарлауы мүмкін. Қызыл иек ісініп, шырышты қабығы қызарады.

Периодонтитті емдеу - қабыну ошағынан экссудатты, ірінді шығару болып табылады. Ол үшін пульпалық камераны ашып, некрозға (өлі тінге) ұшыраған заттардан тазартып, түбір өзегін кеңейтіп, экссудаттың (жалқықтың) шығуына мүмкіншілік тудырады. Қабыну процестері бәсендеген соң тісті пломбылайды. Егер тіс өз қызметін атқара алмайтын болса, оны жұлады.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Периодонтит деген не?

  2. Ол нешегі бөлінеді?

  3. Жедел ағымды серозды периодонтиттің қандай белгілері бар?

  4. Жедел ағымды іріңді периодонтит кезінде науқас неге шағымданады?

  5. Ауыру сезімі қайда таралады?

  6. Қай кезде ауру күшейеді?

  7. Аурудың тағы қандай белгілері бар?

  8. Аурудың бұл түрін қалай емдейді?

5 - Тапсырма

Оң бағанадагы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сүрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз.

дәл бөліну (нешеге?)

іріңнен өзгермеу (не?)

самайға, көзге кеңейту (нені?)

үшке шығару (қайдан?)

қабыну ошағынан таралу (қайда?)

түбір өзегін тазарту (неден?)

тіс маңы көрсету (қалай?)



6 - Тапсырма

Периодонтит бойынша дәрігер мен науқас арасында болатын сұхбатты жаттап алыңыз.

1. - Тісіңіздің ауруы қай кезде басталады?

- Тісім үнемі (ұдайы) ауырады.

2. - Қай кезде ауру күшейеді?

- Жылы әсірінен, тамақ жегенде, тіске тілім тиіп кеткенде, тіпті жай тұрғанда да ауру қатты мазалайды.

3. - Қалай ауырады?

- Солқылдап ауырады.

4.- Ауру суық әсерінен азаяды ма?


- Иә.

5.- Қызуыңыз көтеріледі ма?

- Иә, кешке қарай қызуым көтеріледі.

6. - Ауру сезімі самайға, көзге, құлаққа таралады ма?

- Иә, самайым, көзім, құлағым, басым - бәрі бірге ауыратын сияқты.

7. - Әлсіздік сезінесіз бе?

- Иә, әлсіздік сезінемін.

8. - Сіздің тісіңіздің ұяшығы мен түбір маңы қабынған. Бұл периодонтиттің серозды түрі емес, іріңді түрі. Соңдықтан іріңді шығару керек. Қабыну процесі басылған соң, тісіңізді пломбылау қажет.

- Көмегіңізге рахмет!

АЛЬВЕОЛИТ
1 – Тапсырма

«Альвеолит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

тіс ұяшығы-альвеола зуба

үнемі-постоянно

ауыру сезімі-чувство боли

нашар иіс-плохой запах

тексеру барысында-в результате проверки

шіріген-гнилой

ұйыған қан-сгусток крови

тамақ қалдықтары-остатки еды

жергілікті-местный

жансыздандыру-обезболивание

ерітінді-раствор

түзілу-образоваться

босатылу-освобождаться

тағайындалу-назначаться
2 – Тапсырма

Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тісті жұлу, тісті жұлу кезінде, инфекция түсу, тісті жұлған соң, науқастың тіс ұяшығы, үнемі сыздап ауыру, қызыл иектің қызаруы, қызыл иектің ісуі, тісті басқанда, тісті басқанда ауыру, ұяшықты тазалау, жылы ерітінділермен жуу, тампонмен жабу, блокада жасау, ас содасы, ас содасынан жасалған ванна, еңбектен босатылу.


3 – Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығына, ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.
Альвеолит - бұл тіс ұяшығының қабынуы. Тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі ұяшықтың жарақаттануына себеп болады. Ауру тісті жұлған соң 3-4 күннен кейін басталады. Науқастың тіс ұяшығы үнемі сыздап ауырады, қызуы көтеріледі. Ауыру сезімі анальгетиктер ішіп, ыстығын түсірсе де басылмайды. Тексеру барысында ұяшықта нашар иісті, сұр түсті, шіріген, ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары бар екені анықталады, қоршаған қызыл иектің қызарғаны, ісінгені байқалады, басқанда ауыру сезімі күшейді.

Емі: Жергілікті жансыздандыру жасалып, ұяшық тазаланады. Риванолдың, фурацилиннің, калий перманганатының жылы ерітінділерімен жуылады. Содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі. Немесе антибиотиктер мен сульфаниламидтерден дайындалған пастамен толтырып, 1-2 сағатқа тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі күшті болса, осы аталған пастаға анестезин қосуға болады. Жергілікті жансыздандыру тәсілімен новокаин-пенициллин блокадасын жасауға болады. Үйде анальгетиктерді ішу мен ауыз қуысына ас содасынан жасалған ванналар тағайындалады. Физиоем ретінде Бернар тоғы, соллюкс пайдаланылады. Науқас альвеолит кезінде 2-3 күн еңбектен босатылады.


4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Альвеолит дегеніміз не?

  2. Альвеолитке не себеп болады?

  3. Ауру қашан басталады?

  4. Науқастың қай жері ауырады?

  5. Тексеру барысында не анықталады?

  6. Қалай емдейді?

  7. Үйде істеуге не тағайындалады?

  8. Альвеолит кезінде науқасты неден босатады?

5 - Тапсырма

Мәтіннен ілік септігімен тәуелдік форма тіркестерін табыңыз (ілік септігі+тәуелдік фор-ма).

6 - Тапсырма

Дәрігердің сүрақтарына қарай науқас адам атынан тиісті жауаптарды жазыңыз.

  1. - Қай жеріңіз ауырады?

  2. - Тісіңізді қашан жүлғыздыңыз?

  3. - Тісіңіздің орны сыздап ауыра ма?

  4. - Үнемі ауыра ма?

  5. - Қандай дәрілер іштіңіз?

  6. - Дәрі ішкенде де ауыру қоймады ма?

  7. - Қызуыңыз бар ма?

  8. - Тісіңізді басқан кезде қатты ауыра ма?

  9. - Аузыңыздағы нашар иісті байқадыңыз ба?

СТОМАТИТ
1 - Тапсырма

«Стоматит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

шырышты қабық-слизистая оболочка

асқынған түрі-осложненная форма

жағымсыз иіс-неприятный запах

тітіркенуден-от раздражения

күйдіруінен-от ожогов

шамадан тыс-сверх нормы

байқалу-выявляться

ісік-опухоль

сілекей-слюна

жара-болячка; рана

сауығу-выздороветь

орналасу-распологаться; находиться

қызамық-скарлатина

көп тараған-распространенный

дер кезінде-своевременно
2 - Тапсырма

Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Ауыз қуысы, ауыз қуысының шырышты қабығы, стоматиттің пайда болуы, себептері бар, қызыл иектің шырышты қабығы, балалар арасында, аурулардың бірі, алғашқы кезде, сырты қызару, қызарғаны байқалу, қызуы көтерілу, ісік пайда болу, бастапқы түрі, асқынған турі, тамақ ішкенде қанау, тіс тазалағанда қанау, қалыпты қызмет, қалыпты қызметі бұзылғанда, ем қолдану.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Стоматит - ауыздың шырышты қабығының қабынуы. Стоматиттің пайда болуының әр түрлі себептері бар. Ол ыстық немесе өте суық тағамдарды ішкенде тітіркенуден, химиялық заттардың күйдіруінен және науқас адам тұзды, қышқыл, ащы тағамдарды, арақты, шылымды шамадан тыс пайдаланған жағдайларда пайда болады. Сондай-ақ, тіс протезі қызыл иекте дұрыс орналаспаса немесе ауыз қуысы дұрыс күтілмесе, стоматит ауруы пайда болады.

Стоматит - балалар арасында көп тараған аурулардың бірі. Алғашқы кезде шырышты қабықтың әр жерінің сырты аздап қызарғаны байқалады, кейін бұл жерлерде ісік пайда болып, дене қызуы көтеріледі. Науқас дұрыс емделсе, бірнеше күннен кейін науқас сауығып кетеді.

Денсаулығы нашар балаларда стоматиттің жай түрі жараға айналады.

Жараға айналған стоматиттің бастапқы түрі және асқынған түрі болады. Ауру асқынған кезде жара жақ бездеріне дейін тарайды. Ауру адам тамақтанғанда, тісін тазалағанда аузының қанағанын байқайды. Ауызда жағымсыз иіс пайда болып, сілекей көп бөлінеді.

Балаларда жиі кездесетін афтозды стоматит асқазанның қалыпты қызметі бұзылғанда, қызамықпен ауырғанда, тұмау тигенде байқалады. Дер кезінде ем қолданса, адам бұл аурудан 5-8 күнде жазылып кетеді.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Стоматит деген не?

  2. Стоматиттің пайда болу себептері қандай?

  3. Стоматит кімдердің арасында жиі тарайды?

  4. Стоматиттің белгілері қандай?

  5. Жараға айналған стоматит туралы не айтасыз?

  6. Афтозды стоматит қай кезде байқалады?

5 - Тапсырма

Стоматит ауруымен ауырған бала туралы хабарлама жасаңыз.

(баланың аты-жөні, туған жылы, аурудың басталған күні, аурудың белгілері, қазіргі күйі т.б.).



6 – Тапсырма

Төмендегі сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз (керекті сөздер соңында берілген)

  1. Балаларда афтозды стоматит ... байқалады. 2. Науқас тамақтанғанда, тісін ... аузынан ... байқайды. 3. Стоматиттің ... себептері көп. 4. Тіс протез ... орналаспаса, ауыз қуысы дұрыс ..., стоматит пайда болады. 5. Шырышты қабықтың әр жері ... қызарады. 6. Кейін бүл ... тесік пайда болады. 7. Ауызда жағымсыз ... пайда болады. 8. Дер кезінде ... бүл аурудан 5-8 күнде жазылып кетеді.

(Керекті сөздер: аздап, тұмау тигенде, жерде, дұрыс, күтілмесе, пайда болу, тазалағанда, қан, емделсе, иіс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет