Іі. Негізгі бөлім Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы



бет1/9
Дата02.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#479496
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абылайхан дипломалды отчет


Жоспар

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім
1. Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы.
2. Арамшөптерді жіктеу.
3. Арамшөпттердің биологиялық ерекшеліктері.
4. Арамшөптермен күрестiң ғылыми негiздерi және шаралары.
5. Арамшөптермен күрестiң агротехникалық шаралары.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде кездесетiн, сол арқылы олардың өнімінің мөлшерін төмендетiп, сапасын нашарлататын өсімдіктердi атайды. Егер бiр дәндi дақылдың егiсiнде екiншi дәндi дақыл кездессе, оны ластаушы деп атайды. Сонымен қатар көптеген арамшөптердің егiстiктерден басқа жерлерде өскенде мал азығына, дәрi-дәрмек дайындауға, бал жинауға пайдалануға болатынын есте сақтау керек. Шабындықта өскен жатаған бидайықтан сапалы шөп дайындалса, салалы қарашағыр – жайылымдық өсімдік болып табылады. ғара сұлы мен тауық тарысын гүлдегенге дейiн малдар сүйсiне жейдi. Бақ-бақтан, еңкiш түйетiкеннен, далалық қалуеннен, түйе жоңышқадан бал жинауға болады. Ал, аралар ащы жусанның, кенепшөптiң, кәдiмгi гүлтәжiнiң, алабұтаның тозаңын жинайды. Қара меңдуана, қызыл таспа таран, дәрiлiк бақ-бақ, үлкен бақажапырақ, ащы жусан, кәдiмгi жұмыршақ т.б. дәрi-дәрмек жинауға пайдаланылады.


Арамшөптер – егiншiнiң әрқашандағы және қауiптi жауы. Мәдени дақылдардың арасында өсiп, олар су, қоректiк зат үшiн алғашқылармен күреске түседi. Осындай қатар өсу өнімнің әр түрлi мөлшерде төмендеуіне – 10-30%-тен бастап мәдени өсімдіктердің толық өлуiне дейiн, әкеп соғады.
Мәдени дақылдар мен арамшөптердің қоректiк заттарды пайдалануы арасында керi байланыс бар: арамшөптер көбірек алған сайын, мәдени өсімдіктерге аз қалады және керiсiнше болады.
Г.Клингмэн және Ф.Элитон арамшөптер биомассасы қанша өссе, мәдени өсімдіктер биомассасының сонша төмендейтінін атап көрсеткен. Олардың мәлiметтерi бойынша, арамшөптерден өнімнің төмендеуі жәнеолармен күрес, қаржыға шаққанда, арамшөптер, аурулар мен зиянкестер келтiретiн зиянның 41,6% құрайды.
Осыдан көрiнгендей, арамшөптермен күрес – белгiленген өнімділік жолындағы жалпы күрестiң негiзгi буындарының бiрi. Сондықтан академик Б.А.Келлер: “Бiздiң танаптарымызда өнімділіктi тез көте ру үшiн керектi жағдайлардың алғашқыларының бiрi, оларды арамшөптерден тазарту,”- деп нақты атап көрсетті.
Қазіргі кезде ғылым мен тәжiрибеде арамшөптермен күрестiң тиiмдi шаралары мен жолдары белгiлi. Бiрақ жұмыстың жемiстi болуы егiншiнiң арамшөптермен күрес жөніндегі ұсыныстарды iс жүзiнде сауатты, шебер және дер кезiнде пайдалануына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет