Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет3/4
Дата08.07.2016
өлшемі390.5 Kb.
#184490
1   2   3   4

6. Мемлекет және азаматтық қоғам

Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы

Қоғам-бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызыметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.

Мемлекет-бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет-әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемелекет пен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.

Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға, оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.


Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғамның түсінігі және құрлымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам-бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделерді қанағаттандыратын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инстиуттарымен қатынастарының жиынтығы.

Азаматтық қоғамның құрлымына мыналар кіреді:


  1. мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен инститтутар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

  2. мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

  3. қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

  4. саяси партиялар мен қозғалыстар;

  5. тәрбиелеу мен мемелекеттік емес білім беру саласы;

  6. мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

  7. отбасы;

  8. шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғамның белгілері:

  • адам мен азаматтық құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

  • өзін-өзі басқару;

  • оның құрылымдары мен адамдардың әр түрлі топтарының бәсекелестігі;

  • еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

  • жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

  • өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады;)

  • экономикалық көпжақтылығы;

  • биліктің заңды және демократориялық сипаты;

  • құқықтық мемлекет;

  • адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.


Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықтық мемлекет- бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықтар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекттік билікті құқықпен байланыстырудан жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарстыруға болады:

1.мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамсыз етуден тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;

2. формальды-заңды жағы-мемлекттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді;

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:



  • билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;

  • заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық констиуциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілермен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқталуы мүмкін емес;

  • мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

  • қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;

  • азаматтық қоғамның болуы және оның тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.


Биліктің тармақтар

Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монгескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және билігі бір әлеуметтік топтың, мемкемнің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызымет жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әрбір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.

Конституцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығаруға қатысты вето құқығын иленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкіметтерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотушы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заң шығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызыметпен айналасу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрніс тапқан құқық шектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

Мемлекет және тұлға

Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол саяси биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтық арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік –заңды бастамаларының көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттеріне белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастардағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз еетін міндеметтемелерді өз мойына алуы тиіс.

Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындалмағаны үшін жауакершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қате-ліктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемле-кеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғалардың нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандағы, билікті асыра пайдаланғаны, қызыметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық –құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.

Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқытық бастамаларға негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс, сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.


7.Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар

Саяси жүйеге мемлекетпен катар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыкқан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашкы саяси партиялар Ежелгі Грецияда па болды. Олардың мүшелері аз, тұрактылыгы шамалы, жөнді үйымдаспаган шағын топтар болатын. Олар, негізінен, иеленушілердін әр түрлі ағымдарының мүдделсрін корғады. Мүңдай партиялар феодалдык коғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлыктай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса, экономикалық бытыраңкылық пен рухани езгінің астында еді. Сондыктан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы катарлы мүшелері корғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIXғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бүған сол кезде болған буржуа-зиялык революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің үйым-дастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парла-ментаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау күқығының еңгізілуі бұқара халыктың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпші-лік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеу-меттік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жок. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялык үйірмелерден айырмашылығы — олар ең алдымен буржуазияның мүдлесің білдірді (Ал аристократиялык үйірмелер жер иелерінің мақсатын корғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жумысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылык, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырган партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия кұрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы козғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардын өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жүмысшы партиясы болып 1863 ж. Жалпы Гермапияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен) кұрылды. XIX г. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жакын көпшілік партиялар пайда болды. Мүндай партиялар баска континенттерде де құрыла бастады.

Американың бслгілі саясаттанушысы Дж.Ла Паломбараның ойынша, партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясатты әжептәуір ұзақ біріктіретін үйым; 3) партияның мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалтциялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халыктың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеояогиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық кұрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, казіргі коғамда саяси партиялар мынадай кызметтерді аткарады:

а) қоғамның ірі топтарының максат-мүдделерін аныктау, тұжырымдау және негіздеу;

б) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

в) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

г) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын калыптастыруға қатысу және т. б.;

д) мемлекетке билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

е) мемлекеттік билікті іске асыруға катынасу;

ж) коғамдык пікірді қалыптастыру;

и) жалпы коғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

к) мемлекеттің, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну жөне т. т.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметгік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арақасында қоғамңың саяси саласындағы кайшылыктардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлык өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Қоғамнын қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, одан ұзақ уакыт колдау тапса, сол топ партиянын әлеумет негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сезінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктегі кызметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. Қолдайтын аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолга немесе билікті жүргізуге қатынасуға багытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар кұруға, мемлскет маңызды шешімдер кабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.


Саяси партиялардын жіктелуі

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыкка алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптык белгілеріне айрықша мән береді.

Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-інен кемі ғана болатын мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халык партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т. жатады.

60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан баска әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.

2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науканын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық ңегіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялық партияның мүшесімін» дейді.

3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламентгер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына карай емес, ортақ көзөқарас, ұқсас мүддеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролык қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.



  1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз , тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа папртиялыр коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауды керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарықтай салмағы жоқ.

  2. Социал-демократиялық (немесе социалистік , лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділетілік, ынтымастық тендік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.

Қазіргі кезде адамзаттың айнала қоршаған орта күннен –күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ ойлары бар.

  1. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкады бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады; қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес журуі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппазиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.б.

  2. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңіздікті сақтағысы келеді, азаматтық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық - әлеуметтік одағы мен Христиандық – демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.

Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұлтоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады
8.Саяси режимдер

Қоғамның саяси жүйесі ұғымы – саясаттану ғылымындағы өте күрделі мәселелердің бірі. Саяси жүйе – қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігі, қоғамдық жүйе саяси жүйеден бұрын қалыптасқан. Қоғамның саяси жүйесі – саяси қатынастарды, саяси сананы, саяси нормалар мен принциптерді қоғамның саяси ұйымдарын қамтитын саяси қондырманың ең басты бөлігі. Саяси жүйе ұғымы көптеген қоғамдық ғылымдардың назарында болып әр қырынан зерттеліп келеді.

Ал саясаттану ғылымы жүйені, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды саяси құбылыстарды әрекетке келтіріп, реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік механизм деп қарайды. Саяси жүйе, қоғамның саяси әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тұтас саяси организм. Саяси жүйе негізін саяси билікке, ең бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар, ірі қоғамдық жіктер мен әлеуметтік топтар құрайды. Саяси жүйе қызметі болып жатқан саяси қатынастардың даму деңгейіне тікелей тәуелді болады. Саяси қатынастардың дамуы саяси институттармен ұйымдардың өмірге келуіне ерекше әсер етеді. өйткені бұл аталған саяси мекемелер арқылы, таптар мен әлеуметтік жіктер, топтар өздерінің мүдделерін жүзеге асырады. Сондықтан таптар мен адамдардың әлеуметтік қауымдастықтары, көпшілік (қауым) қоғамның саяси ұйымдастырушы элементтер болғанмен, сол қоғамның саяси жүйесінің әлеуметтік негізін құрайды. Ол саяси жүйе пайда болатын базис болып табылады. Ал мемлекет партия және қоғамдық саяси қозғалыстар, еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Сөйтіп саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдары американ саясаттанушы ғалымы Давид Истон саяси жүйені, қоғамдағы игілік көздері қалай бөлінеді, әділетті ме әлде әділетсіз бе осы арқылы қарап анықтайды. Қоғам мүшелерінің арасындағы дау-жаңжалдар осы арқылы өздігінен реттеліп отырады дейді. Ол саяси жүйенің басты екі міндетін бөліп қарайды.

1) саяси жүйе қоғамдағы байлықтарды дұрыс бөлетіндей қабілетінің болуы;

2) саяси жүйе қоғам азаматтарының осы бөліністі міндетті деп қабылдауына көздерін жеткізуінде дейді. Осының нәтижесінде қоғамдағы сұранысқа, ұсыныс қызмет көрсетіп, халықты қанағаттандыра алатындай дәрежеде болуы тиіс.

Ал саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланыста болады. Кірістің өзі екеу болады. Олар мынадай: біріншісі, саяси жүйеге қойылатын талаптар да, екіншісі, сол өмір сүріп отырған саяси жүйені үнемі қолдап отыру. Мысалы, елдегі демократиялық өзгерістерді жылдамдату, халықтың күн көрісін төмендетпеу т.с.с. жатады.

Ал халықтың қолдауына сүйенген саяси жүйе күшейе түседі. Қоғам өміріндегі дағдарыс тұсында халықтың саяси жүйеге түсіністікпен қарауы. «Кіріс» барысында сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды. Саяси жүйе қоғамдағы қордаланып қалған әртүрлі мәселелерді шешіп реттеуге міндетті болады. Ал осыларды шешу, реттеу «шығыс» арқылы жасалады. Егерде билік басындағылар қоғам мүшелерімен санаспаса, олардың шешімдері қолдау таппайды. Саяси жүйедегі «кіріс» пен «шығысты» реттеп отырмаса, онда ол қайшылыққа апарады.

Саяси жүйенің төрт түрі болатынын саясаттанушы Д.Истон, Г.Алмонд анықтады.


  1. топтар мен жеке адамдардың іс қимылын, әрекеттерін басқару барысындағы реттеу мүмкіндігі;

  2. өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табу мүмкіндігі;

  3. қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озат) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;

  4. әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік қалыпта болып, жаңа жағдайға бейімдеушілік мүмкіндігі.

Саяси жүйе атқаратын қызметтер сан-алуан:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің қалыпқа келтірілген, ережелерде реттеліп бекітілген, яғни институциялық жағдайға келтірілген түрі. Осыдан конституцияға негіз болған жалпыға міндетті заңдар шығарылады.

2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушы, топтастырушы рөл атқарады. Олар барлығына ортақ әлеуметтік мүдделер мен құндылықтар айналасында бірігеді.

4. Экономиканың қалыпты жұмысының дамуына қажетті жағдайлар жасап отыру. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрал-жабдықтарының меншік түрлерін құқықтық реттейді, қаржы жүйесін салық саясатын жүргізеді.

Тоталитарлы тәртіптің күйреу кезінде әр-түрлі әлеуметтік-экономи-калық көзқарастағы саяси партиялар мен қозғалыстардың өмірге келуі заңды құбылыс. Бұл әр түрлі көзқарасты жақтаушы, өз дербес бағдарла-малары бар саяси партиялар мен қозғалыстар қоғамның өскелең талабынан туған жәйт-тер. Олар бұрыннан мықтап орныққан бюрократтық ұйымдардың саясатына наразылық ретінде өмірге келген ұйымдар болып есептеледі. Оған «Семей-Невада», «Азат», «Аазамат», зейнеткерлердің «Поколения», «Өрлеу» және т.б. қозғалыстарын жатқызуға болады. Сондай-ақ «Азаматтық партия», Отан, Республикалық Халықтық партия, Коммунистік, «Ақжол», «Асар», «Қазақ-станның демократиялық таңдауы» және т.б. партиялар тарих сахнасына шық-ты. Алайда бұл ұйымдар тек праволық мемлекет жағдайында ғана толыққан-ды өмір сүре алады. Еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементі. Ал еңбек ұжымдары өздерінің қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етіп қойған, өзара бір бірімен байланысты әртүрлі тиісті міндеттер атқаратын қызметкерлер бірлестіктері. Тоталитарлы тәртіп үстемдігі кезінде еңбек ұжымдары саяси жүйенің сөз жүзіндегі жалған субъектісі болады. Мысалы, олардың қызметі тек белгілі бір еңбек саласымен ғана шектелді. Біз өндіріс құрал-жабдықтары да еңбекшілерге қарамаған, тек сөз жүзінде ғана солардікі деп есептелетіндіктен, оларға деген адамдардың қатынасы, ниеттері де нем-құрайды екенін кеш мойындап отырмыз. Ұжым өмірінде болып жатқан басты-басты маңызды мәселелерге қатысудан, еңбекшілердің өздері шет-тетілген соң, олардың экономикаға саясатқа деген ынта-жігері, көзқарастары селқостыққа салынып немқұрайдылықты туғызды. Осындай күй кешкен еңбек ұжымдары саяси жүйенің негізі болу қабілетінен айрылады.

«Саяси ұйым» деген ұғымға қарағанда, «саяси жүйе» ұғымының мағынасы кеңірек. Соңғысына жоғарыда сөз болған саяси қатынастар саяси нормалар мен принциптер де кіреді. Ал саяси ұйымдар белгілі бір саяси міндеттерді іс жүзіне асыру үшін құрылады. Олар әрекеті барысында белгілі бір әлеуметтік күштің мақсатына қызмет етеді. Саяси жүйе өз қызметі, өмір сүруі барысында тұрақты да, белгілі бір кезеңдерде тұрақсыз да күйге түсуі ықтимал. Тұрақсыз күй кешуі салдарынан ол түбірлі реформаға өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп, саяси жүйе – саяси саланың бір бөлігі, яки билікті жүзеге асырушы, қоғамдық істерді басқару таптардың, әлеуметтік топтардың ұлттардың, мемлекеттердің арақатынасын реттеуші мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдардың бір-бірімен байланысты жиынтық жүйесі. Ол қоғамның тұрақтылығын және әлеуметтік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Қоғамның саяси жүйесінің дамуының басты бағыты – терең демократиялық өзгерістер жасау, бюрократтық-әкімшілік басқарудан арылу, жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті қалыптастыру, көппартиялық пен саяси плюрализмді дамыту, заң шығарушы, істі атқарушы және сот органдарының дербестігін қамтамасыз ету, президенттік биліктің қалыпты жүруін, елдің толық тәуелсіздігіне қол жеткізу. Сонымен, саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды реттеп отырады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей болмайды. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне сай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды.

Саяси жүйені жіктеп-топтау жөнінде әлі де ортақ пікір қалыптаспаған маркстік көзқарасты жақтаушылар саяси жүйені жіктеуде, қай қоғамдық экономикалық формацияда екендігіне, әлеуметтік-экономикалық құрылымына қарап соны өлшем етіп алады. Бұл көзқарастан әлбетте құл иеленуші феодалдық, буржуазиялық, социалистік саяси жүйе келіп шығады.

Әлеуметтік негізге сай жіктелгенде әскери және азаматтық басқару, ұлттық-демократиялық жүйе болып бөлінеді. әр түрлі өлшемдерге сүйенген батыс саясаткерлерінің саяси жүйелерді түрлеріне қарай топтауларының мәні ерекше. Елдегі басқарудың саяси тәртібіне қарай саяси жүйе демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып бөлінеді. Саяси тәртіп дегеніміз констиуциялық заңдар жиынтығы мемлекеттік құрылыс, оның басқарудың бейнесі. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігі саяси тәртіптің қандай дәрежеде екенін белгілейтін өлшем ретінде демократиялық дамуы мен қоғам мүшелерінің саяси белсендігін алады. Осы негізге сүйене отырып олар саяси жүйені демократиялық және антидемократиялық деп бөледі. Демократиялық жүйеде өкіметтің билігін шектеп отыратын, бақылау тетіктері мықты болады. Биліктің демократиялық тәртібі екіге бөлінеді. Олар президенттік және парламенттік басқару. Бүгін таңда 25 мемлекетте саяси өкімет билігі конституциялық монархияның қолында болса, 4 елде шексіз билікті иемденген діни ұйымның қолында. Әлемнің көпшілік мемлекеттерінде биліктің демократиялық, республикалық жүйесі орнаған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақстанға Президенттік басқару жүйесі негізілді. Президенттік билеу кезінде атқарушы орган парламентке бағынбайды. Елдің атқарушы өкіметі 7 жылда бір рет жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде болатын президенттің қол астында болады. Заң шығаратын құқық парламентке тиесілі болады.

Ал биліктің парламенттің формасы бойныша ел басшысы, парламентке бағынады. Бұл тәртіп кезінде заң шығарушылық та, атқарушылық билік те парламенттің қолында болады. Атқарушы орган қызметін парламент арқылы жүргізді. Қазірде әлемде парламенттік мемлекеттердің әр түрі бар. Мысалы, көптеген елдерде парламентке сайланған депутаттар коалициялық кабинет құрады. Мұндай кабинетті парламентте жеткілікті дауыс ала алмаған жағдайда әр түрлі партия өкілдері келісіп құрады. Сөйтіп биліктің парламенттік тәртібі көпшілік дауысы бар бір партиялық және коалициялық бірігіп басқаратын келісімдік басқару түрлері болады.



Демократиялық емес тәртіптер: Белгілі Испан саясаттанушысы Хуан Линдс қазіргі әлемдегі демократиялық емес авторитарлы және тоталитарлы тәртіптердің арасындағы айырмашылықтарды ашты. Тоталитаризм концепциясының өзі 1950 жылы мәлім болды. Осы жылдары американ саясаттанушылары Карл Фридрихс пен оның сол кездегі жас әріптесі Збигнев Бжезинский тоталитаризмнің ғылыми негізін талдап берді. Олардың айтуынша: тоталитарлы тәртіп кезінде біріншіден, мелекеттік билікті толық иемденген (көпшілік еріксіз мойындаған) партияның болуы. Екіншіден, партия демократиялық негізде құрылмай бір лидер-жетекшінің қол астына шоғырландырылады. Мысалы, ондай тәртіпке Гитлердің кезіндегі фюрерлік (лидерлік) деп фашистік билік тәртібі жатады. Бұл принцип бойынша билік ету лидерден-фюрерден төменге қарай нұқып халықты еріксіз, қорқытып бағындырумен жүзеге асыралады. Сондай-ақ тоталитарлы тәртіп кезеңін КСРО мемлекеті де басынан кешірді. Үшіншіден, бұл тәртіп кезінде идеология басты рөл атқарады. Тоталитарлы тәртіп – бұл идеологияға сүйенген тәртіп, онда үнемі өздерінің ойдан шығарған «ертегі» қағидалары болады. Мысалы, Гитлер құрған ұлтшыл партияның арии нәсілі әлемдегі ең қасиетті, өзгелерден артық нәсіл деп уағыздалды. Сол тәртіптің жүргізетін идеолоиясын билік басындағы саяси лидер белгілейді. Төртіншіден, тоталитаризм кезінде саяси институттар тарапынан өндіріспен экономикаға дара билік орнатылады. Осындай билік мемлекеттің барлық саласын, ағарту білім беру, ақпарат құралдарының тетіктерін де, өз қол астарына қаратып мықтап ұстайды, оларға қатаң бақылау (цензура) орнатады. Таза тоталитарлы мемлекетте қоғамның саяси жүйелерінің бірде-бір саласы еркіндікте болмайды, бәрі қатаң бақылауда өмір сүреді. Бесіншіден, тоталитарлы тәртіпте жаппай террорлық полицейлік бақылауға жол беріледі. Бұл тәртіпте полицейлік бақылау, күш қолдану қысым жасау басты әдіс болып табылады. Ал авторитарлы жүйені танып білу, қиынға соғады. өйткені авторитарлы жүйе автократия өмір сүрген мемлекетте болады. Автократия бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқару жүйесі. Автократия өмір сүрген мемлекет басқаруында демократияның да, тоталитарлы тәртіптің де белгілері білінбейді. Сөйтіп авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден айырмашылығы, биліктегі өкімет тоталитарлы тәртіптің мақсатын қайталамуында. Авторитарлы жүйе жалпыға бірдей идеология ұстанбайды. Аталған жүйе көбінесе ұлттық мүддеге басты көңіл бөледі.Авторитарлы тәртіптің бірі діни адамдардың яғни діни ұйымның қолындағы билік. Мысалы, оған 1979 жылғы Ирандағы революциядан кейінгі нағыз теократиялық (дін иелерінің) құрған авторитарлы тәртібі.Әлемде авторитарлы тәртіптің бұдан өзге де түрлері бар. Мексикадағы көппартиялық жағдайдағы билікте отырған «революциялық» партия. Олар оппозицияға жол ашып сайлау өткізуге рұқсат берді. Алайда бұл қадамдардың көбі жасанды екенін де мойындауымыз керек. Бәрібір ондағы билікті бір партия өз қолынан шығармады. Үшіншісі - әскери билік. Бұл билік тұсында саяси қызметтерге тиым салынады, не шектеледі, демократия тұншықтырылды. Төртіншіден, жеке дара билеу тәртібі – бұл жағдайда лидер мемлекеттегі институттардың әлсіздігіне қарамай, полицияның көмегіне сүйеніп билік жүргізеді. Бұл – авторитарлы тәртіптегі ең тұрақсыз осал биліктің түрі. Биліктің бұл түрі үстемдік еткенде, өкімет басында басқа институттардың қолдауынсыз ұзақ тұру өте қиын болады. Алайда белгілі бір кезеңде тәртіптің бұл түрі де біраз өмір сүруі ықтимал.

Бесіншіден, қазірде жоғалып бара жатқан авторитарлы тәртіптің бір түрі – монархия (моно-дара) болып табылады. Алайда монархиялық тәртіптің бәрі авторитарлы емес. Европада (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Дания, Бельгия, Люксембург, Испания) мемлекеттеріндегі монархиялық билік. Ал шындығында оларда мемлекеттік билік демократиялық парламенттің қолында. Монархтың мемлекеттің қоғамдық өміріне араласуы конституциямен шектелген. Ондай тәртіп Ұлыбританиядағы Корольдік.

Даму сатысы біршама төмен елдерде (Марокко, Иордания, Сауд Арабиясы Корольдігі және т.б.) монарх нағыз ел билеуші ретінде өз күшінде отыр. Қазіргі кезеңдегі саяси жүйенің тағы бір түрі дәстүрлі және жаңартылған (тілекке сай өзгертілген) түрі қалыптасуда. Дәстүрлі жүйеге дамымай қалған нашар азаматтық қоғамдағы саяси рөлі әлсізденген, билік қабілеттері бытыраған, бірақ ерекше дарынды әдіске сүйенген билік жатады. Жаңартылған қазіргі заманғы жүйеде дамыған азаматтық қоғам қалыптасқан, биліктің тиімді әдістері таңдалып алынған елдер жатады. Бүгінде саясаттанушы Ж.Брондел кең тараған саяси жүйені 5 топқа бөледі. Либералдық демократия, радикалды-авторитарлы немесе коммунистік, дәстүрлі (традиционная), популисттік және авторитарлы-консервативтік (кертартпа-ескіден айырмаушылық).

Ал зерттеуші Г.Алмондының жүйелерді топтауы, сол жүйедегі халықтың саяси мәдениеттер деңгейіне сүйеніп жасалған. Олар:



  1. Англо-американдық.

  2. Континенталды-европалық.

  3. Индустриялы елге дейінгі және жартылай индустриалды.

  4. Тоталитарлы.

Саяси жүйелер, алған бағдарларына қарай, тұрақтылыққа немесе саяси өзгерістерге қарай консервативті, ескі бұрынғы қалыптасқан тәртіптерді сақтап қолдаушылар болып, өзгертуші – қоғамды қайта құруды жүргізушілер болып екіге бөлінеді. Соңғысы ірі реформа жасауға дайын болады. Оны 70 жыл бойғы Кеңес жүйесінің тарихынан да бақылауға болады. Сталин-Хрущев (1953 ж.), Хрущев-Брежнев (1964 ж.), Брежнев-Горбачев (1982-85 жж.), Горбачев-Ельцин (1991 ж.) халықтық өкімет деп аталған – социализм тудырған формалары мен әдістері адамзаттың әлеуметтік прогресіне орасан зор ықпал еткені шындық. Қазан төңкерісінің жеңісі нәтижесінде өмірге келген саяси жүйе (система) белгілі бір кезеңде елеулі бұрмалауларға ұшырап, өзінің шын мәнін көрсете алмады. Оның басты себебі Сталин мен оның төңірегіндегілердің шексіз билігінен болды. Басқарудың сол жылдардағы қалыптасқан әміршіл-әкімшіл әдістері күні-бүгінге дейін қоғам дамуының түрлі жақтарына кеселді әсерін тигізуде. Сол жылдардағы саяси жүйе шаруашылық пен әлеуметтік өмірдегі тоқырау құбылыстарының үдеуінен сақтандыруға қабілетсіз болды. Өткендегі саяси жүйеге дер кезінде реформа жасауға талпыныс үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Түрлі мемлекеттік қоғамдық ұйымдарға «сайланған» азаматтардың саны еліміздегі ересек халықтың үштен біріне жетті, бірақ осының өзінде олардың негізгі бөлігі мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге нақты қатысудан шеттелді.

100-ге жуық одақтық және 800-ге тарта республикалық министрліктер мен ведомстволарға дейін өскен басқару аппараты тоқырау кезеңінде іс жүзінде шаруашылыққа да саясатқа да өз әмірін жүргізе бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет