Қағаз ақшалар. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар XII ғасырда Қытайда пайда болған, ал XIII ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған. Ресейде қағаз ақшалар 1769 жылы енгізілді.
Несиелік ақшалар. Несиелік ақшалардың пайда болуы қолма - қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың, өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады. Оларға: вексельдер, чек, төлем тапсырысы, «электрондық ақшалар» жатады.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесідей типтері болған:
Биметаллизм- ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша, қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Монометаллизм- жалпыға ортақ эквивалент рөлін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Францияда 1876-78 жылы, Ресей мен Жапонияда 1897 жылы белгіленді, ал күміс монометаллизмі Ресейде 1834-1852 жылы, Үндістанда 1852- 1893 жылы қолданды.
Ақша айналысы дегеніміз- ақша қаражаттарының белгілі бір мезгілде қозғалысқа түсуі. Ақша айналысы кезінде ақшалар айналыс құралы және төлем құралы қызметтерін атқарады. Осыған байланысты ақша айналысы тауарлы және тауарсыз ақша айналымы болып екіге бөлінеді. Тауарлы ақша айналымы - ақша қаражаттарының орнына белгілі бір тауарларды сатып алумен байланысты; тауарсыз ақша айналымы- ақша қаражаттарын белгілі бір төлем немесе қызмет түрлерін төлеумен байланысты ақшалардың қозғалысы. Ақша айналысы нақты және ақшасыз ақша айналысы деп бөлінеді. Нақты ақша айналысы- нақты ақшалардың қозғалысын білдіреді, яғни, банкноталар мен монеталардың қозғалысы; ақшасыз ақша айналымы- сатып алынған тауарлар мен белгілі бір қызмет түрлерін өтеу үшін бір шоттан екінші шотқа ақша қаражаттарын аудару. Халық шаруашылығында есеп айырысудың 80% артығы ақшасыз ақша айналысы құрайды. Мемлекет үшін ақшасыз ақша айналысы тиімді себебі: ақша мөлшерін жеңіл анықтау; ақша қаражаттарының үнемі қозғалысын анықтау; айналыстағы ақша массасын анықтау артады. Ең алғаш ақша айналысы заңын Карл Маркс ашқан. Ақша айналысы заңы – айналысқа қажетті ақша мөлшерін анықтайды.
Ақша жүйесі дегеніміз- ақша айналысын заңды түрде ұйымдастырып реттеу. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылғы 30 наурызда заңды күші бар «Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен реттеліп ұйымдастырылды. Ақша жүйесі бірнеше элементтерге негізделеді:
-
Ақша бірлігі- жүз тиыннан құралған бір теңге болып табылады;
-
Ақша белгілері- 1993 жылға дейін айналыста қазыналық билеттер болатын болса, қазіргі кезде айналыста Ұлттық банк шығарған монеталар мен банкноталар;
-
Ақша эмиссиясы- айналысқа ақша массаларын шығару;
-
Валюта курсы немесе валюта ықшамы - бір елдің валютасының екінші елдің валютасына арақатынасы.
1993 жылғы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес: 1993 жылдың 15 қарашасында сағат 8.00- де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта- теңге енгізілді; 1993 жылдың 18 қарашасынан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірде - бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. 1 теңге 100 тиыннан құралды, ол қолма- қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүргізілді.
Валюта - әр елдің ұлттық ақша бірлігі. «Валюта» ұғымын үш мағынада қолданылады.
-
Әр елдің ақша бірлігі және оның әртүрлі типтері (алтын, күміс, қағаз).
-
Шетел мемлекетінің белгісі, шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын- шетел валютасы.
-
Халықаралық (аймақтық) ақша есептеу бірлігі және төлем құралы (евро).
Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:
-
Еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез - келген шетел валютасына белгілі баласымен шексіз айырбасталады. Оларға: АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі және жапон иені жатады.
-
Барлық валюталық операция бойынша ішінара (ішінара қайтарымды) конверсияланатын немесе конверсияланбайтын- тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын валюта.
-
Басқа шетел валютасына айырбасталмайтын валюта.
Валютаны конверсияландыру дегеніміз - экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін жасау және валюта - несие қатынастарын халықаралық стандартқа сай қайта құру.
Ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі мен құнсыздануы инфляцияға әкеліп соғады. Инфляция термині латын тілінен аударғанда «қампиған» дегенді білдіреді. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.
Ақша айналымын немесе валютаны тұрақтандырудың тәсілдері:
-
нөлдендіру - мемлекет құнсызданған ақшаны жарамсыз деп жариялап, оның орнына жаңа ақша белгісін енгізуі;
-
деволвация - қағаз ақша құнының өзінің тұрақты қалпына түсуі;
-
револвация - бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасы қатынасына қарай көтерілуі, егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынмен дамитын болса;
-
деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.
Инфляция - кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны жабу үшін қағаз ақшалардың массасынан артық шығарылуы; мемлекеттің өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарлылығы; тауар тапшылығынан бағаның өсуі; бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінінің өніміне тұтыну сапасын артырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы; жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының құны пайда болуына көмектеседі.
Тестер
1. “Экономия” ұғымын алғаш ұсынған ойшыл:
А). Аристотель
B). Платон
C). Ксенофонт
D). Монкретьен
E). Сократ
2. Алғашқы экономикалық ілімді атаңыз:
А). Физиократизм
B). Меркантилизм
C). Классикалық саяси экономия
D). Кейнсиандық
E). Маржинализм
3. “Саяси экономия” ұғымын ғылымға алғаш енгізген кім:
А). Аристотель
B). Платон
C). Ксенофонт
D). Монкретьен
E). Сократ
4. “Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады:
А). Физиократизм
B). Классикалық саяси экономия
C). Кейнсиандық
D). Маржинализм
E). Меркантилизм
5. Экономика ғылымының тану әдістеріне жатпайды:
А). Индукция
B). Экстраполяция
C). Методологиялық
D). Дедукция
E). Гипотеза
6. Экономика ғылымының тану әдістерін көрсетіңіз:
А). Индукция, экстраполяция, гипотеза, дедукция
В). Дедукция, болжамдық,методологиялық, индукция
С). Индукция, танымдық, практикалық, гипотеза
D). Экстраполяция, дүниетанымдық, болжамдық, гипотеза
Е). Гипотеза, практикалық, болжамдық, методологиялық
7. Экономикалық теорияның функцияларын көрсетіңіз:
А). Дедукция, болжамдық, методологиялық, индукция
В). Индукция, экстраполяция, гипотеза, дедукция
С). Экстраполяция, дүниетанымдық, болжамдық, гипотеза
D). Гипотеза, практикалық, болжамдық, методологиялық
Е). Танымдық, практикалық, болжамдық, методологиялық
8. «Не, қалай, кім үшін өндіру керек?» жағдайында бұл сұрақ қай жүйеде шешіледі:
А). Дәстүрлі экономикада
В). Аралас экономикада
С). Әміршіл- әкімшіл экономикада
D). Нарықтық экономикада
Е). Әлеуметтік аралас экономикада
9. Физиократтардың өкілі болып табылады:
А). Т. Мен, Ж.Б. Кольбер
В). Ф. Кенэ, А. Тюрго
С). У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо
D). К. Менгер, Ф. Визен,
Е). Маршалл, Е. Бем- Баверк
10. Классикалық саяси экономия өкілдері болып табылады:
А). Т. Мен, Ж.Б. Кольбер
В). Ф. Кенэ, А. Тюрго
С). У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо
D). К. Менгер, Ф. Визен,
Е). Маршалл, Е. Бем- Баверк
11. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипаты болып табылады:
А). Қоғамдық еңбек бөлісінісінің жетіспеушілігі
В). Тұрпайы еңбек құралдарын қолдану
С). Жасалған өнім тек өздеріне тұтыну үшін қолдану
D). Қоғамдық еңбек бөлінісі және мамандандыру
Е). Натуралды өнімдерді шығару
12. Өндірістің негізгі мақсаты:
А). Өрлеу
В). Тұтыну
С). Айырбастау
D). Дамыту
Е). Бөлу
13. Өндіріс жабдықтары дегеніміз-
А). Еңбек заттары мен шикізаттар
В). Жұмысшы күші мен еңбек заттары
С). Өндіріс процесінде адам еңбегімен жасалатын заттар
D). Бір ғана өндірістік циклға қатысатындар материалдар
Е). Еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтарының жиынтығы
14. Еңбек заты бұл -
А). Станоктар
В). Шикізаттар
С). Ғимараттар
D). Құралдар
Е). Техникалар
15. Негізгі капитал дегеніміз-
А). Өндіріс процесіне тұтастай қатысатын өндіргіш капиталдың элементтері
В). Өндірісте қолданатын еңбек құралдарының құны
С). Өндірісте қолданатын жұмысшы күшінің құны
D). Өндірістік үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар құны
Е).Өндіріс процесіне жартылай қатысатын өндіргіш капиталдың элементтері
16. “Кәсіпкерлік негізгі 3 фактордың (капитал, жер, еңбек) араласуы мен бірігуі” деп айтқан ғалым:
А). Аристотель
В). Жан Сэй
С). Ксенофонт
D). Монкретьен
Е). Кантильон
17. Тауардың қасиеті бұл-
А). Тұтыну құны мен айырбас
В). Абстрактылы және нақты еңбек
С). Қоғамдық еңбек және айырбас құны
D). Тауардың айырбас құны
Е). Тауардың сапасы
18. Рента- бұл келесі факторды қолдану негізінде пайда табу формасы:
А). Еңбек
В). Ақпарат
С). Жер
D). Капитал
Е). Кәсіпкерлік
19. Әміршіл- әкімшіл экономикаға тән белгілері:
А). Таңдау еркіндігінің болуы
В). Артта қалған технологияларды қолдану
С). Мемлекеттің араласуы шектеулі
D). Барлық материалдық ресурстар қоғамдық меншікте болады
Е). Орталықтандырылған жоспарлау
20. Барлық экономикалық жүйелер соқтығысатын фундаменталды мәселе:
А). Инвестиция тарту
В). Өндірісті дамыту
С). Тұтыну
D). Ресурстар аздығы
Е). Кәсіпкерлікті қолдау
21. “Кәсіпкер- тәукел жағдайда қызмет етуші адам” деп айтқан ғалым:
А). Жан Сэй
В). Аристотель
С). Монкретьен
D). Ксенофонт
Е). Кантильон
22. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық формаларына жатады:
А). Картель, акционерлік қоғам, синдикат
В). Фермер қожалықтары, концерн, корпарация
С). Серіктестіктер, фермер қожалықтары, акционерлік қоғамдар
D). Пул, корпарация, трест
Е). Серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер
23. Дәстүрлі экономикаға тән белгілері:
А). Барлық материалдық ресурстар қоғамдық меншікте болады
В). Мемлекеттің араласуы шектеулі
С). Артта қалған технологияларды қолдану
D). Таңдау еркіндігінің болуы
Е). Орталықтандырылған жоспарлау
24. “Кәсіпкер” ұғымын алғаш ұсынған кім:
А). Платон
В). Монкретьен
С) Ксенофонт
D). Аристотель
Е). Кантильон
25. Нарықтық экономикаға тән белгілері:
А). Таңдау еркіндігінің болуы
В). Артта қалған технологияларды қолдану
С). Мемлекеттің араласуы шектеулі
D). Барлық материалдық ресурстар қоғамдық меншікте болады
Е). Орталықтандырылған жоспарлау
26. Өзгермелі капиталға жатады:
А). Өндірісті жаңартуға жұмсалған капитал
В). Жұмысшы күшін сатып алуға жұмсалған капитал
С). Өндірістің дамуына байланысты өзгеріп отыратын капитал
D). Жұмысшыларға төленетін қаржылық капитал
Е). Жұмысшының денсаулығына жұмсалатын капитал
27. «Ақша жүйесі» элементтеріне жатпайды:
А). Ақша бірлігі
В). Ақша белгілері
С). Ақша айналысы
D). Ақша эмиссиясы
Е). Валюта ықшамы
28. «Ақшаның қызметіне» жатпайды:
А). Айналыс құралы
В). Құндылықтарды сақтау құралы
С). Дүние жүзілік ақшалар
D). Төлем құралы
С). Ұсақтау құралы
29. Ресейде қағаз ақша қашан еңгізілді:
А). 1769 ж.
В). 1826 ж.
С). 1615 ж.
D). 1540 ж.
Е). 1320 ж.
30. Қағаз ақша алғаш рет пайда болды:
А). Францияда
В). Ресейде
С). Грецияда
D). Қытайда
Е). Египетте
Тапсырмалар
Терминдерді іріктеу: А бағанасындағы сұрақ нөмірінің алдындағы жолға Б бағанасынан таңдап алған жауабыңыздың әрпін қойыңыз:
А бағанасы:
-
____ Экономикалық теория
-
____Экономикалық жүйе
-
____Экономикалық заңдар
-
____Экономикалық категория
-
____Өндіріс факторлары
-
____Кәсіпкер
-
____Нарықтық экономика
-
____ Еңбек
-
____Әміршіл- әкімшіл экономика
-
____Тауар
-
____Ақша
-
____ Мемлекеттік кәсіпорындар
-
____ Өндірістік кәсіпкерлік
-
____Ақша жүйесі
-
____Ақша эмиссиясы
-
____Рента
-
____ Дивидент
-
____ Акция
-
____ Жеке меншік
-
____ Баға
-
____ Валюта
-
____ Натуралды шаруашылық
-
____ Ақшаның қызметтері
-
____ Мемлекетсіздендіру
-
____ Валюта курсы
Б бағанасы:
А). Әр елдің ұлттық бірлігі.
В). Қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер
негізінде қоғамда жүзеге асатын экономикалық процестердің
жиынтығы.
С). Құн өлшеу, төлем, айырбас, қор жинау, әлемдік ақшалар.
D).Тауарлар мен қызметтер көрсетілетін кәсіпкерлік қызметтің
түрі.
E). Кез – келген тауардың ақшалай көрінісі.
F). Жалған ақпарат, жоспар негізінде жүзеге асырылатын жүйе.
G). Адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, айырбасқа түсетін
өнім.
H). Адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
шекті ресурстарды тиімді пайдалану, бөлу туралы ғылым.
I). Экономикалық құбылыстар арасындағы қайталанатын
байланыс
J). Мемлекет тарапынан қызмет көрсетуші мекемелер.
K). Акциялардан түсетін пайда.
L). Адамның күш- жігерінің жұмсалуы мен біліктілігі.
M). Бір елдің валютасының екінші елдің валютасына арақатынасы.
N). Айналысқа ақша массаларын шығару.
O). Кез - келген затқа айырбастала алатын жалпылама эквивалент.
P). Ақша айналысын заңды түрде ұйымдастырып реттеу.
Q). Пайда түсіру үшін тәуекелге бел байлайтын адам.
R).Экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсетеді.
S). Жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік.
T). Сатушы мен тұтынушы арасындағы экономикалық қатынас.
U).Бағалы қағаз түрі.
V). Жерді жалға берген үшін алынатын төлем.
W). Өнімдерді тек өзіне тұтыну үшін өндіретін шаруашылық түрі.
X). Мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші
субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттіктерді
беру арқылы түрлендіру.
Y). Жеке адамдар иелігіндегі және қарамағындағы тауарлар.
Жауап эталондары
1- H.
2- B.
3- I.
4- R.
5- S.
6- Q.
7- T.
8- L.
9- F.
10- G.
11- O.
12- J.
13- D.
14- P.
15- N.
16- V.
17- K.
18- U.
19- Y.
20- E.
21- A.
22- W.
23- C.
24-X.
25- M.
Қолданылған әдебиеттер
-
Ермекова Т.Р., Мақұлжанова Ғ.С. Қолданбалы экономика.- Талдықорған: Полиграфия - 1997.
-
Нұрпейісов Ж.Қ. Микроэкономика негіздері. - Астана.- 2001.
-
Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А. және т.б. Жалпы экономикалық теория. - Ақтөбе: «А- Полиграфия»- 2004.
Мазмұны
Қысқартулар тізімі...............................................................................................3
Кіріспе...................................................................................................................4
-
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері..............................................6
-
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы...................................................12
-
Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік............................21
-
Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары...............................................................................................33
-
Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс.
Ақша...............................................................................................................42
Тестер...................................................................................................................51
Жауап эталондары..............................................................................................58
Тапсырмалар.......................................................................................................59
Жауап эталондары..............................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................63
ҚММА-баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40
Көлемі 4.1 есепті- баспа табағы
100 дана
Достарыңызбен бөлісу: |