Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет108/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Технологиясы(№ 2 Б.П.) Қосымша ыдысқа есептелген тазартылған су 
мөлшерінің 1 бөлігін құйып, онда 6,0 г натрий бромидін және 5,0 г глюкозаны 
ерітеді. Дәрілік заттардың мөлшерлері көп болғандықтан еріту процесін 
жылдамдату үшін, жылы су және араластыру операцияларын қолданған жөн. 
Дәрілік заттар толық еріген соң, ерітіндінің көлемін сумен 200 мл дейін 
жеткізіп, босататын құтыға фильтрлеп, тығындап, «Ішуге» деген негізгі 
этикеткамен безендіреді. Ескерту этикеткалары: «Балалардан сақта», «Салқын 
жарықтан қорғалған жерде сақта». 
Ерітіндіні №1 БП бойынша дайындау, дәрілік заттарды тек судың нақты 
есептелген көлемінде ерітумен ерекшеленеді. 
2. Егер ерітінді құрамында улы, күшті әсер ететін заттар жазылған болса, 
онда ең алдымен осы заттардың дозаларының дұрыстығы тексеріледі. 
Мысалы: 
Rp.: Codeіnі phosphatіs 0,2 

Natrіі salіcylatіs 5,0 

Aquae purіfіcatae 200 ml 

Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
Рецептіде микстура жазылған. Дәрілік түр - улы есірткі заты - кодеин 
фосфаты бар ішуге қолдануға арналған ерітінді. 


167 
Кодеин фосфатының жоғары реттік дозасы (ЖРД) және жоғары тәуліктік 
дозасы (ЖТД) тексеріледі: 
Сұйық дәрілік препраттарды үй жағдайында дозалау үшін шартты 
өлшемдерді қолдануға рұқсат етіледі (кесте 10 ).
Кесте 10 
Кейбір мемлекеттердің фармакопеясы бойынша қасықтың сыйымдылығы 
Елдер 
Қасықтың сыйымдылығы, мл 
Ас қасық 
Десерт қасық 
Шәй қасық 
Англия 
Бельгия 
Голландия 
Украина 
США 
Франция 
Швейцария 
Ресей 
Қазақстан 
15 
15 
15 
15 
15 
15 
15 
15 
15 

10 

10 

10 
10 
10 
10 









1. Микстураның жалпы көлемі: Vж. = 200 ml 
1 ас қасықтың көлемі 10 кестеге сай 15 мл 
200 : 15 = 13 рет қабылдау саны; 
2. Кодеин фосфатының дозалары: 
рецепт бойынша
МФ бойынша 
ЖРД:
0,2 : 13 = 0,015 г
0,1 г 
ЖТД:
0,015 

3 = 0,045 г
0,3 г 
Қорытынды: дозасы аспаған, микстураны дайындауға болады. 
3.Құрғақ заттардың мөлшерін анықтау:
0,2 + 5,0 = 5,2 г 
5,2 - 200 
х - 100
x=2,6% < 3%, яғни ерітіндідегі құрғақ заттардың 
концентрациясы 3 %-дан кем, демек дәрілік заттар рецептіде жазылған 
еріткіш мөлшерінде ерітіледі. 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 200 ml
Codeіnі phosphatіs 0,2 
Natrіі salіcylatіs 5,0 
Vж = 200 ml


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет