Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Орамдау, тығындау, безендіру және дайын өнімнің сапасын



Pdf көрінісі
бет104/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Орамдау, тығындау, безендіру және дайын өнімнің сапасын 
бағалау 
Дайын 
ерітіндіні 
орамдау 
және 
тығындау 
ерітінділердің 
технологиясының соңғы кезеңдерінің бірі. 
Сұйық дәрілік түрлерді босату үшін, сыйымдылығы 30, 50, 100, 150, 
250 және 500 мл шыны құтылар қолданылады. Олар арнайы шыныдан 
жасалады: МТО (медициналық таралық түссізделген), МСО (медициналық 
қызыл-сары), АБ-1 (медициналық әлсіз сілтілі борсыз). 
Сурет 32. Ерітінділерді фильтрлеуге арналған АФРП аппараты (а) және 
оның құрылысының схемасы (б) 
1- табаны; 2- көтерілетін құрылғы; 3- фильтрленетін ерітіндісі бар құты; 4- 
шыны фильтрлер; 5- фильтрат өткен флакондар; 6- электрлі сорғыш. 
Флакондағы сұйықтық деңгейі оның иығына дейін толтырылады. 
Құтыларды тығындау үшін резина, шыны, қабықты, полиэтилен тығындары 
қолданылады. Жиі қабықты, полиэтилен тығындары қолданылады. 
Қабықты тығынның өлшемі флакон мойнының ішкі диаметрінен үлкенірек 
болуы және тығындалған қабықты тығынның 1/3 бөлігі сыртқа шығып тұруы 
қажет. Қабықты тығын астына міндетті түрде пергамент немесе балауыздалған 
қағаз қолданылады, яғни ерітінді тығынмен жанаспауы тиіс. 
Бұралатын пластмасс қалпақшалары пластмасс төсеммен бірге немесе 
тығынмен, немесе екі жағынан полиэтиленмен қапталған картон төсеммен бірге 
қолданылады. 
Бұралатын қалпақшалар полиэтилен тығындарымен немесе төсемдерімен 
бірге қолданылуы тиіс. Олар құрамы әртүрлі стерильді емес дәрілік құралдарды 
орамдау үшін қолданылады. 
Резиналық тығындар. Дәрілік заттардың ерітінділерін орамдау үшін ИР-21 
(ақшыл-сары түсті) силиконды каучук негізінде, 52-369, 52-369/1, ИР-119А (қара 


163 
түсті), ИР-119 (сұр түсті) бутил каучук негізінде, 25 П (қызыл түсті), И-51-1, И-51-2 
(сұр түсті) маркалы тығындар қолданылады. 
Бірақ, ИР-21, ИР-119А, ИР-119, 25 П, 52-369, 52-369/1 маркалы резина 
тығындары амилнитритпен, валидолмен, диэтил эфирімен, камфорамен, карбол 
қышқылымен, 
метилсалицилатпен, 
аммиак 
ерітіндісімен, 
йодпен, 
формальдегидпен, сутек асқын тотығымен, хлороформмен, скипидармен, 
хлорэтилмен, төртхлорлы көміртекпен сыйымсыз. 
И-51-1, И-51-2, 1000, 25П резина тығындары минералды, майлы және эфир 
майларымен, мұнай өнімдерімен, сутек асқын тотығы ерітінділерімен, калий 
перманганатымен және басқа жеңіл тотығатын заттармен сыйымсыз. 
Калий перманганаты, аммиак, сутек асқын тотығы секілді ерітінділері бар 
флакондарды тығындау үшін, МБ-7 маркалы резина тығындары қолданылады. 
Тығынды құтының мойнына қағаз қалпақ көмегімен бекітеді немесе балқытылған 
парафин, балауыз құяды. 
Қажетті жағдайда науқасқа дәріні босатудың алдында құтының мойнын 
гофрирленген қағаз қалпақпен жауып, берік жіппен бірнеше рет айналдыра байлап, 
сүргілейді. 
Өндірісте шығарылатын стандартты полимерлі тығындардың өлшемдері 
флакон тесіктерінің диаметріне сәйкес жасалынады. 
Дәрі бар флакондарды безендіргенде нормативті құжаттардың (ҚР ДСӘД 
министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы «Дәрілік заттарды, 
медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
таңбалау қағидаларын бекіту» туралы бұйрығы) талаптарына сәйкес негізгі 
(«Ішуге», «Сырт тәнге» және т.б.) және ескерту («Балалардан сақта», «Қолдану 
алдында шайқа» және т.б.) этикеткалармен жабдықталады. 
Дайын препараттың (ерітіндінің) сапасын бағалау нормативтік құжаттардың 
талаптарына сай жүргізіледі. Ерітіндінің мөлдірлігіне, түсіне, иісіне, дәміне (әсіресе 
балаларға арналған дәрілер болса), жалпы көлеміндегі ауытқуларына және т.б. 
көрсеткіштеріне көп көңіл бөлінеді (ҚР ДСӘД министрінің 28.05.2015 ж. № 405 
«Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу 
қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарына сәйкес). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет