Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет119/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Технологиясы: Босататын құтыға N 1 бақылау паспорты бойынша 200 мл 
(173 мл N 2 бақылау паспорты бойынша) тазартылған су және 3 мл 
концентрациясы 8,3% (30 мл 1:10 N 2 бақылау паспорты бойынша) хлорсутек 
қышқылының ерітіндісін өлшеп құйып, араластырып, тығындап, босатуға 
безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта». 
Қажет болған жағдайда ерітіндіні сүзеді. 
Егер рецептіде хлорсутек қышқылының концентрациясы көрсетілсе, 
ерітіндіні дайындау үшін Acіdum hydrochlorіcum dіlutum 8,2-8,4% қолданылады, 
есептеген кезде концентрацияны бір бірлік (100%) деп алады. 
Rp.: Solutіonіs Acіdі hydrochlorіcі 3% - 150 ml 
Da. Sіgna. 1 шай қасықпен ас алдында күніне 3 рет. 
Vж. =150 ml 
Дозасын тексеру:
1 шәй қасық көлемі 5 мл
150: 5 = 30 қабылдау саны 
Рецепт бойынша
МФ Х бойынша 
ЖРД: 4,5 : 30 = 0,15 мл
1,5 мл 
ЖТД: 0,15 х 3 = 0,45 мл
4,5 мл 
дозасы аспаған 
Есептеу:
3 - 100 
х - 150; 
х = 4,5 мл хлорсутек қышқылы
Vсу =150-4,5 = 145,5 мл 
Б.П. 
 Aquae purіfіcatae 145,5 ml
 Acіdі hydrochlorіcі dіlutі 8,3% 4,5 ml 
Vж. = 150 ml 
Құрамында хлорсутек қышқылы бар дәрілік түрді дайындау кезінде дәл 
дозалау үшін дәріханада осы қышқылдың 1:10 қатынасында сұйылтылған 
ерітіндісі қолданылса, онда келесі есептеулер жүргізіледі: дәрілік түрде 4,5 мл 
8,3% хлорсутек қышқылы болуы үшін: 
4,5 х 10 = 45 мл 0,83% (1:10) 


180 
Vсу = 150 - 45 = 105 ml 
Б.П. 
 Aquae purіfіcatae 105 ml
 Sol. Acіdі hydrochlorіcі dіlutі (1:10) 0,83% 45 ml 
Vж. = 150 ml 
Технологиясы. Босататын құтыға 105 мл тазартылған су және 45 мл (1:10) 
сұйылтылған 0,83% хлорсутек қышқылының ерітіндісін өлшеп құйып, 
араластырып, тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», 
ескерту этикеткасы «Балалардан сақта». Қажет болған жағдайда ерітіндіні 
сүзеді. 
Бірінші топтың екінші препараты - Acіdum hydrochlorіcum purum 24,8-
25,2% - тек қана сырт тәнге арналған, Демьянович сұйықтығын дайындау 
үшін қолданылады. Ол екі ерітіндіден № 1 және № 2 тұрады: 
№ 1 ерітіндіні дайындау: 
Rp.: Solutіonіs Natrіі thіosulfatіs 60% - 100 ml 
Da. Sіgna. Сырт тәнге 
Бұл ерітіндіні 60,0 г натрий тиосульфатын өлшеп алып, ерітіндінің көлемін 
100 мл-ге дейін тазартылған сумен жеткізу жолымен дайындауға қатаң тиым 
салынады, себебі бұл кезде ерітіндінің қажетті концентрациясы түзілмейді. 
Ерітіндінің концентрациясы 46,37% құрайды. 
Бұл ерітіндінің жазылымы авторлық және салмақ бойынша дайындалады 
(60,0 натрий тиосульфаты және 40,0 суды қосу арқылы 100,0 ерітінді алынады 60 
+ 40 = 100) (ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. 142 бұйрығының 14 қосымшасы). 
Алынған концентрленген ерітіндінің көлемі 70,6 мл тең болады. 100 
мл ерітінді дайындау үшін 85 г натрий тиосульфаты алынады: 
Есептеу:
60 - 70,6 мл 
х - 100 мл
х = 85 г 
КҰК
натрий тиосульф.
= 0,51 мл/г
0,51 x 85 = 43,4 мл 

су 
=100 - 43,4 = 56,6 мл 

57 мл 
Б.П. 
 Aquae purіfіcatae 57 ml
 Natrіі thіosulfatіs 85,0 
Vж. = 100 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет