205
Рецепт бойынша
ССРО МФ бойынша
ЖРД:
0,2 : 20 = 0,01 г
0,02 г;
ЖТД:
0,01
3 = 0,03 г
0,06 г
Қорытынды: дозасы аспаған.
Рецептіде еріткіш көрсетілмегендіктен, «Сұйық дәрілік түрлерді»
салмақтық-көлемдік әдіспен дайындау ережелеріне
сәйкес еріткіш ретінде
тазартылған су алынады.
Б.П.
Aquae purіfіcatae 5 ml
Morphіnі hydrochlorіdі 0,2
Aquae purіfіcatae 5 ml
Vж. = 10 ml
Технологиясы: Қосымша ыдысқа тазартылған судан 5 мл өлшеп құйып,
онда морфин гидрохлоридінің 0,02 г (электронды таразымен өлшенеді)
ерітеді. Морфин гидрохлориді есірткі зат болғандықтан, оны дәрілердің
сапасын бақылайтын фармацевт-технологтан алып, ол
туралы есеп
журналына тіркейді (ҚР ДСӘД 2015 жылғы 28 мамырдағы № 405 бұйрығына
сәйкес). Ерітіп болған соң, ерітіндіні алдын-ала тазартылған сумен жуылған
фильтр арқылы сыйымдылығы 10 мл қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді.
Сол фильтр арқылы судың қалған мөлшерін (5 мл) сүзеді. Тығындап, күлгін
түсті гофрирленген қағазбен жауып,
жіппен байлап, сүргілейді. Негізгі
этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Абайлап
қолдан». Рецепті дәріханада қалдырылады, науқасқа рецептінің көшірмесі
(сигнатура) беріледі.
Жазылымда 0,05
г-нан аз мөлшерде жазылған улы, күшті әсер ететін
заттар белгіленген кезде, олардың алдын-ала дайындалған концентрлі
ерітінділері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: