Полиэтиленоксид-400
(ПЭО-400)
н-(OCH
2
CH
2
)
9
-OH
–
Polyaethylenoxydum.
Полиэтиленоксид-400
(ПЭО-400),
полиэтиленгликоль-400
(ПЭГ-400)
-
этиленоксидтің
сумен
полимеризацияланған өнімі.
Бұл түссіз, мөлдір, тұтқыр, өзіне тән иісі және тәтті дәмі бар гигроскопты
сұйықтық. Ол биологиялық индефференті, микробтарға тұрақты. ПЭО-400 суда,
этанолда, хлороформда жақсы ериді, эфирде іс жүзінде ерімейді. Сонымен бірге
суда аз және қиын еритін дәрілік заттар: бензой қышқылы, салицил қышқылы,
анестезин, камфора және басқалар ПЭО-400 жақсы ериді (11 кесте).
Тек таза ПЭО-400 ғана емес және оның сулы ерітінділері кейбір заттардың
ерігіштігін арттырады. Мысалы, фурацилин ПЭО-400 26% ерітіндісінде суға
қарағанда 25 есе жақсы ериді.
ПЭО-400 жоғарғы осмостық белсенділік көрсетеді, іріңді тазартуға, жара
бетін өңдеуге арналған, сондықтан оны сырт тәнге арналған ерітінділер
технологиясында қолдану маңызды.
ПЭО-400 фенол, резорцин, танин, тимолмен және т.б. сыйымсыз.
Эсилон-4 және Эсилон-5 (C
2
H
5
)
3
-Sі-O-Sі-(C
2
H
5
)n -O-Sі-(C
2
H
5
)
3
– Aesіlonum.
Эсилон-4 және Эсилон-5 силикон полимерлеріне жатады. Олар - тізбекті
құрылысты
полимерлер
қоспасынан
тұратын,
полиэтилен-силоксанды
сұйықтықтар.
Олар барлық қатынаста эфир, хлороформ, вазелин майы, өсімдік
майларымен араласады. Су, этанол, глицеринмен араласпайды.
Бейполярлы дәрілік заттардың ерігіштігі полимердің тұтқырлығына
байланысты. Мысалы, ментол Эсилон-4-те 1:4 қатынаста, ал Эсилон-5-те 1:10
қатынаста ериді. Камфора мен фенолдың ерігіштігі де солай жүреді.
Силиконды сұйықтықтар тері бетін қорғайтын құрал ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |