Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет166/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Коллоидты ерітінділер дегеніміз не? 
2. Коллоидты ерітінділердің қандай ерекшеліктерін білесіздер? 
3. Протаргол және колларгол ерітінділерін дайындаудың ерекшеліктері қандай? 
4. Протаргол және колларгол ерітінділерін фильтрлеуге бола ма? 
5. Ихтиол ерітіндісін дайындау технологиясы қалай жүргізіледі? 
6. Коллоидты электролиттердің (жартылай коллоидтар) ерітінділерін дайындау 
технологиясы. 
7. Коллоидты ерітінділердің сапасын бағалау қалай жүргізіледі? 
 
 
 
 
 
3.9 Суспензиялар 
Суспензиялар - (Suspensіones) - официналды дәрілік түр. ҚР МФ, т.1, 500 б. 
«Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына енгізілген. 
КСРО МФ ХІ басылымының 2 томына жалпы мақала енгізілген.
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан 
тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік 
түр. 
Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар. 
Артықшылықтары: суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік 
заттарды босатуға болады, әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар 
ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен 
салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен 
дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дәрілік заттардың 
сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді. 
Кемшіліктері: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл 
дозаланбайды. 
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды 
босату мүмкіндігі жоқ. 
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі 
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында), майда 
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет