Гидрофобты қасиеті айқын байқалатын заттарға: камфора, ментол,
тимол, бромкамфора, күкірт жатады. Бұл заттардың суспензияларын
тұрақтандыру үшін 1,0 г препаратқа: 0,5 г өрік шайыры; 1,0 г аравия шайыры
немесе желатоза қосылады.
Гидрофобты қасиеті айқын байқалатын препараттардың майдалануы
90% этил спирті (қиын ұнтақталатын заттар) 1:1 қатынаста қосу арқылы
жүргізіледі. Олар спиртте жеңіл ериді, спирт буланып кеткен соң
рекристаллизация жүреді, нәтижесінде зат жеңіл майдаланады. Мысалы:
Rp.: Camphorae 1,5
Natrіі bromіdі 2,0
Adonіsіdі 10 ml
Aquae purіfіcatae 150 ml
M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
Есептеу: Құрғақ заттардың концентрациясы анықталады.
V
ж.
= 10 мл + 150 мл = 160 мл
m
қ,з.
= 1,5 + 2,0 = 3,5
3,5 - 160 мл
х - 100 мл
х =2,19% < 3% құрғақ заттардың мөлшері 3% төмен.
Салмақ- көлемдік әдіспен дайындалады
Камфора гидрофобты қасиеті айқын байқалатын зат, тұрақтандыруды
талап етеді. Ол үшін желатозаны 1:1 қатынасында алады, яғни 1,5:1,5.
Технологиясы Дерягин ережесі бойынша пульпа алу және лайлау процесін
қолданып жүргізіледі.
Б.П.
Aquae purіfіcatae 150 ml
Natrіі bromіdі 2,0
Camphorae 1,5
Gelatosae 1,5
Adonіsіdі 10 ml
V
ж.
= 150 мл
Технологиясы: Қосымша ыдысқа 150 мл суды өлшеп, 2,0 г натрий
бромидін ерітеді, фильтрлейді. Келіде 1,5 г камфораны 1,5 мл 90% спиртпен
ысқылайды (қиын ұнтақталатын зат) 1,5 г желатоза және 1,5 мл натрий бромиді
ерітіндісін қосып жұқа пульпа түзілгенше ысқылайды: 30 мл ерітінді қосады,
араластырып, 1-2 минут тыныштықта қалдырады. Бетіндегі ерітіндіні босататын
құтыға құяды. Тұнбамен осы операцияны бірнеше рет қайталап, ерітіндінің соңғы
бөлігімен келіні шайып, құтыға құяды. 10 мл адонизидті қосып, тығындап,
247
босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге» ескерту этикеткасы «Қолданар
алдында шайқа»
Достарыңызбен бөлісу: |