Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет180/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Эмульгаторларға 
қойылатын 
талаптар: 
дифильдік, 
беттік 
тартылысты төмендету қабілеті, дәрілік заттармен әрекеттеспеуі, 
фармакологиялық индифферентті болуы тиіс. 
Кез-келген 
эмульгаторлардың 
белсенділігі 
арнайы 
санмен, 
гидрофильді-липофильді баланспен (ГЛБ) сипатталады. ГЛБ деп - бір-біріне 
қарама-қарсы молекула топтарының - гидрофильді және гидрофобты 
молекула топтарының қатынасын айтады. 
ГЛБ анықтау үшін Гриффин ұсынған жартылай шартты жүйені 
қолданады. ББЗ молекуласын құрайтын бөлек топтардың сумен әрекеттесу 
дәрежесін сандық түрде анықтау және шартты топтық сан түрінде көрсетуге 
мүмкіндік береді. 
ГЛБ сандары барлық белгілі беттік белсенді заттар үшін 1 ден 40-қа 
дейін шкала құрайды (Гриффин шкаласы). 10 саны липофильді және 
гидрофильді ББЗ арасындағы шекараға жақын. С/М типті эмульсия түзетін 
майда еритін эмульгаторларда ГЛБ саны 10 төмен. Эмульгатордың ГЛБ 
саны неғұрлым жоғары болған сайын, М/С типті эмульсиясын түзуге 
соғұрлым жақын болады.
ГЛБ шкаласы эмульгаторды дұрыс таңдау үшін маңызды, сонымен 
қатар ББЗ басқа да мақсатпен қолданылуын белгілейді. 
ГЛБ саны 1-3 мәніндегі ББЗ көпіршікті басады, 3-6 - болғанда С/М 
типті эмульгатор, 7-8 - жуғыш заттар, 8-13 - болғанда М/С типті эмульгатор, 
13-15 - детергент, 15-тен жоғары болғанда солюбилизатор ретінде 
қолданылады. 
Эмульгаторлар және олардың жіктелуі. Барлық эмульгаторлар 
құрылысы және қасиеттері бойынша ионогенді және бейионогенді болып 
бөлінеді. 
Ионогенді эмульгаторлар: 
а) Анионактивті: суда диссоциацияланады. Молекуласының гидрофильді
бөлігінің заряды теріс (сабындар, альгинаттар) 
б) Катионактивті: суда диссоциацияланады. Молекуласының гидрофильді 
бөлігінің заряды оң (төртіншілік тұздары және т.б.) 


256 
в) Амфотерлік (ақ уыздар, желатин, казеин және т.б.). Молекуласының 
заряды ерітіндінің рН мәніне байланысты өзгереді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет