Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Суппозиторийлердің дәрілік түр ретінде артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет247/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Суппозиторийлердің дәрілік түр ретінде артықшылықтары: дәрілік 
заттар тез сіңіріледі, бұл қасиетімен суппозиторийлер тіпті шаншуға арналған 
ертінділермен бәсекелесе алады; қолдану қарапайымдылығы; дозалануы дәл
дәрілік заттар асқазан - ішек трактісіне, бауыр барьеріне (кедергісіне) енбей-ақ 
әсер көрсетеді; тасымалдауы, сақталуы қолайлы. 
Кемшіліктері: технологиялық процестің қиындығы; суппозиторий 
дайындауға қолданылатын көмекші заттарды, негізінде олардың жергілікті 
немесе жалпы әсері бойынша таңдап алу қиындығы. 
Суппозиторийлерге қойылатын талаптар: 
- тік 
ішектің сфинктерінің кедергісінен оңай өтуі үшін бөлме 
температурасында жеткілікті түрде қатты болуы керек; 
- суппозиторийлердің балқу температурасы дене температурасынан жоғары 
болмауы керек;
- суппозиторийлердің балқуы немесе еруі белгілі уақыт ішінде, препараттың 
белгілі фармакологиялық әсеріне байланысты 3-15 минутта жүруі керек; 
- суппозиторий балқығаннан кейін түзілген сұйықтық, ағза сұйықтығымен 
араласуы керек, осы мақсатта суппозиторийлік массаға ББЗ қосылады; 
- суппозиторийлер дәрілік затты оңай босатуы және кілегей қабатта 
тітіркендіргіш әсер көрсетпеуі керек; 
- жақсы сақталуы, яғни тұрақты болуы керек. 
Суппозиторий – күрделі дәрілік түр, әсер етуші зат - дәрілік заттан және 
көмекші зат - негізден тұрады.
Суппозиторийлік негіздер арнайы талаптарға сай болуы керек: 
- негіздер дене температурасында балқуы немесе еруі; 
- бөлме температурасында қатты болуы;
- фармакологиялық индифференті болуы; 
- химиялық индифференті, яғни дәрілік заттармен химиялық байланысқа 
түспеуі; 
- дәрілік заттармен сыйымды болуы; 


332 
- қатты күйден сұйық күйге тез ауысуы; 
- деформациялану уақыты 3 тен 15 минутқа дейінгі аралықта болуы; 
- сыртқы факторлардың (ауа, жарық, ылғал, микроорганизмдер) әсеріне 
тұрақты болуы. 
Қазіргі кезде суппозиторийлер дайындау үшін негіздердің үлкен 
ассортименті қолданылады, олар физика-химиялық қасиеттері бойынша 
ерекшеленеді.
Фармацевтикалық тәжірибеде қолдалынатын суппозиторий негіздері 2 
топқа бөлінеді: гидрофобты және гидрофильді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет