Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет28/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша талаптар ҚР ДС ӘД 
министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 262 «Дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау 


34 
қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының және «Дәріханалық ұйымдарда 
фармацевтикалық өндірістерде өртке қауіпті және қопарылғыш қасиеттері 
бар дәрілік құралдармен жұмыс істеу және сақтау ережелері» бұйрығының 
талаптарын орындаумен іске асырылады.
Дәрілік препараттар дайындаудың технологиялық процесін 
нормалау. Дәрілік препараттар дайындаудың технологиялық процесін 
нормалау дәрілік препараттар технологиясы сатыларының реттілігінің 
сақталуы, сатылы бақылау, орамдау және безендіру ережелерін орындау, 
дайын өнімнің сапасын бақылау, техника қауіпсіздігі шараларын орындау 
бойынша талаптарды құрайды. 
Сатылы бақылау мен технология ережелерін сақтау технологиялық 
процестің барлық сатыларында орындалады. 
Дәрілік препараттарды дайындаудың технологиялық процесі бірнеше 
сатыдан тұрады. Барлық дәрілік түрлер үшін бірінші саты – бөлмені, 
қосымша материалдарды, қондырғыларды, орамдау құралдарын, дәрілік және 
қосымша заттарды дайындаудан тұратын жұмыстар. Дайындық жұмыстары 
бекітілген және күшіне енген бұйрық нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Сонан 
соң дәрілік түрдің ерекшелігіне байланысты әр сатысын бақылау арқылы 
технологиялық процестің сатылары жүзеге асырылады. Технологиялық 
процесс дәрілік препаратты орамдаумен, безендірумен және оның сапасын 
бақылаумен аяқталады. 
Төменде технологиялық процесс сатыларын нормалайтын бұйрықтар 
тізімі көрсетілген: 
Сатылы бақылау
Орамдау және 
безендіру 
Дайын өнімнің 
сапасын бақылау 
Техника 
қауіпсіздігі
ҚР МФ, ФМ, УФМ 
19.03.2015 ж. № 232
16.01.12 ж. № 60 
16.04.2015 ж. 
№ 232
28.05.2015 ж.
№ 405
24.04.2015 ж. 
№ 262 
Көптеген дәрілік түрлерді дайындау бойынша негізгі ережелер 
Мемлекеттік фармакопеяның жалпы және жеке мақалаларымен нормаланады. 
Сонымен қатар, сәйкес бұйрықтар мен нұсқаулар жетекшілікке алынады, 
мысалы, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік 
препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау» 
қағидаларын бекіту туралы Қаулысымен, дәріханаларда сұйық дәрілік 
препараттарды дайындау ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығымен 
регламенттеледі.
Барлық дәрілік түрлер үшін ортақ болып табылатын технологиялық 
процестің аяқталу сатысы – дайын өнімді орамдау және безендіру. Барлық 
дәрілік препараттарды олардың агрегаттық күйіне және белгіленуіне 
байланысты 
медициналық 
қолдануға 
рұқсат 
етілген 
орамдау 
материалдарымен орамдайды. Қатты дәрілік препараттар – қораптарда, 
пакеттерде, құтыларда; сұйық дәрілік препараттар – флакондарда; жағар 
майлар – банкаларда, кейде тубаларда босатылады. Дәрілік препараттарды 


35 
сыртқы факторлардың әсерінен қорғайтын ораманы препаратты қолдану 
тәсіліне, құрамындағы ингредиенттердің қасиетіне байланысты таңдайды. 
Жарыққа сезімтал дәрілік түрлерді қызғылт сары түсті флакондарда немесе 
банкаларда босатады. 
Дәріханаларда 
дайындалатын 
дәрілерді 
безендірудің 
біріккен 
ережелеріне сәйкес (ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық 
техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы) барлық дәрілік 
препараттар қолдану тәсіліне байланысты белгілі үлгідегі этикеткалармен 
безендіріледі: «Ішуге», «Сырт тәнге», «Шаншуға арналған», «Көзге арналған 
дәрілік түр». Этикеткалардың әртүрлі сигналдық түстері болады: жасыл - 
ішуге арналған, сары - сыртқа қолдануға арналған, қызғылт - көзге арналған, 
көк - шаншуға арналған дәрілік түрлер үшін. Барлық этикеткаларда келесі 
белгілер болады: медицина эмблемасы, дәріхана басқармасының атауы, 
дәріхана нөмірі, рецепт нөмірі, науқастың аты-жөні, дәрінің қолдану тәсілі 
белгіленеді, дәрілік препараттың дайындалған күні, дайындаған фармацевт 
қолы және бағасы, сонымен қатар, «Балалардан сақта» деген ескертпе 
этикетка 
көрсетіледі. 
Шаншуға 
арналған 
дәрілік 
препараттар 
этикеткаларында олардың құрамы жазылады. 
Жеке дайындалатын препараттар үшін дәрінің түріне және белгіленуіне 
сәйкес «Ұнтақтар», «Микстура», «Тамшы», «Жағар май, «Көз тамшысы», 
«Көз жағар майы» этикеткаларымен жабдықталады. Барлық этикеткаларда 
берілген дәрілік түрге сәйкес ескерту жазулары көрсетіледі. Микстуралар 
үшін - «Салқын және қараңғы жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа». 
Ішуге арналған тамшылар үшін - «Қараңғы жерде сақта». Жағар майлар, көз 
тамшылары және көз жағар майлары үшін - «Салқын және қараңғы жерде 
сақта». Егер кейбір дәрілік түрлер үшін этикеткалар болмаса, (мысалы, 
пилюлялар, суппозиторийлер, линименттер, сыртқа қолдануға арналған 
сұйық дәрілік түрлер үшін) онда дәрілік препараттар «Ішуге» (пилюлялар 
үшін), «Сырт тәнге»(линименттер, суппозиторийлер үшін) этикеткаларымен 
безендіріледі және дәрілік түрдің ерекшелігіне байланысты қажетті ескерту 
белгілері көрсетіледі. Ескерту белгілеріне келесілер: «Қараңғы жерде сақта», 
«Салқын жерде сақта» және «Қолданар алдында шайқа» жатады. 
Құрамында улы, есірткі және оларға теңестірілген дәрілік құралдар бар 
дәрілік түрлер сүргіленіп, «Абайлап қолдан» деген ескерту жазбасымен 
безендіріледі. Рецепт дәріханада есеп үшін қалдырылып, науқасқа сигнатура 
беріледі (ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы,
ҚР ДСМ 01.11.96 ж. № 481бұйрығы). 
Дәріханаішілік 
дайындамалар 
түрінде 
дайындалатын 
дәрілік 
препараттарды безендіруге арналған этикеткаларды толтыру жалпы 
ережелерге сай жүргізіледі, айырмашылығы оларда рецепт нөмірі, науқастың 
аты-жөні көрсетілмейді, тек дайындама сериясы және дайындалған күні 
көрсетіледі. 


36 
Дәрілік препараттар өндірісінде дайын өнімнің сапасын бақылау 
нормаланады және ол Мемлекеттік фармакопея бойынша дәрілік түрлерге 
қойылатын талаптарға негізделеді. 
Мемлекеттік фармакопеяда дәріханада дайындалатын жеке дәрілік 
түрлер сапасын бағалау бойынша қарапайым сәйкес әдістер аз болғандықтан, 
ескерту шаралары маңызды орын алады. Оның бірі - технологиялық процесті 
сатылы бақылау. Сатылы бақылаудан басқа, дайын дәрілік препаратты 
бақылау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Ол келесі нормативтік құжаттар 
талаптарына сәйкес орындалады: Фармакопеялар және ҚР Үкіметінің 2012 
жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық 
мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы 
нұсқауында ерітінділер концентрациясы және көлеміндегі, ұнтақтар мен 
жағар майлар салмағындағы жіберілетін ауытқулар келтірілген. ҚР ДС ӘД 
министрінің 2015 жылғы 28 мамыррдағы № 405 «Дайындалған дәрілік 
препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 
бұйрығының дәрілік препараттар сапасын бақылау бойынша нұсқауында 
дәрілік препараттар сапасын жоғарылатуға ықпал ететін келесі шаралар 
қарастырылған: бақылау паспортын тексеру, бақылаудың ауызша, 
органолептикалық, физикалық, химиялық түрлері, ескерту шаралары. 
Бұйрықта, 
сонымен 
бірге, 
дәріханаларда 
дайындалатын 
дәрілік 
препараттардың сақтау мерзімдері анықталған. 
Сонымен, барлық дәрілік препараттардың сапасын бағалау келесі 
сатылардан тұрады: 
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет