460
Есептеу:
1. әдісі. 1) 20(%)г- 100 мл
2)
1 ампулада - 2 г
х г - 10 мл
х ампула – 40 г
х = 20х10 : 100
х = 1х40: 2
х = 2 г
х =20 ампулы
2 әдісі
1) 20 г – 100 мл
2) 1 ампулада – 10 мл
40г - х мл
х ампула - 200 мл
х = 40х100: 20
х =1х200: 10
х =200 мл
х = 20 ампула
Стерилдеу. Стерилдеу микроорганизмдерді
және олардың спораларын
өлтіру үшін қолданылады. Стерилдеу тәсілін таңдау стерилденетін заттардың
қасиеттеріне байланысты.
Дәріні асептикалық жолмен даярлау: еріткішті, құралдар мен ыдысты
бөлек стерилдейді, дәрілік заттарды
асептика жолымен өлшеп, оларды
стерилденген еріткіш құйылған ыдыста ерітеді немесе стерилденген негізбен
араластырады.
Тазалап жуғаннан кейін ыдысты алдын ала тұз қышқылының 2 % жылы
ертіндісімен жуып, бейтарап реакцияға дейін сумен шаяды, сонан соң
кептіріп стерилдейді.
Металдан
жасалған құралдарды, шөлмек пен фарфорды: жалынмен
күйдіру, кептіргіш шкафта 160-170°С 1 сағат бойы қыздыру, 30 минут бойы
суда қайнату, автоклавта ½ -1
ат қысымымен, немесе су буымен 110-120°-та
15-20 минут бойы қыздыру тәсілдерінің біреуімен стерилдейді.
Стерилденген сұйықтар құйылатын ыдысты тығындармен бірге екінші
тәсіл бойынша, ал қабық пен резинадан жасалған тығындарды соңғы тәсіл
бойынша стерилдейді.
Каучукті қыздырғанда өзгермейтін дәрілік
заттардың ертінділіері
немесе олардың ертінділерін және құрамында ұщқыш заттар кездесетін
ертінділерді мықтап жабылған ыдыста 100°С бір сағат бойы ½ -1
ат
қысымымен су буында 110- 120°С 15-20 минут бойы стерилдеуге болады.
Мақтаны, дәкені, лигатурлық жібекті кетгутсіз және сүзгіш қағазды
автоклавта ½ -1
ат қысымымен су буында 110-120°С 15-20 минут бойы
қыздырып стерилдейді.
Жоғары температураға шыдайтын ұнтақтарды кептіргіш шкафта 160-
170°С 1 сағат бойы стерилдейді.
Стерилдеу
нәтижесінде езінділердің, жағар майлардың және
пасталардың біркелкі қалпы бұзылатын болса, тек еріткіштерді немесе
олардың негіздерін ғана стерилдейді, ал дәрілік форманы (жағар май, паста,
суспензия) асептика жолымен даярланады.
Ертінділерді стерилдеу жұмысын ауасы таза бөлмеде жүргізу керек.
Бұл
жұмысты
орындайтын
адамдар
қолдарын
сабындап
жуып,
461
дезинфекцияланатын ертінділердің біреуімен зарарсыздандыруы және жұмыс
уақытында стерилденген халат және шлем киіп басы мен бетінің көзден басқа
жерлерінің бәрін жабуы керек. Стерилденген ертінділер даярлау үшін
қолданылатын ыдыстар мен аппараттарды да стерилденген болуы керек.
Егер қыздырған кезде тез ыдырайтын заттардан стерилденген форманы
шұғыл
жасау керек болса, онда препаратты асептика жолымен 0,5% фенол
немесе 0,3% трикрезол қосып немесе хлорэтонның қанық ертіндісіне
араластырып даярлайды. Сонан соң флаконға немесе мықтап тығындалған
ыдысқа құйылған формаларды салқын суға салып 80°С дейін қыздырып, осы
температурада 30 минут бойы ұстау керек.
Мұндай стерилдеу тәсілін кез келген
малдәрігерлік дәріхана су
моншасында немесе кастрюлде қайнату жолымен іске асыра алады;
қайнатқан кезде сынбау үшін түбіне мақта салу керек.
Достарыңызбен бөлісу: