Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет341/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ректалды дәрілік түрлер отандық ветеринарлық практикада едәуір 
қолданыс таппаған, бірақ терапевтикалық мақсатта ректалды енгізу тәсілі 
перспективті 
және 
бірқатар 
жағдайларда, 
жеммен, 
сұйықтықпен 
тағайындалатын ветеринарлық дәрілік түрлерге қарағанда, мақсатты болып 
табылады. 
Ветеринарлық 
клизмалар 
және 
суппозиториялар, 
фармацевтикалық практикада дайындалатын дәрілік түрлерден көлемі және 
геометриялық өлшемі бойынша ерекшеленеді. Тазартуға арналған клизмалар 
үшін медициналық практикада қолданылатын әртүрлі дәрілік заттар 
қолданылады. Дәрілік клизмалардың көлемі ірі жануарлар үшін 100–200 мл, 
ал ұсақ жануарлар үшін 10–30 мл. Суппозиторийлердің көлемі 0,5 – 7,0 г 
дейін және одан да жоғары болады. Әдетте негіз ретінде какао майы 
қолданылады. Кейінгі кездерде синтетикалық негіздер колданылады, әртүрлі
жасанды майлы, майтәріздес заттардың қоспалары және балқыламалары: 
ГХМ 7Т – мақта майының 7% Т-2 эмульгатормен гидрогенизаты; ГПЯ 5Т – 
пальмоядер майының 5% Т-2 эмульгатормен гидрогенизаты; ГПМ:ПМ (2:1) 
3Т – күнбағыс майының гидрогенизаты мен күнбағыс майының 2:1 
қатынасының 3% Т-2 эмульгатормен қоспасы; МЦ 5 % ерітіндісі. 
Rp.: Ichthyoli 0,5 
Butyroli q.s., ut fiat suppositorium 
Da tales doses № 6 
Signa. Итке тікішегіне 1 суппозитриядан 2 рет 
енгізуге 


464 
Rp.: Jodoformii subtilissimi 0,5 
Massae gelatinosae q.s.,
ut fiat bacillus longitudine 10 sm et diametro 1 sm 
Da tales doses № 4 
Signa. Жылқыға 1 таяқшадан күніне 2 рет несеп 
жолына енгізуге 
Пилюлялар: жылқылар үшін 2,0—6,0 г, иттерге 0,1—0,5 г, мысықтарға 
0,1—0,3 г мөлшерде және түйіршіктер құстарға 0,05—0,1 г мөлшерде 
белгіленеді. Пилюлялар жиі майда жануарларға (иттерге және мысықтарға), 
сирек 
ірі 
жануарларға 
тағайындалады, 
шошқаларға 
мүлдем 
тағайындалмайды. Көмекші заттардан бидай ұны кеңінен қолданылады. 
Rp.: Foliorum Digitalis pulverati 0,1 
Radicis Althaeae pulverati et 
Sirupi simplicis q.s.,ut fiat pilula 
Da tales doses № 6 
Signa. Итке. Ішуге. 2 пилюляладан күніне 2 рет қабылдауға 
Rp.: Ferri sulfurici oxydulati 0,03 
Boli albae et Glycerini q.s., ut fiat granula 
Da tales doses № 20 
Signa. Тауыққа. Ішуге. 1 түйіршіктен күніне 2 рет 
Иттерге және мысықтарға пилюляларды беру салыстырмалы қарапайым. 
Құстар түйіршіктерді, тарымен араластырып немесе ашық тұмсығына салып, 
жұтады. Болюстар, түйіршіктер және ботқалар тек ветеринарлық практика 
үшін дайындалады.
Салмағы 50 кг торайға келесі құрамдағы пилюляларды дайындау керек: 
Ал: Йодтан
0,0002 
Калий йодынан
0,0005 
Метилурацилдан 
0,005 
Мия тамырының эктрактысынан және ұнтағынан қажетті мөлшерін 
Пилюля түзілгенше араластыр 
Осындай 10 доза босат 
Босат. Белгіле. 1 пилюладан күніне бір рет (Салмағы 50 кг торайға) 
Есептеу жүргізу керек: 
Жануарлар үшін пилюлялар салмағы 0,5 г. 
Жалпы 10 пилюлялар салмағы 0,5 ∙ 10 = 5,0 г 
5,0 г пилюлалар салмағы ішінде дәрілік заттар мөлшері:
йод 0,0002 г ∙ 50 кг ∙ 10 = 0,1 г; калий йодид 0,0005 ∙ 50 ∙ 10 = 0,2 г;
метилурацил 0,005 ∙ 50 ∙ 10 =2,5 г 
Форматүзуші заттар салмағы 5,0 – (0,1+0,2+2,5) = 2,2 г 


465 
Форматүзуші заттардың 1/3 бөлігін мия тамырының қою эктрактысы 
құрайды 2,20 : 3 = 0,73 г, ал мия тамырының ұнтағын 2,2 – 0,73 = 1,47 г. 
Қажет болған жағдайда су қосады. Технологиясы жалпы пилюлялар 
тезнологиясы бойынша жүргізіледі. 
Болюстар (Boli) консистенциясы жұмсақ нан болатын дәрілік түр. Тек 
ішуге қолданылады. Салмағы 0,5 – 50,0 г аралығында. Формасы олардың 
пішініне байланысты. Майда болюстарға шар пішіні, ал үлкендеріне – сопақ, 
жұмыртқа пішіні беріледі. Пилюляларға қарағанда болюстер жұмсақ 
болғандықтан, олар ішек трактісінде жылдам ыдрайды. Болюстердің 
технологиясы пилюлялардың жалпы технологисы бойынша жүргізіледі. 
Болюстер көбінесе жылқыға (салмағы 50,0 г дейін), сирек итке (салмағы 5,0 г 
дейін), қойға, мысыққа, ірі қара малға және басқа жануарларға 
тағайындалады. Болюстарды жануарларға болюсберетінмен береді. Көмекші 
заттар ретінде бидай ұны, мия тамырының ұнтағы, сонымен қатар пилюлялар 
технологиясында қолданылатын, басқа консистентті заттар қолданылады. 
Рецептілерде болюстарды бірнеше тәсілдермен белгілейді: 
а)
Misce, fiat bolus
б)
Misce, fiat massa bolorum 
Da tales doses № 6 
Divide in partes aequales № 6 
в)
Misce, fiant boli № 6 
Бірінші жағдайда дозасы бір болюсқа белгіленеді, оларды 1–2 жазады, себебі 
сақтау кезінде тез қатады, ашыйды. Қорабта немесе пакетте, құтыда 
босатады. 
Rp.: Natrii salicylatis 40,0 
Extracti et pulveris radicis Glycyrrhizae q.s., 
ut fiant boli № 4 
Da. Signa. 2 болюстен күніне 2 рет жылқыға беруге 
Дайындау кезінде жылқыға арналған болюстің максималды салмағы 50,0 г 
екені ескеріледі. Төрт болюстың салмағы 200,0 г болуы керек. Мия 
тамырының экстракты мен ұнтағы максималды мөлшері, 200 – 40 = 160,0 г. 
Тиісті консистенциялы болюстар алу үшін, қою экстрактыны шамамен 1/3 
бөлік, яғни 53,0 және ұнтағын 106,0 г алады. Алдын-ала майдаланған натрий 
салицилатын сондай мөлшерде мия тамырының ұнтағымен араластырып, 53,0 
г мия тамырының қою экстрактысын қосады, содан соң ұнтағын бөлшектеп 
қосып, қажетті консистенциялы масса алынғанша араластырады. Салмағын 
анықтап, теңдей төртке бөліп, тиісті формаға келтіреді. 
Rp.: Foliorum Digitalis pulverati 
Kalii nitratis aa 10,0 
Farinae secalinae 
Malti pulverati 
Aquae purificatae q.s., ut fiant boli № 2 


466 
Consperge pulvere Malti 
Da. Signa. болюстен күніне 2 рет сиырға беруге 
Екі болюстің максималды салмағы 100,0 г. Сонда сұлы ұны мен мия 
тамырының ұнтағын шамамен 30,0 г және керекті мөлшерде су алады. 
Барлығын тиісті консистенциялы масса алынғанша араластырады, содан соң 2 
болюстан бөліп пішін береді және мия тамырының ұнтағымен опалайды. 
Түйіршіктер салмағы 0,05 – 0,1 г дейін болатын шар пішінді дәрілік түр. 
Құстарды емдеуге арналған, оны құстарға жиі тарымен араластырып береді.
Rp.: Ferri sulfurici oxydulati 0,02 
Boli albae et Glycerini q.s.,
ut fiat granula 
Da tales doses № 10 
Signa. 1 түйіршіктен күніне 2 рет тауыққа 
Ақ балшықты 10 түйіршікке, 1 түйіршіктің салмағына сәйкес, 0,5 г – 1,0 г-нан 
алады. Алдын-ала майдаланған темірдің шала тотығын жалпы ереже 
бойынша ақ балшықпен араластырып, содан соң глицеринді тиісті 
концистенциялы масса түзілгенше тамшылатып қосады. Серіппені 
пилюлялық машинаның кескіші көмегімен 10 бөлікке бөледі, шар форма 
береді.
Rp.: Extracti Nucis vomicae 0,25 
Sacchari lactis q.s.,
ut fiat granulae № 50 
Da. Signa. Кептерлерге тарымен бірге 
50 түйіршіктердің минималды салмағы 2,5 г болу керек. Көмекші зат ретінде 
2,0 г сүт қанты мен 0,5 г арабик шайырдан тұратын қоспасы қолданылады.
Құстыратын тамыр экстрактысын сондай мөлшерде дайындалған қоспамен 
келіде араластырады, содан соң қоспаның қалған мөлшерін, тамшылатып 
қант шырыны мен глицериннің (9+1) қоспасын қосады. Екі бөлікке бөліп, 
серіппе дайындайды, әрқайсысын 25-ке бөліп, түйіршіктер пішіндейді.
Егер түйіршіктер құрамына күшті әсер ететін және улы заттар кірмесе, 
оларды дөңгелек тесікті металл елек арқылы өткізу арқылы дайындауға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет