123
г) Орамдау.
Әр дозаны капсулаға орап, 3-тен немесе 5-тен біріктіріп,
қағаз қалтаға немесе картон қорапқа салады.
д) Безендіру. Қорапта «Ұнтақтар», «Ішуге», «Абайлап қолдан» (улы зат
болғандықтан), «Балалардан сақта», «Құрғақ салқын жерде сақта» деген
ескерту этикеткаларымен жабдықталады. Қорапты жіппен байлап сүргілейді.
Рецепті дәріханада есеп үшін қалдырып, науқасқа (рецептінің көшірмесі) ҚР
ДСМ 01.11.96 ж. № 481, 26.01.2015 ж. № 32
бұйрықтары талаптарына сай
сигнатура жазып беріледі.
3-ші кезең. Ұнтақтың сапасын бағалау.
а) Құжаттары талаптарға сай болуы керек: рецепті мен сигнатура дұрыс
жазылған, улы зат атауының асты қызыл қарандашпен сызылған,
барлық
ингредиенттер сыйымды, дозалары аспаған, есептеу дұрыс жүргізілген, бақылау
паспорты дұрыс жазылған.
б) Безендірілуі ҚР ДСМ 01.11.96 ж. № 481, 16.04.2015 ж. бұйрықтары
талаптарына сай жүргізіледі. Негізгі және ескертпе этикеткалармен,
сигнатурамен жабдықталған. Дәрілік түр сургіленген.
в) Орамдалуы. Ингредиенттердің
қасиеттеріне сай, жеке дозалар ұқыпты
орамдалған, аударған кезде ұнтақ төгілмейді.
г) Ұнтақ құрғақ капсулаға жабыспайды, сусымалы.
д) Ақ түсті, тәттілеу ащы дәмді, иіссіз.
е) 25 см қашықтықтан жәй көзбен қараған кезде ұнтақталмаған бөлшектер
көрінбейді.
ж) Ұнтақ салмағының ауытқуы ҚР Үкіметінің 16.01.2012 ж. №60
бұйрығының 1 қосымшасына сай бір ұнтақ салмағы 0,11 г-нан 0,3 г аралығында
болса, ауытқу мөлшері + 10%.
0,27 - 100
x - 10 x = 0,027 г
0,27 - 0,027 = 0,243 г
0,27 + 0,027 = 0,297 г
з) Ұнтақ барлық көрсеткіштері бойынша талаптарға сай. Науқасқа дайын
дәріні және рецепт көшірмесін босатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: