Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет101/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

процесі 


158 
Біртіндеп су дипольдері қатты фазадағы Na
+
және Cl- иондарының 
арасына, оларды кристалдардан үзе отырып, енеді. 
Су басқа еріткіштермен салыстырғанда жоғары полярлықпен 
(диэлектрлік тұрақтылық мәні ең жоғары) сипатталады. Осы қасиетіне 
байланысты, су көптеген полярлы қосылыстардың торының бұзылуына 
тікелей әсер көрсетеді.
Затты еріткенде жылудың сіңірілуі немесе бөлінуі жүреді. Жылудың 
сіңірілуі энергияның жұмсалуын көрсетеді. 
Ол, қатты затты сұйық затқа алмастырғанда немесе кристалдық торды 
бұзу үшін, міндетті түрде энергия жұмсалатындығымен түсіндіріледі. 
Мысалы, Na
+
және Cl
-
иондары натрий хлоридінің еруіне дейін, айналмалы 
және тербелмелі қозғалыста болатын кристалдық тор түйіндерінде бекітіледі. 
Еріген соң иондар ерітінді ішінде салыстырмалы қозғалуға мүмкіндік алады, 
ол оның кинетикалық энергиясының жоғарылауын қажет етеді. Кинетикалық 
энергияның жоғарылауы, еріткіштен жылу түрінде энергияны алу арқылы 
жүреді, соның әсерінен ерітінді салқындайды. Кристалдық тор неғұрлым 
берік болса, соғұрлым ерітіндінің температурасы төмендейді. 
Затты еріткенде жылудың бөлінуі сольватацияның белсенді жүруін, яғни, 
еритін зат пен еріткіш арасында қосылыс түзілгенін көрсетеді. Мысалы, 
аммоний хлоридін еріткенде ерітінді жылынады, бұл кезде бөлінетін жылу, 
кристалдық тордың бұзылуына жұмсалатын жылудан көп мөлшерде болады. 
Ерітінділердің біртектілігіне, заттардың еруімен жүретін жылудың 
бөлінуі мен сіңірілуі, еріткен кезде көлемнің өзгеруі - осының бәрі 
ерітінділерді химиялық қосылыстарға жақындатады. 
Көптеген дәрілік заттарды еріткен кезде, олардың молекуласы еріткіш 
молекуласымен байланысып, сольваттар түзеді. 
Сулы ерітінділерде еріткіш пен зат арасындағы қосылыстар гидраттар 
деп аталады. Гидраттар – тұрақсыз қосылыстар, буландырған кезде көбінесе 
ыдырайды. Кейбір жағдайларда гидратты су еріген заттың молекулаларымен 
берік байланыста болады және затты бөліп алған кезде ол кристалдың 
құрамына кіреді. 
Мұндай дәрілік заттарға глюкоза, терпингидрат, магний сульфаты, мыс 
сульфаты, ашудас, кодеин және басқалар жатады. 
Кейбір дәрілік заттар, ерігіштік қасиеті едәуір жоғары болғанымен, баяу 
ериді (мыс сульфаты, бор қышқылы). Осыған ұқсас заттардың еруін 
жылдамдату үшін келесі амалдар: қыздыру, ерітетін затты алдын ала ұнтақтау 
және араластыру қолданылады. Қыздырған кезде кристалдық тордың 
беріктігі төмендейді, диффузия жылдамдығы артады, еріткіштердің 
тұтқырлығы төмендейді. Кейбір жағдайларда температураның жоғарылауы 
жағымсыз әсер көрсетеді: ұшқыш заттар (ментол, камфора және т.б.) жоғалуы 
мүмкін. Ірі кристалды заттарды (ашудас, магний сульфаты, және т.б.) еріткен 
кезде алдын ала ұнтақтауды қажет етеді. 
Күрделі ерітінділерді дайындаған кезде ерітуді, дәрілік заттың ерігіштік 
қасиетінің нашарлауын болдырмау үшін, аз мөлшерде жазылған немесе қиын 
еритін заттан бастайды. 


159 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет