15
XVІІ ғ. алғашқы рет дәрілік заттарды күре тамырға енгізу және қан құю
жасалған. Ғылыми негізделмей, ол көбінесе науқастың өлімімен аяқталған.
1581 ж. Мәскеуде «царева» (патшалық) деген дәрі дайындайтын дәріхана
ашылды, ал 1673 ж. Ресейде алғаш рет халыққа арналған дәріхана ашылды.
XVІІ ғасырдың екінші жартысында құрамында жазылымдары және
тұнбалар, экстрактылар, тұндырмалар, медициналық майлар, жағар майлар,
ұнтақтар және басқа дәрілік түрлер мен препараттарды
дайындау тәсілдері
бар, қолжазбалы фармакопея құрастырылған. XVІІ ғасырдан бізге дейін
жеткен үш «фармакопеялардың» авторларының фамилиялары сақталған:
емдеуші Иван Венедиктов, дәріханашы Данила Гурчин және архиепископ
Афанасий (Алексей Артемьевич Любимов).
Дәріханада күшті әсер етуші заттарды дозалау үшін «таразылар»
қолданған. Өлшеуіш тастар ретінде тиындар, күміс тиындар және арпа
дәндері қолданылған. Тұрмыста дәрілерді уыспен, ожаумен өлшеген.
Кейде
жұмыртқаның немесе грек жаңғағының қабығымен өлшеген.
Суларды, арақтарды, тұнбаларды эликсирлерді, эссенцияларды,
спирттерді және т.б. экстракциялау тәсілімен дайындаған.
Дәрілік суды
дайындау әдісінің бірі, жаңа майдаланған өсімдік шикізатын матамен
байланған ыдысқа салып, үстін
қағазбен жауып, оның үстіне ірі құм сеуіп,
таба қойып, от жаққан. Қыздыру әсерінен шөптен сұйықтық -
дәрілік су
аққан.
Тұнбаны ашық отта қайнатқан. Кейбір сығындыларды бірінші
қыздырусыз немесе жылы пештерде тұндырып, содан соң оларды қайнатқан.
Қайнату уақытын дәл көрсетпеген, тұнбаларды сұйықтықтың үштен бір
бөлігіне дейін қайнатқан.
Медициналық спирттерді («әтір») өсімдік
шикізатын ашыту, майлар мен сөлдерді сығу
жолымен кезегімен айдау
арқылы алған. Майлы тұнбалар алу үшін, өсімдік шикізатын жылы жерде
бірнеше күн бойы маймен тұндырып, содан соң майды құйып алып сүзген.
Достарыңызбен бөлісу: