221
Технологиясы: Құрғақ қоңыр түсті босататын құтыға алдын-ала өлшенген
0,05 г салицил қышқылын және 0,05 г фенилсалицилатты салады. Құтыны
таразыда тарирлеп, 10,0 г өсімдік майын өлшейді. Тығындап, су моншасында
дәрілік заттар толық ерігенше қыздырады. Толық еріген соң, суытып, босатуға
безендіреді. Негізгі этикетка сары түсті «Сырт тәнге»,
ескерту этикеткасы
«Балалардан сақта».
Люголь ерітіндісін сулы ерітіндіден басқа,
глицеринде де дайындауға
болады.
Rp.:
Іodі 0,05
Kalіі іodіdі 0,3
Glycerіnі 10,0
Mіsce. Da. Sіgna. Тамаққа жағуға
Есептеу: m
ж
= 0,05 + 0,3 + 10,0 = 10,65
Йод тек қана калий йодидінің қаныққан ерітіндісінде жеңіл комплексті тұз
түзе ериді. Сондықтан калий йодидін есептелген судың 5 тамшысында ерітеді:
1 г - 0, 75 мл су
0,3 г - х
х = 0,225 мл х 20 тамшы = 4,5 тамшы су
Б.П.
Kalіі іodіdі 0,3
Aquae purіfіcatae guttas V
Іodі 0,05
Glycerіnі 10,0
m
ж
= 10,35
Достарыңызбен бөлісу: